«Біз трендке ермейміз – оны өзіміз жасаймыз»
VENU негізін қалаушысы, тірі концерт алаңдарының операторы Джей Рот серіктестік қалай құрылатыны, икемді билет деген не және ашық аспан астындағы шоудың тартымдылығы неде екенін айтып берді.
Алау маңындағы ложа тұжырымдамасын кім ойлап тапты (FirePitSuites)?
Идея менің ауламда туды. Жақын адамдарымыз үшін үй концерттерін ұйымдастырдық, бізде сахна және тіпті террасаның астында жылыту жүйесі де болды. Ол жер күш-қуат беретін, қарым-қатынас және музыка алаңына айналды. Менде неліктен бұл сезімді басқа әлемге бермеске деген ой туындады?
VENUFireSuites-ке қаржы салу мүмкіндігін ұсынады. Ондай қаржыландыру үлгісі қалай пайда болды және оның ерекшелігі неде?
Институционалдық инвесторларға ғана сүйенудің орнына, біз FireSuites жобасына музыка жанкүйерлерін де үлескер болуға шақырдық. Бұл – фанаттарды серіктеске айналдыру секілді. Енді олар тек шоуға келіп қана қоймай, өздеріне рух беретін кеңістіктің бір бөлігіне иелік етеді. Мұндай тәсіл ерекше байланыс, энергия және қаржылық қатысуды қалыптастырады – бұл классикалық үлгілерде кездесе бермейді.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік үлгісі қалай жұмыс істейді және қалалар үшін қандай көрсеткіштер маңызды?
Біз қалаларды жай ғана орналастыру орны емес, серіктес ретінде қарастырамыз. Муниципалитеттер шығындардың 40% -ын жер беру, салықтық ынталандыру немесе инфрақұрылымдық қолдау арқылы жабады. Қалғандарын FireSuites және жеке капиталды сату есебінен жабамыз. Қалалар жұмыс орындары мен мәдени тартымдылыққа қызығушылық танытуда, біз осының барлығын қамтамасыз етеміз. Бұл тек музыка туралы ғана емес, ол экономиканың дамуы туралы.
Штаттарда 18-19 мың орынға арналған ареналар бар. Олармен қалай бәсекеге түсесіздер?
Біз ареналар жасай алмайтын нәрсені ұсынамыз, ол - жұлдыздар астындағы байлық. Тірі от, ерекше дәмді тағамдар, тамаша акустика және табиғат аясында кез келген уақытта демалу. Ондай нәрсені қаланың ортасындағы бетон қораптарда кез келген уақытта тамашалай алмайсыздар. Біз орын санын ғана емес, әсер мен атмосфераны да сатамыз.
Fire Pit Suites сатылымы 2023 жылы $22 млн-нан 2024 жылы $77,7 млн-ға дейін өсті. Сіздің болжамыңыз бойынша 2025 жылы көрсеткіш $200 млн. асады. Мұндай өсім неге байланысты?
2025 жылдың алғашқы үш айында біз $38 млн. астам сомаға келісімшарт жасастық. Эль-Пасо және басқа да нарықтардың іске қосылуымен біз $200 млн. астам айналымға қол жеткіземіз деген үміттеміз. Бұдан басқа, Sands Investment Group-пен серіктестігіміз инвесторларға үлкен сұранысқа ие 11-12% кірістілікпен жалға беру келісімдерін ұсынуға мүмкіндік береді.
Жанды музыка сәнде. VENUол толқынды қалай пайдаланады?
Адамдар бірігуге және шынайы сезімдерін бөлісуге ұмтылады. Музыка жақындатады. Түрлі көзқарастағы көрермендер қатар отырып, сүйікті әндерін айта алады. Біздің алаңдар осындай сәттерге арналған. Біз трендке ермейміз - оны өзіміз жасаймыз. Luxe FireSuites заманауи көрермендердің қалаған нәрсесін береді: жылы эмоциялар, жайлылық және масштаб.
Онлайн трансляцияларға қызығушылықтың артуын ескере отырып, сіз Amazon немесе Apple сияқты платформалармен ынтымақтастықты жоспарлайсыз ба?
Әрине. Біз қазірдің өзінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Оларға премиум контент керек, ол бізде бар. Стриминг аудитті кеңейтіп, жаңа табыстар әкеледі. Менің мақсатым – жанды дауыспен берілген концертке қатыса алмағандарға онлайн қосылуға мүмкіндік беретін қолайлы билет жасау.
Сізді жазылым бір билет сияқты тұратын сандық платформалармен бәсекелестік алаңдатпайды ма?
Біз сандық технологияларды қолдаймыз. Мысалы, біз бүкіл әлем бойынша көрермендер үшін стрим режимінде өз шоуларымызға қол жеткізуге мүмкіндік іздейміз.
Жеке қаражатты басқару бойынша қандай кеңес берер едіңіз?
Қарыздарға назар аударыңыз. Оларды елемей қоймаңыз. Несиені жылдар бойы құрылып, бір минут ішінде жоғалып бара жатқан бедел ретінде басқарыңыз. Өзіңізге жақын нәрсеге инвестиция салыңыз. Мен үшін бұл музыка, азық-түлік және адамдар. Әрі әрқашан құндылықтарыңыз қай жерде болса, сол жерге қаржы салыңыз.