January 11, 2023

«Болашақ - дербестендірілген функционалдық тағамның дамуында»

«Сколково» қорының биомедициналық технологиялар кластерінің «ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша акселарациялау жөніндегі директоры Наталья Крашенинник ауыл шаруашылығы мен тағам индустриясындағы заманауи трендтер жайында

Дереккөз: «Сколково» қоры

Наталья, қордың агробиотехнологиялық бағытының өзгешелігі неде?

Қордың миссиясы екі векторды қамтиды. Оның біріншісі — ауыл шаруашылығындағы ғылыми-технологиялық стартаптарды қолдау. Аграрлық бағыттың ерекшелігі — табиғи циклдарға мықтап байлануы. Жорамалдардың дұрыстығын немесе өнім сапасын тек вегетациялық кезеңде, әдетте көктемнен күзге дейін тексеруге болады. Қыста стартаптар технологияларды тексереді, өз идеяларын іске асыра алатын алаңдар іздейді. Бірақ мұнда қиындық туындайды, өйткені агрохолдингтер стартаптарды өндіріс алқаптары мен фермаларға кіргізуге үнемі дайын бола бермейді. Бұл ретте командалар өз идеяларын қалай да іске асырып, дәлелді базасын жинақтаулары қажет, бұл олар үшін үлкен кедергі.

Біздің команда өзгелермен бірге іріктелген стартаптарды қадағалап, қолдау көрсетеді. Бәлкім, бұл қажырлы еңбек пен ұзақ жұмысты, ғылымды қажет ететін күрделі бағыт болуы мүмкін. Бұл мүлдем инвестициялық сегмент емес, сұрыпты немесе буданды жасап шығаруға әрі кетсе бес-сегіз жыл кетеді. Инвесторлар сонша уақыт күткілері келмейді, сондықтан да РФ-ғы жекеменшік селекциялық-тұқым өсіру компаниялары мүлдем жете қаржыландырылмаған. «Сколково» — ресейлік селекциялық жобаларға елеулі гранттық қолдау көрсететін жалғыз қор. Қазір кластерде негізгі сегіз инновациялық басымдық бойынша 160-қа жуық агробиотех-стартап бар.

Жұмыстың екінші бағыты — тәуелсіз кәсіби пікірге ие болғысы келетін біздің серіктестеріміз бен клиенттерімізге арналған коммерциялық бағдарламалар. Халықаралық кеңесшілер нарықтан кеткен кезде, біз елдің ішінде арнайы мамандандырылған сараптама және консалтинг бойынша құзыретті орталыққа айналдық.

Дереккөз: shutterstock.com

Қазір Ресейдің аргарлық саласы қандай күйде?

2014 жылдан бері күрт өсу кезеңі байқалады. Ресей фермерлері ішкі нарықты байытты және қазір жекелеген өнім түрлерінің экспортын арттырып келеді.

Алайда қиындық әкелетін сәттер де болады. Отандық ауыл шаруашылығының өндірушілері көптен бері Ресейге маусымдық импорттық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткізілімдеріне реттеу енгізуді сұрап отыр, өйткені біз өнімнің өзіндік құны бойынша мәселен, Польшамен немесе Қытаймен бәсекелесе алмаймыз, біздегі еңбек ресурстары негізінде қымбат тұрады. Сонымен бірге маркетинг бойынша да бәсекелесу мүлдем мүмкін емес, өйткені шетелдік компаниялар айтарлықтай басқыншы құралдарды дәстүрлі түрде пайдаланады.

Ретейлермен өзара іс-қимыл — бөлек әңгіме. Фермерлер өнімді оның өткеру нарығын түсінген кезде өсіреді. Ешкім де «құр» есептілік үшін қандай да бір тауар өндіріп, оған қоса елімізде қоймалар тапшылығы жағдайында тауарын өзіндік құнынан төмен сатпайды. Біздің құнарлы жерлердің мүмкіндігі орасан зор. Қазір өндірісті екі еселеп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту толықтай жүзеге асады, өйткені егістік айналымына қараусыз жерлерді енгізудің бүкіл технологиялары мәлім. Егер ретейл отандық фермерлердің өнімдерін сатып алуға дайын болса, өндіріс те дамитын болады.

Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы индустриясы қолайлы әрі қолжетімді кредиттердің тапшылығы жағдайында жұмыс істей береді. Көпшілігі мемлекеттің субсидиялар түріндегі елеулі қолдауына ие болып, жұмыс істейді. Кредиттік өнімдердің жоқтығы, өкінішке қарай, саланың дамуын тежейді.

Сіз АӨК мен азық-түлік өнімдерін өндіру саласында қандай трендтерді атай аласыз?

Олар бірнешеу.

  • Біріншіден, автоматтандыру және роботтандыру. Қол еңбегі өте қымбат, сондықтан да адамдарды әр кезеңде өндірістік процестерге қатыстыруды қысқарту үшін шешімдерді белсенді түрде енгізу жүріп жатыр.
  • Екіншіден,мен нейрожелілер мен жасанды интеллектіні ендіруді атаған болар едім. Цифрлық технологиялар барлық операциялық процестерді: жануарларды азықтандыруды, ауыстыруды бақылауды, дән себу мен жинауды және т.т. талдау және басқару үшін пайдаланылады.
  • Үшіншіден, бұл – биологияландыру. Мұнда медицинамен қатар жүргізуге болады: антибиотикті пайдаланбаcақ, көбіміз аман қалмайтын еді, бірақ бәрібір оларды негізсіз жаппай қолдану — зиян. Ауыл шаруашылығында да дәл осылай. Қазір зиянкестермен күрестің биологиялық әдістері, сондай-ақ жалпы алғанда өндірісті биологияландыру тренді байқалады.
  • Соңында, функционалдық және дербестендірілген тамақтану трендін еске салуға болады. Қазір тағам өнімдері ассортименті тек балалар, емдік және спорттық тағам болып бөлінеді, бірақ тағам индустриясының мамандары, диетологтар мен нутрициологтар да нақты адамның қажеттілігі мен ерекшеліктеріне қарай дербестендірілген өнімдер жинағын зерттейді және әзірлейді. Спортшыларға бір тағам, ал емізуші аналарға басқасы қажет. Келешек дербестендірілген функционалдық тағамның дамуында.

Сіз «саналы тұтыну» терминінен не түсінесіз?

Мен үшінмына сөз тіркестері қағида: «Мен өмір сүру үшін ішіп-жеймін, бірақ ішіп-жеу үшін өмір сүрмеймін». Өмірлік міндеттер тиісінше тағам құралдарының жиынтығын да айқындайды. Физикалық және эмоционалдық жүктемелерге астың құрамын түзету есебінен де дайындалуға болады және ол қажет. Мәселен, емтихан тапсыруға немесе жарысқа қатысуға дайындалып жатсыз ба, соған лайықты асты таңдаңыз. Тағам индустриясының міндеті — бізге осындай қолжетімді әрі қауіпсіз нұсқаларды ұсыну. Түрлі мамандықтар мен алуан қызмет түрлері бар және олардың бәріне өз өнімдер жинағы қажет. Мұндай тәсіл жануарларды тамақтандыру индустриясына ертеден-ақ ендірілген: әртүрлі тұқымдас жануарлар үшін, белсенді немесе қартайған жануарлар үшін арнаулы рациондар әзірленген. Адамдарға арнап рацион әзірлегенде негізінде осындай дербестендірілген тәсіл қолданылуы тиіс, ал бұл үшін сапалы ауыл шаруашылығы өнімдері бізде бар.

Дереккөз: shutterstock.com