January 12, 2023

«Тұтынушыларымыздың көбі өнімдердің затбелгісі мен құрамына көңіл бөледі»

«Черкизово» тобы инновациялық талдау орталығының басшысы Рустам Хафизов — компанияның Ресей және халықаралық нарықтағы орны туралы

Дереккөз: «Черкизово» тобының баспасөз қызметі

Рустам, «Черкизово» бизнесі туралы айтып беріңізші.

Біздің топ — Ресейдегі ең ірі ет өндіруші. Біз «Черкизово», «Петелинка», «Пава-Пава», Pit Product брендтерімен жылына бір миллион тоннаға жуық өнімдер сатамыз. Сала көшбасшысы ретінде біздің миссиямыз — түрлі баға категорияларында сапалы ет өнімдерінің кең ассортиментін ұсына отырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

«Черкизово» бизнесі вертикальды біріктірілген үлгімен дамиды. Бізде меншікті жем өндірісі мен өсімдік шаруашылығы, өзіміздің етті қайта өңдеу кәсіпорындарымыз, құс фабрикалары мен шошқа кешендері бар. Осы жылы май сығымдау зауыты іске қосылды, бұл импорттық жем құрамдастарынан тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Вертикальдық біріктіруді нығайту өзіндік құнды, ең аяғы тұтынушы үшін түпкі бағаны төмендетуге мүмкіндік береді.

Біз «Черкизово» өнімдерін шетелде ілгерілетуге тырысамыз және жыл сайын экспортты ұлғайтып келеміз. Негізгі экспорт бағыттары бүгінде Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД және Таяу Шығыс болып отыр. Өнімнің сапасы бізге кез келген нарықтарда бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіндік береді.

Сіздерде тұтынушымен кері байланыс қалай орнатылады?

Біздің брендтеріміздің сайттарында жедел желілердің телефондары көрсетілген, сонымен бірге әлеуметтік желілердегі қатынас жолға қойылған. Жаңа өнімді әзірлеген кезде біз сауалнамалар жүргіземіз: көп сұранысқа ие болу үшін өнімнің қандай болуы керек екенін түсінген маңызды.

Тұтынушы үшін бәсекелестік бүгінде көбінесе инновациялар есебінен ұтысқа жеткізеді. Сапалы өнімді өндіру ғана аздық етеді. Оның пайдалануда ыңайлы болуы әрі басқа тауарлардың арасынан ерекшеленіп тұруы қажет. Бізде өзіміздің R&D басқармамыз бар, ол жаңға рецептуралар жасаумен ғана емес, сондай-ақ ыдысты жаңартумен де шұғылданады. Биылғы жылы біз бөлек ұяшықтары бар вакуумды қаптаманы пайдалана бастадық. Бұл өнімнің сақтау мерзімін ұлғайтады, оған қоса инновациялық пішім еттің қажетті көлемін пайдалануға мүмкіндік береді, ал қалғандарын герметикалық сипатын бұзбай тоңазытқышта сақтаңыз.

Өз салаңыздағы қандай трендтерді атай аласыз?

Басты трендтердің бірі — пайдалануға дайын өнімдердің (Ready To Cook, RTC) танымалдығының арта түсуі. Көптеген сатып алушылар шала фабрикаттарды артық көріп жатады. Біздің сапаны басқару жүйеміз өнімнің тұтынушының үміттеріне жауап беретініне кепілдік береді.

Бұл брендтің өзектілігінің дәлелі біздіңше, ет снектерінің танымалдығының артуы болды.

Тағы бір маңызды аспект — брендтің жайғасымы. Жастар үшін бүгінде тек өнім сапасы ғана емес, сондай-ақ компанияның имиджі, оның әлеуметтік саясаты мен іске асырылатын қоғамдық жобаларының маңызы зор. Біз сатып алушылардың белгілі бір санаты үшін брендті жеке түйсінудің оларды өндірушінің таңдауы анықтайтын өте маңызды шарт екенін көріп жүрміз.

Сіз үшін саналы тұтынудың мәні неде?

«Черкизово» тобы үшін бұл тұжырымдама — орнықты даму стратегиясының (ESG) бір бөлігі. Біз тауарлардың сапасына, өсірілетін жануарлардың амандығына, қоршаған ортаға қамқорлыққа, өндірістің экологиялық процесіне байланысты көптеген аспектілерге тұрақты назар аударымыз.

Компания өндірістік процестерді оңтайландыра отырып, саналы тұтыну қағидаттарына сүйенеді. Мәселен, өткен жылы «Пава-Пава» желісінің өнімдері ішінара қайта өңделген қаптамамен сатыла бастады.