Хендмейд - стратегия ретінде
Хобби -ді қалай табысты бизнеске айналдыруға болады
Қолөнермен айналысу, сурет салу, аспаздық эксперименттер – өзін-өзі танудың, күнделікті дағдыдан алшақтаудың және стрессті жеңудің тамаша тәсілі. Бұдан басқа, көптеген адамдар өз дарындарын монетизациялауды және шығармашылықпен табыс табуды үйренді.
Шеберлер алаңы
Қолөнер бұйымдарын онлайн сатуға арналған ең танымал халықаралық базарлардың бірі – Etsy (ETSY). Бұл тұғырнамада әлем бойынша 7,5 млн сатушы мен 95 млн сатып алушы бар. Шеберлер мұнда зергерлік бұйымдар, ойыншықтар, декор, киім-кешек сатады. Etsy лоттарды орналастырғаны үшін комиссия (әр сатудан шамамен 6,5%) мен ақы алады. Бизнес-модель тұрақты: компанияның түсімі 2024 жылы 2023 жылғы деңгейге қарағанда 2,2% -ға өсіп, $2,8 млрд. құрады
Etsy ірі бәсекелесі – eBay (EBAY). Бұл жерде ұсыныс әлдеқайда көп, қолдан жасалған бұйымдардың сан түрлері бар. Бұл алаңда әлем бойынша 134 млн-ға жуық белсенді сатып алушы бар. Шеберлер eBay-ді жаһандық нарыққа шығу үшін, әсіресе Etsy-дің тар мамандығына сәйкес келмейтін тауарларды пайдаланады. eBay-дің негізгі табысын да комиссия құрайды (сатудан шамамен 10-12%). Екі платформадағы табыс өнімнің сапасына да, оны бере білуіне де байланысты. Бірегей дизайн бағаланады, өнімнің фотопрезентациясы және ол туралы пікірлер үлкен мәнге ие. Бұл шарттарды сақтау шеберлерге жылына мыңдаған өнімдерін Etsy және eBay арқылы сатуға және өздерінің хоббилерін табысты бизнеске айналдыруға мүмкіндік береді.
Монетизация фотосуретке, дизайнға және музыкаға әуес интернет пайдаланушылар үшін де қолжетімді. Ірі Shutterstock (SSTK) фотобанкінде 1 миллионнан астам автор және 450 миллионнан астам сурет бар. Компанияның бизнес-моделі жазылуға және контентті лицензиялауға негізделген. Фотограф немесе иллюстратор өз жұмысын сайтқа жүктейді және әрбір ақылы жүктеу үшін роялти алады. Талантты әуесқойлар үшін бұл тұрақты пассивті кіріске ие болу мүмкіндігі, өйткені сәтті сурет немесе арт бірнеше рет сатып ала алады. Танымал фотобанктер (Shutterstock, Adobe Stock және басқалар) авторларға сатылымның 15-40%-ын төлейді.
Австралиялық Canva графикалық дизайн платформасы миллиондаған пайдаланушыларды біріктіреді. Бұл ресурста шаблондар базары жасалған, ал кез келген адам платформа ішінде өзі жасаған презентацияларды, иконкаларды, стикерлерді сата алады. Үлгіні Canva Pro жазылушысы сатып алған немесе пайдаланған сайын, оның авторы сыйақы алады. Осылайша, суретші немесе беттеуші жаһандық аудиториямен байланысқа шыға алады. Canva мен фотобанктер цифрлық шығармашылықтың басты артықшылығын – оның ауқымдылығын көрсетеді.
Әлеуметтік желілер хобби экожүйесінде ерекше рөл атқарады. 550 миллионнан астам аудиториясы бар Pinterest (PINS) қолөнершілер үшін идеялардың мегакаталогына айналды. Пайдаланушылар мұнда өз жұмыстарын көрсетеді, жазылушыларды жинайды, олардың кейбіреулері сатып алушылар санатына өтеді. Pinterest жарнама арқылы монетизацияланады, ал оның жаратушылар үшін құндылығы тегін ілгерілету болып табылады. Сіздің тауарыңызбен бір вирустық пин сіздің интернет-дүкеніңізге көптеген сатып алушыларды әкелуі мүмкін. Instagram және Pinterest сияқты алаңдар шеберлердің витриналарының орнын алмастырды: мыңжылдықтардың 80% -ға жуығы олардың бұйымдарын онлайн сатып алады.
