December 10

Куранттар соғылғандағы бизнес 

Рождестволық және жаңа жылдық мерекелер — тек қана жылы кездесулер мен корпоративтік кештер емес. Ол сатып алушыларды дархан жеңілдіктермен қуантатын жаппай сатылым маусымы. Батыста пайда болған «Жасыл жұма» мен кибердүйсенбі жылдың соңғы айларындағы тиімді сатып алуларымен біздің де өімірімізге дендеп ене бастады.

Мерекелік кезең — бизнес үшін, әсіресе ретейлер үшін алтын уақыт болып табылады. Олар «Санта-Клаустың» басты көмекшілері болып табылады. Сауда желілерінің бізді сыйлықтармен және барлық мерекелік атрибуттармен қамтамасыз ете отырып, қанша табыс табатынын есептедік. Нәтижелер таң қаларық: IV тоқсанның көрсеткіштері жыл сайын едәуір артып келеді. Бөлшек сауда және логистикалық компаниялар да қалыспайды. Солардың жұмысының арқасында тапсырыстар дәл уақытында шыршаның астына қойылады.

Инвесторлар сондай-ақ осы маусымда жоғары пайда әкелетін эмитенттердің акцияларын сатып ала отырып, мереке алдындағы сұраныстан табыс таба алады. Сонымен қатар, Санта-Клаус раллиіне қатысуға болады. О туралы біздің журналдан оқи аласыз. Біз осы сәтті қашан пайдалану керектігін, әрі қор нарығының қандай секторлары ең көп өсім көрсетіп отырғанын анықтадық. Айтпақшы, Нью-Йорк биржасы 31 желтоқсанда жұмыс істейді, сондықтан Жаңа жыл қарсаңында акцияларды сатып алу мүмкіндігіңіз бар.

Қаржы әлемінің орталығы — Уолл-стритте өзінің жаңа жылдық дәстүрлері бар. Мысалы, брокерлер Рождество қарсаңында жиналып, көне әнді орындайды. Жаңа жылдан бір ай бұрын Нью-Йорк биржасы ғимаратындағы шыршаның шамдары салтанатты түрде жағылады. Егер сол сәтте қаржылай тілек жасырсақ, олар көбінесе орындалады дейді.

Міне, бізде де нағыз жаңа жылдық ғажайып болды: жасанды интеллект арқылы Санта-Клаустың өзімен әңгімелестік. Оның Уоррен Баффетпен ұқсастығы көп екен!

Алдағы мерекеге орай біздің оқырмандарға сыйлықты Freedom Finance Global сарапшылары дайындады. Олар 2025 жылға арналған перспективалы компаниялардың акцияларынан портфель құрады.

Алайда, әрине ақшаға бәрі тірелмейді. Жаңа жылдық көңіл-күй тудыратын мәдени құндылықтар да мерекелік маусымда сұранысқа ие. Оның жарқын мысалы ретінде — жыл соңындағы Рождество премьераларының кинотеатрлардағы аншлагтармен және І тоқсанда медиакомпаниялардың жоғары қаржылық нәтижелерімен табысы дәлелденген блокбастерлер.

Ең ірі брендтер, тіпті маусымдық емес брендтер де мерекелік көңіл-күйден ақша жасайды. Бұл нөмірде біз Coca-Cola-ның қыста жазғы сусын сатуды қалай арттырғанын, сондай-ақ жабайы құстың қалыптасқан дәстүрлердің арқасында күркетауықтың үй болып, мерекелік мәзірді де өз өндірушілерін қалай байытқанын әңгімеледік.

Жаңа жылда азық-түлік, ойын-сауық пен сыйлықтардан басқа рәміздердің маңызы ерекше. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, оларға да бизнес жасауға болады. Бұл бүгінде бүкіл әлемде даниялық деп аталатын шыршалар ешқашан мұндай болмағанына қарамастан, жаңа жылдық шыршалардың ірі экспорттаушысы бола білген кішкентай Данияның тәжірибесін дәлелдейді (осылай болды, шырша өндірушілер қауымдастығының топ-менеджерінің сұхбатында оқыңыз).

Әзіл-қалжың мен ойын -сауықсыз қандай Жаңа жыл! Осы нөмірдің жұлдызына айналған танымал стендап-комик (әзілкеш) Ғалым Қалиақбаров тамаша мереке туралы өз ойымен бөлісті. Сұхбатта ол бірден үш тұғырдан сөз қозғады: бизнесмен (иә, комедия — бұл бизнес ), отағасы және ісін жаңа бастаған инвестор ретінде. Ол әзілкештердің Жаңа жылды қалай қарсы алатынын, әзілдің қаншалықты интернационалды екенін, мерекелерде қандай әзілдер өтімді екенін, ал 31 желтоқсанда не жайлы әзілдемеу керектігін айтты.

Ықыласпен оқыңыздар!