Бос уақыт – инвестиция ретінде
Қызығушылықтар мен әсерлер экономикасы қалай жұмыс істейді?
Ақша мен бос уақыт екі түрлі әлем сияқты көрінуі мүмкін. Біріншісі – бірінші кезекте есеп, стратегия және жұмыс, екіншісі шабыттануға, кенеттен қимылдауға, бостандыққа жақын. Бірақ, бағымызға қарай, біз кәсіби қызмет пен демалыс арасындағы шекараны жоюға болатын тамаша әлемде өмір сүріп жатырмыз. Оның үстіне, адамдардың жұмыс тыс уақытын қалай өткізетінін қаржылық жағдайы анықтайды.
Спортпен тұрақты айналысу, шығармашылық, саяхат немесе оқу — бұл өзіңе салынған инвестиция. Олар күйіп кетуден қорғайды, дүниетаным мен әлеуметтік байланыстарды кеңейтеді. Дәл демалыс кезінде басымызда жарқын бизнес-идеялар туындап, мансаптық жоспарларды жасаймыз.
Freedom Broker компаниясында инвестиция курстарынан кейін штатқа келген қызметкерлер бар. Бұл адамдар бастапқыда қор нарығына қызығушылық танытты. Бос уақыттарында олар біздің холдингтің бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Тақырыпты тереңірек түсіну нәтижесінде биржалық талдаумен және кәсіби негізде саудамен айналысу ниеті пайда болды. Міне, осылайша біздің бұрынғы студенттеріміз өздеріне ұнаған компанияны жұмыс орнына айналдырды.
Табысқа деген құштарлықтан
Тимур Турлов АҚШ нарығындағы трейдинг туралы өте тартымды әңгімелегені үшін бір кездері үлкен брокерлік компаниядағы шағын стартапқа басымдық бердім. Иинвестициялық портфельді қалай басқаруды үйренгім келді. Ең басында Freedom-ға жұмысқа кіргенде үлкен табыс табуды немесе компанияның ірі холдинг болуын көздеуді ойламаған едім. Менің қатты қызығушылығым болды.
Тағы бір мысал. Бәлкім, рунеттегі спорт туралы ең көп қаралатын сайт – sports.ru. Оның табысы көбінесе иелері осы ресурста тақырыптық блогтар жүргізуді қалайтындардың барлығына бұрыннан мүмкіндік бергендіктен. Оларды жасаушылардың көпшілігі кәсіби журналистерге айналды, себебі баскетбол, Формула-1 немесе футбол туралы айту – олардың құштарлығы. Аудиторияның кеңеюіне байланысты редакция танымал авторлармен ынтымақтасуға қызығушылық танытып, кешегі әуесқой блогер өз мәтіндерімен ақша таба бастады.
Сүйікті ісін кәсіпке айналдыруға көптеген адамдар ұмтылуда. Фотосуретке, аспаздыққа, тігуге, блогингке, дизайнға, ойындарға немесе йогаға деген қызығушылық толыққанды табыс көзіне айналуда. Әлеуметтік платформалар кез келген дағдыны монетизациялауға мүмкіндік береді, демек хобби қаржылық еркіндік үшін стратегиялық опцияға айналады.
Әсерлер экономикасы
Бос уақыт саласы – инвестор үшін қызықты әрі пайдалы үлкен нарық. Әлем бойынша адамдар саяхат, спорт, онлайн курстар, ойындар, стримингтер, үй жануарлары, кемпинг және тағы басқаларға триллиондаған доллар жұмсайды. Бұл шығыстардың үлесі өсуде. Қызығушылықпен байланысты бизнестің барлық аталған бағыттарын дамытудың кепілі - бұл адамның ақшаны заттарға емес, эмоцияларға, әсерлерге, өзінің білімін жетілдіруге жұмсауға деген ұмтылысы барған сайын айқын болып келеді.
Осы сегменттерде жұмыс істейтін компаниялар тұтыну мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, тұтас салалардың даму векторын да белгілейді. Біз стримингтік сервистер, outdoor-брендтер, авиатасымалдаушылар, қонақ үй желілері, білім беру платформалары мен бағбандар үшін тауар өндірушілер акцияларының өсуін қадағалап отырамыз. Тіпті йога немесе дөңгелекті үйге арналған қосымшалар сияқты нүктелік бағыттар да талдаушылардың назарында болады. Бос уақыт – іс жүзіндегі әсер экономикасы.
Егер сіз инвестор болмасаңыз да, «Қаржыгер» нөмірінің материалдары сіз үшін қызықты болады. Біз бюджеттер мен баға белгілеулер туралы ғана емес, әр қайсымыз ең құнды активтерді – өз уақытымызды қалай жұмсайтынымыз туралы да айтып отырмыз. Және біз демалыс уақытында қабылдайтын шешімдер кейде өмірімізді жақсы жаққа қарай түбегейлі өзгертеді.
Бос уақыт – біздің құндылықтарымыздың айнасы. Сонымен қатар – экономиканың болашағына арналған терезе. Журналдың жаңа нөмірімен сіз уақытты қызықты өткізетініңізге сенімдімін.