ОБ шешеді
Не себепті инвесторларға пайыздық мөлшерлемелер динамикасын қадағалау маңызды
Дағдарыс кезінде нарыққа қатысушылар әлемдік орталық банктердің шешімдерін қалтқысыз қадағалайды. Олардың пайыздық мөлшерлемелерді өзгертуі - қаржылық макрожағдайларды басқарудың басты құралдарының бірі.
Ставка қойылды
Реттеуші экономикаға серпін беру үшін негізгі мөлшерлемені азайтады. Осыдан кейін ипотекалық және тұтыну қарыздары, бизнеске берілетін кредиттер арзандайды. Нәтижесінде үй шаруашылығы тауарларды аса белсенді сатып алып, қызметтерді пайдаланады, жылжымайтын мүлік сатып алады, ал корпорациялар бизнесін кеңейтуге мүмкіндік алады.
Тұтынушылық және іскерлік белсенділіктің артуы, жылжымайтын мүлік нарығының жандануы ІЖӨ-нің өсуін жылдамдатады. Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі экономикаға әсерін тигізуі үшін кем дегенде 12 ай қажет болады.
Бірақ ұзақ мерзімді келешекте шектен тыс ынталандыру ақшаның тым жоғары қолжетімділігі мен инфляцияның үдеуіне әкеледі. Реттеуші бұған жауап ретінде экономиканың сермерін ұстап тұру үшін мөлшермелерді арттырады. Ақша, қор және тауар нарықтары жаңа мөлшерлеме деңгейі белгілене салысымен, реттеушінің тиісті шешіміне дейін күні бұрын қаржы жағдайының өзгеруіне қарай әрекет етеді. Бұл жағдайда нарықты оның қатысушыларының болжамдары басқарады. Өйткені есептік мөлшерлеме — бұл қарыз ақшаның құнын реттеудің негізгіқұралы, оның өзгеруі бірінші кезекте облигациялар нарығына әсер етеді. Мөлшерлемені арттырған кезде қарыз қағаздардың табыстылығы өседі, ал олардың құны төмендейді.
Нәтижесінде бұл құралдар аса тәуекелді активтерге қарағанда инвестициялар үшін тартымдырақ болады.
Акциялар нарығы мөлшерлеменің артуына баға белгілеудің құлдырауымен жауап береді. Кредиттеудің қымбаттауы корпоративтік табыстар мен ақша ағындарын азайтып, оған қоса дивидендтер төлеу мүмкіндіктерін нашарлата отырып, қарыз жүктемесін ұлғайтады. Оның салдарынан бизнеске инвестициялардың болжалды табыстылығы төмендеп, қор нарығының тартымдылығы кемиді, ал инвесторлар облигациялар мен пайыздары аса жоғары салымдардың пайдасына таңдау жасайды.
Ставка енді жоқ
Дегенмен қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің көтерілуі, әдетте, акциялардың қайта өсе бастауымен қатар жүргенімен ол қор нарығында трендтер жасайтын жалғыз фактор емес.
Атап айтқанда, негізгі индикатордың көтерілуінің соңғы бес циклі ішінде S&P 500 индексі орта есеппен мөлшерлеменің алғаш және соңғы көтерілуі арасында 30% қосты.
Алайда нарықтың қозғалысы елеулі дәрежеде шынайы экономикалық жағдайға, қаржы және халықаралық жағдайларға және компаниялардың табыстылығына байланысты. Америкалық реттеуші ФРЖ ағымдағы экономикалық жағдайларға қарай тұтынушылар мен бизнестің орнын ескере отырып, экономикаға келеңсіз әсерді болдырмау үшін монетарлық саясатты өзгертеді. Кез келген орталық банктің мақсаты секілді Федералдық резервтің мақсаты инфляция мен валюта бағамдарын бақылау ғана емес, сонымен бірге қаржы тұрақтылығын қолдау. Ұзақ мерзімді келешекте бұл экономиика мен қор нарығы үшін қолайлы нәтижеге әкеледі.