Электрокар ма әлде жүгері ме
Электрмобильдер АҚШ-тағы ең танымал ауыл шаруашылығы дақылына қауіп төндіре ме
Табиғатты ластаумен күресте автомобиль секторы екпіндеп өзгеруде. Халықаралық энергетикалық агенттік (IEA) есептегендей, өткен жылы америкалықтар 630 мың электрокар сатып алған. Бұл бір жыл бұрғынғыға қарағанда екі есе көп.
Олардың таралуы жанармайдың, әсіресе, биоэтанолдың өндірісі мен тұтынуына әсер етеді. Бұдан әрі біз америкалық ауыл шаруашылығы үшін оның неліктен маңызды екенін әңгімелемекпіз.
Пайдалы қоспа
Аздап теориядан. Этанолды бензинге жанармай жанған кезде көмірқышқыл газдың шығарындыларын азайту үшін қосады. Жанармай құю станцияларында мұндай бензиннің Е әріптік таңбаланымы мен қоспадағы этанолдың пайызын көрсететін сан болады. АҚШ-та жүгері оның кеңінен таралуы және спиртке оңай айналуы себебінен этанол өндірісі үшін негізгі шикізат болып табылады. Сондықтан этанол іштен жану қозғалтқыштары бар автомобильдерде пайдаланылатын биоотынның аса танымал түріне айналды. Жүгері 40-тан астам штатта өсіріледі және АҚШ-тағы ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынатын барлық ақшалай түсімдердің 25%-ға жуығын қамтамасыз етеді. IEA-ның бағалауынша, бүгінде елде сатылатын бүкіл бензиннің 10% жуығында этанол бар, сондықтан электркарлардың дамуы фермерлердің табыстарына келеңсіз әсер етуі мүмкін. Парниктік газдар шығарындыларын 50 пайызға дейін жеткізу әрекетінде президент Джозеф Байден жақында Жарлыққа қол қойды. Оған сай 2030 жылы АҚШ-та сатылатын әр екі машинаның бірі электркар болады. Кейбір штаттардың Үкіметтері одан әріге баруда. Мәселен, Калифорнияда 2035 жылы сатылатын барлық жаңа жолаушылар автомобильдерінде шығарындылар мүлдем болмауы тиіс. АҚШ-та жүгерінің шамамен 35%-ы этанол өндіруге жұмсалатынын ескерсек, автопаркті электрлендіру мерзімдері мен ауқымдарын түсіну фермерлер мен ауыл шаруашылығы жерлеріндегі инвесторлар үшін маңызды. Егер этанолға сұраныс құлдыраған болса, онда елде пайдаланылатын жүгері өсіретін алқаптардың үштен бірі қысқарған болар еді.
Биофлот
Авиация өнеркәсібі көлемі жағынан көлік секторындағы жанармайды екінші тұтынушы болып табылады, ол жылына жанғыш заттың 14 млрд галлонға жуығын жағады. 2021 жылдың қыркүйегінде АҚШ Энергетика министрлігі авиация секторына парниктік газдардың шығарындыларын 50% қысқартып, ғасырдың ортасына қарай толықтай экологиялық таза авиациялық жанғыш затқа (SAF) көшуіне жәрдемдесу үшін «Орнықты авиациялық жанармай» жобасын іске қосты. 2030 жылға аралық мақсат – әдеттегі авиациялық жанармайға араластыру үшін жылына 3 млрд SAF галлонын өндіру, бұл жанғыш заттың осы түрінің нарығының шамамен 20%-ын құрайды. SAF-қа көшкен кезде биомассадан – соядан, канола мен жүгеріден алынатын шикізат біртіндеп көптеп пайдаланылатын болады. Қазірдің өзінде алғашқы нәтижелер бар. United Airlines компаниясы жүгеріден, қызылша мен қант құрағынан алынған 100% SAF-ты пайдаланы отырып, орындалатын коммерциялық рейсті іске қосты.
Тұтастай алғанда авиациялық фактор танымал ауыл шаруашылығы дақылдарына сұраныстың ұлғаюына септігін тигізеді. Өсе түскен тұрғындардың тағам рационын өзгерту және жанармайдың баламалы түрлерін пайдалану фермерлерге тиімді болады.
Осылайша, ауыл шаруашылығы жерлері инвесторлар үшін тұрақты табыстың көзі болып қалады. Биржалық инструменттердің көмегімен мұндай активтерге қалай қаражат салуды 12-13 беттерден оқыңыз.