300 мыңнан астам креатор Patreon қолданады. 2013 жылдан бастап олар платформадан $8 млрд астам табыс тапты
Егер Pinterest креативті идеяларды ұсынып, трафикті қамтамасыз ететін болса, ал Patreon жазылушылардан тікелей қаржылық қолдау алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда платформада 8 миллионнан астам патрон (демеушілер) және жүздеген мың музыканттар, суретшілер, подкасттар бар. Patreon қолөнершілері үшін де ашық: мысалы, керамика шебері абоненттерге эксклюзивті видео процестерді, жеңілдіктерді, жабық ағындарды ұсына алады. Жазылушылар (мысалы, айына $5) төлейді, автордың тауарлары сатылса да сатылмаса да тұрақты табысқа ие бола алады. Шағын, бірақ сенімді аудиториясы бар авторларды краудфандинг үлгісі құтқарады.
Творческий капитал
Көптеген шеберлердің интернеттегі саудадан түсетін табыстары салыстырмалы түрде аз. Etsy-де пайдаланушылардың 50% айына $500 дейін табады және тек шамамен 14% $1000-нан астам алады. Пайдаланушылардың көпшілігі үшін платформа негізгі бизнеске қарағанда қосымша табыс көзі болып табылады. Мұның себептерінің арасында процестің ұзақтығы мен еңбек сыйымдылығы бар. Көптеген бұйымдарды сапасын жоғалтпай қолмен жасау оңай жұмыс емес. Оның үстіне түсімнің едәуір бөлігі материалдарға, құралдарға, алаңдарға комиссиялық аударымдарға арналған шығыстарды жабуға жұмсалады.
Хендмейд-тауарлардың әлемдік нарығы 2024 жылы $906,8 млрд жетті. 2033 жылы ол орташа жылдық өсу қарқыны 8,83% болғанда $1,94 трлн дейін өседі
Шығармашылықпен нан табу үшін даму жолдарын іздеу керек. Оның бірден бір жол - өнімнің құны мен құндылығын брендтің сапасы мен бірегейлігін арттыру арқылы ұлғайту. Баламалы тәсіл – бұл міндеттерді табыстау: Etsy-дегі ең табысты сатушылардың шамамен бестен бір бөлігі өз бизнесін кеңейту үшін серіктестер мен мердігерлерді тартады. Тағы бір тәсіл хобби айналасында табыс көздерін құруды көздейді. Мысалы, ақылы шеберлік дәрістерін, сабақтарды өткізуге, шығармашылық үшін үлгілер немесе жиынтықтар сатуға болады. Бірнеше табыс ағынын біріктіре отырып, шеберлер анағұрлым тұрақты табысқа шыға алады.
Қазір қандай хобби арқылы ақша табуға мүкіндіктер бар?
- Хендмейд-сәні және декор.Айрықша әшекейлер, аксессуарлар, қолдан жасалған интерьер заттары біз атап өткен базарларда тұрақты жоғары сұранысқа ие. Сатып алушыларды осы заттардың бірегейлігі қызықтырады. Экологиялық және этикалық тренд те маңызды рөл атқарады. Мысалы, қайта өңделген материалдардан жасалған бижутерия немесе upcycling техникасындағы декор танымал.
- Сандық шығармашылық. Иллюстрацияларды, графикалық дизайнды, фотосуреттер мен бейнероликтерді жасау ағынды платформалар мен фрилансерде табыс табуға зор мүмкіндіктер ашады. Аниме стиліндегі визуалды шешімдер немесе фан-арт туындылары ерекше сұранысқа ие. Тапсырыс берушілер презентациялар үшін инфографика мен үлгілер жасауды тұрақты түрде сұрайды. Онлайн-бизнес пен блогингтің дамуына байланысты сапалы визуалды контентке қажеттілік ұдайы артып келеді.
