January 12, 2023

Freedom Holding Corp. немен тыныстауда

Басты оқиғалар дайджесті

FRHC Ресейден кетеді

Freedom Holding Corp. өзінің ресейлік активтерін, «Фридом Қаржы» брокері мен банкін сату туралы шарт жасады. Олардың жаңа иесі Ресейдегі Freedom-ның бастауында болған Максим Повалишин болады. Ұйымдар қайта брендтеу жүргізіп, атауларын «Цифра брокер» және «Цифра банк» деп ауыстырады, олардың да жаңа логотиптері болады. Ресейлік компаниялардың клиенттері өздерінің валюталық активтерін ескі шоттарында қалдыра не болмаса оларды холдингтің кез келген бөлімшесіне аудара алады.


Freedom Finance Global компаниясына Қытай нарығында білікті инвестор мәртебесі берілді

Қытайдың бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы (CSRC) Freedom Finance Global-ға білікті шетел инвесторы мәртебесін (QFI) берді. Бұл компанияға, яғни оның клиенттеріне де жергілікті компаниялардың акцияларынан бастап деривативтерге дейін қытайлық биржалық инструменттердің кең аясымен сауда жасауға мүмкіндік береді.

«Әлемдегі екінші Қытай экономикасы сеніммен дамуын жалғастырып келеді. Жаһандық нарық өзгереді, инвесторлардың назары Шығысқа ауады. Осы трендтер арнасымен жылжи отырып, біз қытайлық капитал нарығына шығамыз. Мен Қытайдың экономикасы мен қаржы нарығын оптимистік келешек күтіп тұрғанына сенімдімін» - деп түсіндіреді Freedom Holding Corp. СЕО Тимур Турлов.


Freedom Holding Corp. Deloitte-ты тәуелсіз аудитор етіп таңдады

Freedom Holding-тің қаржы есептемесінің жыл сайынғы аудитін америкалық бухгалтерлік есеп стандарттары (GAAP) бойынша жүргізу үшін «үлкен төрттік» компанияларының бірі – Deloitte таңдап алынды. Ол бұл қызметте Freedom Holding құрылған сәттен бастап оның нәтижелерін NASDAQ және америкалық ретеуші үшін тексеру жүргізген WSRP бухгалтерлік фирмасын ауыстырды.

Deloitte-те холдингтің «еншілес ұйымдарының» есептерін қаржы есептемесінің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) мен аудиттің халықаралық стандарттары (АХС) бойынша аудиттеу тәжірибесі бар.


Freedom Holding Corp. Астанада еуропалық БАҚ-тар үшін баспасөз турын өткізді

Freedom Holding қазан айында Қазақстанда танымал еуропалық іскерлік басылымдарының, соның ішінде Wirtschaftswoche, Le Monde Sudinfo, La Vanguardia-ның журналистерін қабылдады. Еуропадан келген қонақтарға Қазақстанда жүргізіліп жатқан цифрлық қайта құру, GovTech-тың мүмкіндіктері, сонымен бірге Freedom командасы жасап жатқан бірегей қаржы өнімдері туралы айтып берді. Оларға цифрлық ипотека мен цифрлық автокредитті жатқызуға болады.

Еуропалық журналистер Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен әңгімелесті, «Астана» халықаралық қаржы орталығына, Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық АТ-стартаптар технопаркі Astana Hub-қа, сондай-ақ АХҚО-ның қаржы қызметтерін реттеу комитетіне (AFSA) барды.


Freedom Holding Corp. 2023 ҚЖ І тоқсан қорытындысы бойынша түсімді 55%-ға ұлғайтады

Есепті кезеңде холдингтің түсімі $227 млн-ға жетті, бұл жылдық көрсеткіште 55% өсімге сәйкес келеді. Негізгі драйверлері комиссиялық және пайыздық кірістер болды: олар тиісінше 36%-ға және 96%-ға өсті. Өз акционерлері үшін Freedom Holding Corp. қағазға $0,99 көлемінде пайда тапты, бұл өткен тоқсанның нәтижесінен $0,06-ға жоғары.

Күрделі макроэкономикалық жағдайға қарамастан, инвесторлар FRHC-қа сенуін жалғастыруда, бұл клиенттік базаны 479 мыңға дейін кеңейтуге мүмкіндік берді.


Холдинг Қазақстанда сақтандыру бизнесін кеңейтеді

Осы стратегияның аясында Dostyk Leasing-тен «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы сатып алынды. Мәміле қазақстандық реттеушілердің келісімін алды, бірігу 2022 жылдың соңына дейін аяқталады.

Қолданыстағы шарттар бойынша «Лондон-Алматының» барлық құқықтар мен міндеттері Freedom Finance Insurance-қа өтеді. Біріккен компания қазақстандық жалпы сақтандыру сегментінде меншікті капиталының көлемі жағынан жетінші, ал активтерді көлемі жағынан рэнкингтің бесінші қатарынан орын алады.


Freedom Маңғыстау облысында тұщы судың тапшылығы проблемасын шешуге жәрдемдеседі

Freedom Holding Corp. Ақтау қаласы мен іргелес ауылдардағы 230 мың адамға сапалы ауыз су беретін сорғы станциясы мен су құбырының құрылысына 2,12 млрд теңге бөледі. Маңғыстау облысының әкімдігімен келісімге қол қойылды.

«Біздің қайырымдылық көмегіміз кәсіпкерлер қауымдастығы үшін өзіндік дабыл болады деп үміттенемін. Қазақстанды азаматтар мұқтаждықтары үшін ашық етуге жәрдемдесетін жобаға қатысқанымызға қуаныштымыз», - дейді Freedom Holding Corp СЕО Тимур Турлов.