June 27

«Менің басты инвестициям – отбасым»

Актер өзінің өмірлік қағидаттарымен бөлісіп, алдына қойған мақсаттары мен өзіне басымдық берген инвестициялары туралы әңгімелеп берді

Фото: Рита Смирнова. Образдар: LEMAN ASTANA

Сіздің кәсіби жолыңызды таңдауда қандай адамдар мен оқиғалар шешуші рөл атқарды?

Бұл жолда маған қолдау көрсеткен үш әйел адам бар. Ол - менің анам. Анам екеуміз үш-төрт жасымнан бастап ертегілерде ойнайтын едік. Ол кезде бастауыш сынып мұғалімі ретінде маған сөзге деген сүйіспеншілікті ұялатты.

Содан кейін – Астанадағы Оқушылар сарайының жанындағы «Современник» театрының көркемдік жетекшісі - Наталья Владимировна Смецкая. Және де біздің курстың көркемдік жетекшісі, маған мамандық сыйлаған адам – Валентина Петровна Николаенко.

Бүгінгі таңда сізді қандай қойылымдар қызықтырады?

Мен сценарийді көрермендердің қабылдауы тұрғысынан бағалаймын: оны көру маған ұнай ма? Сүреңсіз оқиғалар мені қызықтырмайды. Теңдестік, махаббат туралы жарқын өмірлік сюжеттер, армандар, биік нәрселер туралы айтқым келеді.

Актерлік мамандықтың қыр-сырымен бөліссеңіз. Кейіпкеріңізді қалай сезінесіз?

Бұл процесс үнемі өзгеріп отырады. Қазір мені Юнгтың архетиптері мен типологиясына негізделген теория - соционика қызықтырады. Актерлік мамандықта ол кейіпкердің түрін, оның мотивациясын оңай түсінуге көмектеседі. Әрине, әрдайым сүйенетін негіз бар, ол - рөлмен жұмыс істеу, кейіпкер мен оның тарихын талдау. Бәрі де осыдан басталады.

Мен өзімнің сүйікті ісіммен айналысқандықтан, ағзам да оған ризашылықпен жауап береді: көптеген сезімдер, ішкі еркіндік, өзгеру мүмкіндігі пайда болады. Әрбір жаңа кейіпкер өзге қырынын көрініп, алдыңғылардан ерекшеленеді. Өмірден қорықпаған кезде қиын сәттерді бастан кешіп, жарықты бағалайсың, яғни сен өзгересің. Демек, рөлде бұрынғыдай бола алмайсың, себебі сен өзің өзгердің.

Рольдеріңіздің ішіндегі ең қиыны қай роль болды?

Көлік апатына түсіп, аяғын жоғалтып алған шаңғышы Александр Колядиннің тарихы туралы «Паралимпиец» деген фильм түсірдік. Ол кейіпкер 2018 жылы Оңтүстік Кореядағы Паралимпиада ойындарында алтын ұтып алған адам. Сол картинаны сомдау мен үшін ең күрделісі болды деп айтсам болады. Одан бері төрт жыл өтті, мен жаңа шыңдарды бағындыруға дайынмын!

Қазір қысқа формат пен клиптік ойлау трендте, Сіз қалай ойлайсыз, кинолар мен сериалдардың болашағы қандай болмақ?

Тік сериалдар* қатты сұранысқа ие болуда. Бұл үрдіс мені алаңдатады, бірақ мен оған ештеңе істей алмаймын және сол жүйенің бір бөлігі болуым мүмкін. Мүмкін, бір күні сіз мені осындай форматта көресіз.

Айтпақшы, сценарийлер де көрермендердің назарын ұстап тұру үшін қызықты әрі мазмұнды оқиғаларға айналуда. Сондай қанық болғандықтан, олар онша шындыққа жанаспайтын сияқты болып келеді.

Орындауды армандап жүрген рөліңіз, кейіпкеріңіз бар ма?

Ол қазірше құпия болсын. Бұйырса, сол болған кезде не туралы екенін түсінетін боласыз.

