Қымбат уақыт
Қаржылық табыс – тек қана жұмыс, инвестициялар мен жинақтаулар ғана емес. Ол адамдардың демала да білуі туралы. Біз бос уақытты шығын аймағы деп есептеуге ғана үйренгенбіз. Егер, оған басқаша көзқараспен қарасақ ше, мәселен өмір сапасына салым ретінде?
Жаз – демалысты жарқын әсерлерге толтыру үшін тамаша уақыт. Адамға тек денені ғана емес, миды да тынықтыру қажет. Адам үнемі белсенді бола алмайды.
Жаз уақыты – жаңа нәрселерді жасап көруге - бір нәрсе үйренуге, ортаны өзгертуге және энергия алуға ең қолайлы маусым. Бұл номерде біз ойын-сауық, хобби және саяхаттар тек көңілге қуаныш пен рахат қана сыйламай, жаңа білім, пайдалы таныстықтар, дағдылар, кейде қосымша табыс әкелетіні туралы айтамыз.
Демалысқа қанша қаржы қажет болады? Әр елде адамдар демалысқа қанша қаржы жұмсайтынын есептедік; ол туралы біздің «Демалысқа миллиардтар» атты инфографикамыздан көруге болады. Белгілі болғандай, американдықтар ойын-сауықты жақсы біледі, олардың шығындары басқа елдердің тұрғындарының шығынан бірнеше есе артық.
Бүгінгі таңда демалыс үшін нені таңдайды? Әрине, саяхат. Демалу дәістері өте көп. 2024 жылы халықаралық әуе рейстері саны 13,6%-ға артты. Круизбен демалыс танымал бола бастады: осы салада жұмыс істейтін компаниялар тапсырыстар санының көптігі туралы хабарлауда. Еркін қозғалыс пен тәуелсіздікті бағалайтын адамдар автоүйлермен өз беттерінше саяхаттауды жөн көреді. Басқа да экзотикалық саяхат нұсқалары бар, мәселен ғарышқа туристтік ұшулар бүгінгі таңда тек санаулы адамға ғана қол жетімді: бағасы $200 мың доллардан басталады.
Саяхаттау біздің қалағанымыздай көп бола бермейді, ал үйде демалу өмірдің тұрақты бөлігі болып қалады. Кітаптар, кино және сериалдар бұрынғыдай күнделікті бос уақытымызда алатын орны ерекше болуы тегін емес. Біз Қазақстандағы ірі онлайн кинотеатрдың іске қосылуы сияқты беделді жоба туралы әңгімелеп берген Freedom Media өкілімен сөйлестік.
Экранның ар жағында – өздерінің сценарийлері: денсаулық, спорт және ішкі трансформациялар туралы. Өмірдің қарқынды ырғағы мен стресстің жоғарғы деңгейі денені үнемі жақсы күйде ұстауды және қалпына келтіру тәсілдерін іздеуді талап етеді. 30 жастан асқандар арасында триатлон кеңінен танымал болуда. Біз инфографикада осы спорт түрімен айналысудың қанша тұратынын көрсеттік (спойлер: арзан емес). Фитнес - жай жаттығу ғана емес, сандық сервистері, онлайн-бағдарламалары, киім мен гаджеттердің өсіп келе жатқан нарығы бар индустрия.
Ойын-сауық, стриминг, фитнес, онлайн оқулар – бұл тек демалыс қана емес, бизнес болып табылады. Осы саланың компаниялары қор нарығында бар әрі олар өздеріне аудиторияның қызығушылығымен бірге өсуде. Кейде біз күнделікті өмірде қызыққан нәрселер – жахандық инвестициялық трендтердің бір бөлігі болып табылады.
Номердің соңына қарай – жеке тарих. Актер Аскар Ильясов түсірілімдер мен демалыс арасында қалай тепе-теңдік сақтайтыны туралы әңгімелеп берді. Ол үшін не маңызды, ол шабытты қайдан алады және қандай құндылықтарды басты деп санайды. Сұхбат шынайы болды, әрі көпшілікке жақын деп үміттенеміз.