«Жазушылардың АИ тақырыбына деген қызығушылығы мәңгілік дүние»
Фантаст жазушы Вадим Панов – оның жасанды интеллектке деген көзқарасы және оның әлеуеті туралы
Вадим, «жасанды интеллект» ұғымы туралы не айтасыз?
Ол адам болмаса да онымен сөйлесуге және жауап алуға болады. Менің көзқарасым бойынша, егер біз бір кезде толыққанды жасанды интеллектіні жасауға жететін болсақ, онда оны зат немесе құрылғы деп қарау , былайша айтқанда дұрыс емес. Адам деп айтуға мүлдем келмейді, сондықтан да адам емес, бірақ ақылды биологиялық емес жаратылыс болып табылады. Яғни, ақылды болған соң, сөйлесуге болатын адам деген сөз. Сәйкесінше ЖИ әңгімелесуші деңгейіне жеткен соң, ол жасанды болса да нағыз, толыққанды зерде деңгейіне жетті деген сөз.
Тағы бір сұрақ қойсам, мынандай мәселе болуы мүмкін бе? Әлі күнге дейін ЖИ деп атап жүрген нәрсе бұл қандай да бір күрделілік деңгейінің бағдарламасы болып табылады. Онда түпнұсқадан ойлау, абстрактілі ойлау, шығармашылық қабілеті деген жоқ, олар жасауға емес, компиляцияға бейімді болып келеді. Мен мамандар сол шектеулерді жоя алады деп ойламаймын.
Біздің көзқарасымыз бойынша, жасанды интеллектпен байланысты технологиялар қоғамның өмірін жақсы жаққа өзгерте ма жоқ әлде керісінше бола ма?
Он жылдай бұрын, экономиканы автоматтандыру және комьютерлендіру оған қоса өндіріс пен іс жүргізу - адамзаттың еншісіне шығармашылық бастамаларды ұсынатын немесе шешім қабылдайтын қызмет бағыттарын қалдырады деген теория басым болды. ЖИ дамуы ол қағиданың ескіргенін және нейрожелі кепілді түрде «адамзаттыкі» деп есептейтін салаларда адамдарды алмастыруға қабілетті екендігін көрсетеді. Иа, қазірше ЖИ жаңа нәре жасауға қабілеті жоқ, әрине кез-келген адам ондайға қабілеті жете бермейді ғой. Бірақ, шешім қабылдау нақты алгоритммен анықталған салаларда, яғни тек қана дәлдік пен қырағылық талап етілген жағдайларда ЖИ жұмыс істей алады. Әрі адамдарды сыртқа ығыстыра алады.
Осыдан туындайтын сұрақ: қоғам үшін адамдардың қажетсіз болып қалуы жақсы нәрсе ма? Меніңше, жоқ, жақсы емес.
Соңғы уақытта ЖИ технологияларын пайдаланудың қандай нұсқалары сізді таң қалдыруда?
Менің қиялым өте бай, сондықтан мені таң қалдыру қиынға соғады. Ал егер таң қалу туралы айтатын болсақ, онда әрине ЖИ сот процесстерінде, қарапайым, ұсақ істерде пайдалану. Мен өмірдің кейбір тұстарын соншалықты автоматтандыруға болмайды деп ойлаймын, өйткені, заң деген ол – әріптер ғана емес, адами рух болып табылады.
Сіздің ойыңызша қандай салаларда ЖИ адамды алмастыра алмайды?
Шығармашылық. Шығармашылықпен тікелей байланысты ең белгілі нейрожелілер менің сөзімді растайды. Қазіргі заманғы жасанды интеллект бұрыннан бар нәрседен жаңасын жасай алады, бірақ бұл жаңалық емес, былайша айтқанда – даму. Жасанды интеллект жаратушы емес, әрі ол әлі интеллект емес, басқаша айтқанда – ұандай да бір жетілдірілген құрылғы.
Жасанды интеллектке байланысты фантастика әлеміне енгісі келетіндерге қандай шығармаларыңызды оқуға кеңес бересіз және оның себебі неде?