Денеңізді қалай сақтайсыз? Қандай да бір тренингтерге қатысасыз ба?

Жақында рөлге дайындалып жатқанда музыканттармен сөйлестім. Кейбіреулер аккордеонмен күніне бірнеше сағат өткізуіне тура келеді. Шынымды айтсам, мен солай шыдай алмас едім, сондықтан басқа жолды таңдадым. Актерлік тренингтерге келетін болсақ, олар шамамен екі жылда бір рет өткізіледі. Сол кезде мен Мәскеуге келіп, жақсы ұстазбен білімімді шыңдаймын.

Жалпы, мен үшін тренинг ол - өмірдің өзі. Ол шынайы болуға, ойыңды ашық айтудан қорықпауға және адам ретінде, тұлға ретінде өсуге мүмкіндік. Бұл адамдардың психологиясын тереңірек түсінуге көмектеседі. Бұл менің басты құралым. Менің «аккордеоным» – менің психикам мен денем.

Дене бітімін жақсы қалыпта сақтау үшін бимен (бачата, контемппен), спорттың әр түрімен айналысамын. Жарты жыл жүземін, содан кейін тенниске көшемін. Маған денемнің бір сарынға үйренбеуі, дамуы үшін үнемі жаңа бір нәрсе керек.

Әрине, рухани өсуді де ұмытпау керек. Менің ойымша, осы үш нәрсені - руханият, діл және дене саулығын үнемі қоректендіру қажет. Егер мен осы салалардың әрқайсысына жеткілікті уақыт пен күш бөлетін болсам, онда бәрі де мансапта да, жеке өмірде де сәтті болады. Бұл менің ұстанымым.

Сізге белсенді демалыс ұнай ма?

Соншалықты емес. Мен жақында Алтайда болдым, алты күндік ашығу курсынан өттім. Содан кейін бес күн одан шықтым. Ол да демалыс, организмді тазарту және сауалдарға жаңа жауап беру. Белсенді және бесенді емес демалысты алмастыруға тырысамын. Ол қажетті нәрсе, әйипесе спорттық демалыстың қызығы болмай қалады.

Бұндай сынақтан өтуге сізді не итермеледі? Жаңа түйсіктер ме әлде өзін-өзі тану ма?

Мен Нью-Йоркте, Манхэттенде бір ай болдым, ал онда тым шулы. Алда маңызды жоба болғандықтан, маған үнсіздік пен тыныштық қажет болды. Мен ол үшін Алтайды таңдадым, ол жерде мен ешқашан болған емеспін әрі көптен бері барғым келген.

Есіме анамның кезінде он күн аштық диетасын ұстағаны түсті. Сондай-ақ емдік ашығу медициналық орталықтары туралы актерлардың әңгімелерін естігенім бар. Сол маған қажет нәрсе болып көрінді: артық нәрседен арылу, ағзаны тазарту, «құрғау». Және бәрі ойымдағыдай болды: Манхэттеннен тікелей тауға тарттым. Бұл бір керемет қарама-қайшылық болды десем болады. Өзімді керемет сезініп, жаңа жобаға дайын болдым. Алтай менің жаттығу лагерім болды. Осы тәжірибені - ағзаны, ми мен денені дайындауды енді маңызды жобалардың алдында қайталап тұруға тырысамын.

Сізде бір актерлық бейнеден екінші бейнеге ауысуға көмектесетін хобби бар ма?

Бәлкім, саяхат болар. Алысқа бару міндетті емес. Бір апта музыкант досымның ауылы Қызылордла облысы Шиеліде болдым. Вот я был неделю в ауле Шиели Кызылординской области, у моего друга-музыканта. Бұл да өзіңді жинақтауға көмектеседі, өйткені мүлдем жаңа орта, қарапайым өмір сүру мүмкіндігі дегендей. Қазақ тілінде сөйлеуге машықтандым. Ортаны ауыстыру өте маңызды. Мәскеуде «Нөлдік пациент» фильмінің түсірілімінің ортасында менде бірнеше бос күндер пайда болғаны есіме түсті. Теңіздің ауасын жұту үшін қысқы Сочиге аттандым. Одан Туланың маңындағы Толстой тұрған Ясная Полянаға баруға мүмкіндік туды. Екі-үш күн өзіңді жинақтап алуға жетеді. Шаршаған жерден саяхатқа кетіп қалсаң, жаңарып қайтатын боласың. Әрі табиғатқа жақын болған сайын, одан алатын пайда да көп.