- Контент өндірісі. Блог, YouTube арнасы немесе сіздің хоббіңіз туралы әлеуметтік желілердегі парақшалар – табыс табудың тағы бір жолы. Мысалы, қолөнершілер көпшілікке шеберлік сыныптарының бейнесін ұсынады, аспазшылар аспаздық рецептілерімен және түрлі тағамдарды дайындау құпияларымен бөліседі, ал бағбандар өсімдіктерді өсіру жөнінде кеңестер береді. Монетизация жарнама, демеушілік интеграциялар немесе өз тауарлары мен қызметтерін сату есебінен жүргізіледі. Бұл ұдайы контентті генерациялауды талап етсе де, табысты блогерлер өз саласындағы сарапшы мен медиаменеджердің рөлін тиімді сабақтастырады.
Жаса, ойлап тап, байы!
Хобби мен бизнестің басты айырмашылығы - міндеттемелердің болмауы. Шығармашылықпен адам шабыт ашылған кезде уақыты мен қалауына қарай айналысады. Оны табыс көзіне айналдыру үшін тәртіп пен клиентке бағытталған тәсіл қажет. Міне, осы жолдағы төрт негізгі қадам.
- Сұранысты зерттеу. Қызмет ауқымын кеңейтпес бұрын, әлеуетті клиенттер сіздің өніміңіз үшін төлеуге дайын екендігін түсіну маңызды. Маркетингтік зерттеуді таныс ортада, тақырыптық жәрмеңкелерде немесе шағын базарларда жүргізуге болады. Егер бұйымдар қолдау тауып, ал клиенттер сапаға қанағаттанса – бұл нарықтық әлеуеттің белгісі.
- Онлайн ортада болу. Қазіргі тұтынушылар өздеріне қажет нәрсенің бәрін интернеттен іздейді. Сатып алушыңызбен кездесу үшін сіз Etsy, eBay немесе Shutterstock сияқты хобби платформасында профильді аккаунт ашуыңыз керек. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде немесе дербес сайтта портфолио құру ұсынылады. Бұл сенімді арттырып, клиенттермен қарым-қатынасты жеңілдетеді.
- Қаржылық негізі.Келесі кезең – өзіндік құнын есептеу, баға саясатын қалыптастыру және базалық есепке алу. Материалдардың құнын ғана емес, өнімді жасауға жұмсалған уақытты да ескеру, сондай-ақ соңғы бағаға салық шығындарын қосу маңызды: сіздің бизнесіңіз заңды болуы тиіс ғой.
- Дамыту және ауқымын кеңейту. Хоббиді табысты кәсіпорынға айналдыру үшін оған бренд ретінде қарау керек. Аты, фирмалық стилі, орау және клиенттік қызмет тұрақты аудиторияны қалыптастырады. Маркетинг саласындағы қосымша білім сіздің бәсекеге қабілеттілігіңізді арттырады. Ресурстарды сауатты бөлу маңызды: уақыттың бір бөлігі – шығармашылыққа, бір бөлігі – бизнесті дамытуға арналған.
Өзіне инвестициялау
Хоббиді монетизациялауда сүйікті ісімен айналысатындар табысты болып келеді. Хендмейд нарығы көптеген мүмкіндіктер ұсынады, хоббиден бизнеске көшу үшін көп уақыт қажет. Өзіңнің қолыңнан шыққан бұйымнан, өз ісіңнен ләззат алу - ең басты ынталандыратын нәрсе.
Шығармашылық пен кәсіпкерліктің басын тең ұстау шағын істі қаржылай тұрақты жобаға айналдыруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде сіз өз дағдыларыңызды тек ақшаға айналдырып қана қоймай, шығармашылық капиталыңызға уақыт арнай отырып, шын мәнінде ұнайтын нәрселеріңізбен айналысуға еркіндік аласыз.