«Симулятор безумия. Как Четвертая промышленная революция превратит Homo Sapiens в Homo Servus?». Бұл көркем шығарма емес, адамзаттың жақын болашағын зерттеу және оның ішінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуы өркениетке қандай әсер ететінін бағалайтын нон-фикшн.
Неліктен сіздің ойыңызша, AI тақырыбы және оны қолдану ғылыми фантастикадағы (кітаптар, фильмдер) негізгі тақырыптардың біріне айналды?
Себебі интеллект жасанды, шығу тегі бойынша – адам жасаған, бірақ іс жүзінде – бөтен. Егер біз еркін дерексіз ойлау қабілеті бар, яғни ерік бостандығына ие толыққанды AI туралы айтатын болсақ, бұл жағдайда адамзаттың негізгі мәселесі «әкелер мен балалар» жаңа мағынаға ие болады және бірқатар қосымша сұрақтар туындайды. Олардың бірі: «балалар» өркениеттің алдыңғы нұсқасынан құтыла ма? Әкелер мен балалар мәселесі мәңгілік болғандықтан, жазушылардың жасанды интелектке деген қызығушылығы таусылмайды. Қалай болғанда да, ол мәселе толыққанды AI пайда болғанға дейін көтеріле береді.
Жасанды интеллект адамзатқа қандай қиындықтарға көмектесе алады?
Әзірге – ешқандай көмектесе алмайды. Қазіргі уақытта біз AI деп атайтын нәрсе күнделікті, түсінікті мәселелерді шешудің тағы бір құралы ретінде қолданылады, ең жақсы жағдайда адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ең болмағанда – пайда табуға бағытталған.
Негізінде, адамзаттың алдында тұрған қиындықтар қазір ешкімді қызықтырмайды және олардың айналасында болып жатқанның бәрі «сылдырмақпен билеу» немесе тағы да – пайда табу. Шынында да, егер қоқыс аралдарын жою үшін ештеңе жасалмаса, бірақ тек Тынық мұхитында олардың жалпы ауданы екі жарым миллион шақырымнан асатын болса, біз мектепте нашар оқыған Грета қызының белсенділігін байыпты қабылдамаймыз.
Қоршаған ортаның ластануы, тұщы судың жетіспеушілігі, мұхитты, ғарышты зерттеу... менің ойымша, AI бұл туралы тіпті естімеген.
AI қолдануды ескере отырып, 20 жылдан кейін әлем қандай болады? Сіздің ойыңызша, ол біздің өмірімізде нені өзгертеді?
Біз жасанды интеллект туралы айтып отырғандықтан, ол бастапқыда оған енгізілетін негізгі қондырғылар мен алгоритмдерде өсіп, «ақылға ие» болатынын түсіну керек. Және ол қоғамға қандай әсер ететініне байланысты болады. Спектр өте ауқымды: утопияның пайда болуынан бастап сандық концлагерь құруға дейін.
ЖИ адамзат қорқуы керек пе? Оның әлемді жаулап алу сценарий бар ма?
Мен планетаның қазіргі иелерінің данышпан адамзатына сенемін. Олар табанды, ақылды, жігерлі, мүлдем принципсіз және қатаң шешім қабылдаудан қорықпайды. Менің ойымша, жасанды интеллектінің мүмкіндігі жоқ.
Біздің нөміріміз жасанды интеллектке инвестиция салуға арналған. Ақшаға қалай қарайсыз, өзіңіз инвестиция саласыз ба?
Ақша – бұл алдыңғы жауапта айтылған ақылды адамдар өнімге айналдыра алған керемет және қажетті құрал. Қазіргі уақытта ақша тек әскери күшпен күшейтілген белгілі бір конвенция болып табылады, бірақ олар қазіргі экономикалық модельдегі рөлін толығымен жеңеді. Инвестицияға келетін болсақ, мен консервативті көзқарастағы адам болғандықтан, нақты нәрсені қалаймын…
Сіз қазір қандай кітап жазып жатырсыз?
Бұл әзірге құпия. Бірақ мен осы күзде оқырмандарыма мені мүлдем жаңа қырымнан көруге мүмкіндік беретін жаңа кітап ұсынатыныма уәде беремін.