Айналысып көргіңіз келетін қандай да бір жұмыс түрі бар ма?

Мен спортты жақсы көремін, менің көргім келетін нәрсе көп... Мәселен, серфинг. Өзіме жазды ешқандай спирттік ішімдіксіз, коктейль, вейп, кофесіз өткізуді мақсат еттім. Егер солай жасай алсам, міндетті түрде өзіме сыйлық жасап, серф-лагерьге барамын және осы спорт түрінен алғашқы қадам жасап көрмекпін.

Немесе, шет тілін меңгерумен айналысқым келеді. Мысалы, Нью-Йоркте тіл үйрену курсына қатыстым. Оны толыққанды демалыс деп айтуға келмес. Керісінше, бұл қарқынды тіл үйрену: түске дейін сабақтар, содан кейін тілдік ортаға ену дегендей.

Цигунды меңгерсем керемет болар еді. Бұл қытайдың сауықтыру жүйесі болып табылады. Мықты тәжірибе. Оған баяу қозғалысты гимнастика, тыныс алу жаттығулары және т.б. кіреді. Егер мүмкіндік болса, осы оқу-жаттығудың отанында, Қытайда айналысу өте жақсы болар еді. Жалпы алғанда, әлі көп нәрсені үйренуге деген үлкен құштарлық бар.

Әрине, қаржы тақырыбын қозғамай кете алмаймыз. Қаржы бойынша қандай кеңес ең маңызды деп санайсыз және өзіңіз соны ұстанасыз?

Кеңестер көп болғанымен, оларды орындау оңай емес. Мәселен, шығынды есептеп отыру – негізгі нәрсе болса да, мен оны бір ақ жасай алдым. Биткоин, криптовалютамен жұмыс істеп көрдім, бірақ ол табысты болмады. Ең сенімді нұсқалардың бірі – депозит және көне де сенімді тәжірибе ол валютаға айырбастап, сейфте сақтау. Менің ата-анам, бауырларым бар, жұмсайтын жер табылады. Менің басты инвестициям – отбасым.

Сіз мақсатты түрде ұстанатын қаржылық мақсаттарыңыз бар ма?

Әрине: жұмсағаннан артық табыс табу қажет. Әдеттегідей, мен өзім бұған жақында ғана келдім. Жылжымайтын мүлік, көлік сатып алу жоспарлары бар – әзірге аса қажеттілік жоқ. Қазір мен үнемі қозғалыстамын. Бәлкім, отбасы пайда болған кезде оның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге деген табиғи ниет пайда болады. Сол кезде бәрі соған бейімделетін болады.

Қазақстанда қайда демалғыңыз келеді?

Қазақстанның шығысында жабайы демалыс ұйымдастыруға болады. Алтай маған өшпес әсер қалдырды, бірақ мен оның Белуха тауы орналасқан шығыс бөлігіне барған жоқпын. Дегенмен, бұл біздің еліміздегі ең тамаша орындардың бірі екеніне сенімдімін. Ақтау да қызықты. Алматының таулары керемет. Біздің елде сұлулық тұнып тұр, бірақ біз қолда барды бағаламаймыз.

Қор нарығына инвестиция салу жөнінде тәжірибеңіз бар ма?

Менің қаржылық сауаттылығым – тас дәуіріндегідей. Нарық – қызықты тақырып, бірақ оны өз мойнына алатын сауатты маман қажет. Мен оны белсенді іздемедім, бірақ сұраныс туындауда. Өзгеріс жасайтын кез келді. Бәлкім, бәрі «Финансисттен» басталады.