July 10

«Ұзақ өмір сұру — бұл инженерлік міндет»

Биохакер және Biodata медициналық деректерді талдау жобасының негізін қалаушы Станислав Скакун ұзақ өмір сүруге қол жеткізу жолдары туралы

Сурет: Станислав Скакунның жеке мұрағаты

Биохакер ретінде мақсатыңыз қандай?

Мен өзімнің алдыма белсенді ұзақ өмір сұру деген мақсат қойып отырмын. Биохакингке енді ғана қызығушылық таныта бастаған адамда көптеген қиындықтар туындайды, олардың біріншісі — алдағы 25 жылға назар аудару. Егер сіз адамдарды ұзақ өмір сүру идеясымен қызықтыруға тырыссаңыз, ең алдымен олардың бұл бағытқа бармайтынына дайын болуыңыз керек. Мұны стартап жасаушылар ескеруі керек.

Биохакерлер — ұзақ мерзімді перспективада денсаулыққа қандай да бір іс-қимылдардың маңыздылығы мен қауіпсіздігін дәлелдеген зерттеулерді іздеп, өздігінен білім алумен айналысатын энтузиастар. Мұнда да проблема бар: ешкім барлық зерттеулерді оқығанына немесе оларда тәуекелдердің толық көрінісі бар екеніне кепілдік бере алмайды.

Жапонияда 92 мыңнан астам адам 100 жастан асқан — бұл әлемдік рекорд

Мұндай мақсатты қалай формализациялауға болады? Физикалық және психикалық белсенді бола отырып, қалай 100 жылға дейін өмір сүруге болады?

Меніңше, формализациялау визуализациялау сияқты қиын емес. Біздің көз алдымызда 100 жасқа дейін өмір сүрген адамдар аз. Жақында мен әйел туралы сюжетті көрдім, ол соғыс ардагері және жастық шағында гимнаст болған. Қазірдің өзінде 90 жастан асқан кезде ол қолымен тұра алады, яғни бұлшық ет жүйесінің функционалдығын сақтап қалған. Бұл әйел, әрине, эмоционалды жағымды әсер тудырады. Бұл да маңызды. Біз оны және оған ұқсас адамдарды үлгі ете аламыз.

Мен әртүрлі жас топтарында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген адамдардың тарихын жинақтаймын. Әрине,жетістік ұғымдары «50 жыл», «60 жыл» және т.б. папкаларда ерекшеленеді. «50 +» папкасында адамдар 40-45- жастағыдай көрінеді, белсенді, олардың өмірі мүлде өзгермеген. Егер біз «80 +» папкасын алсақ, онда денсаулықты толық сақтап қалу мүмкіндігі болмайды, бірақ қандай да бір спорттық жетістіктер сақталады, адамдар өнімді жұмыс істейтін болады.

Ал «100 +» папкасындағы мысалдар қандай?

Мен әсіресе осы жаста әлеуметтеніп, жаңаша қадам бастайтын адамдарды ерекше атап өткен болар едім. Мен 101 жасында өз дүкенін жауып, жаңа бизнесін бастаған жапондық адамды мысалға келтіре аламын.

Ал енді формализациялау мәселесіне тоқталатын болсақ, менің ойымша, мақсатты 120 жасқа дейін өмір сүретіндей немесе мүлдем өлмейтіндей етіп қою мүлдем қиын емес.

Сіз неліктен қазірден бастап ондай мақсат қою керек деп ойлайсыз? Ғылым шынында да соншалықты дамыды ма?

Себебі біз геномды шешіп, сол арқылы адам ағзасына нұсқаулық алдық. Өмір сүру ұзақтығы – бұл биологиялық түрдің генетикалық негізделген белгісі. Нұсқаулықты пайдалана отырып, біз баяу қартаю немесе қартаймау үшін биологиялық қалпымызды жақсарта алар едік. Бұл қазірдің өзінде инженерлік тапсырма сияқты. Қартаюды жеңу үшін гендік инженерияны пайдалану қажет, өйткені салауатты өмір салты жеткіліксіз. Қалай болғанда да ешкім де медициналық көмек пен СӨС көмегімен 130 жыл өмір сүре алған жоқ.

Өкінішке орай, қартаюмен күресіп жатқан стартаптарға салынған инвестиция әзірге $10 млрд-тан аз. Обырға қарсы дәрі-дәрмекке жылына $300 млрд инвестиция салынады. Яғни, біз онкологияны жеңу мүкіндігіне қарағанда, қарттықты жеңетінімізге сенім аз. Дегенмен, бұл бағытта қызықты ғылыми нәтижелер бар және олар көп.

2024 жылдың мамыр айының басында Google компаниясына тиесілі DeepMind стартабы AlphaFold жасанды интеллект моделінің үшінші нұсқасын жариялады. Оның көмегімен қартаюды баяулататын қасиеттерді орнатуға және ақуыздарды құрастыруға болады. Мысалы, жасына қарай жасушаларда ыдырау өнімдері көбеюде, немесе Альцгеймер ауруының себебі болып табылатын мидағы амилоидты шоғырлар бар. AlfaFold-ты пайдалана отырып, біз табиғатта ешқашан болмаған, осы «қоқысты» жинайтын жаңа ақуыздарды жобалай аламыз.

Ғылыми прогрестің қарқыны қазір айтарлықтай жоғары: апта сайын екі рет айтарлықтай ғылыми жаңалықтар пайда болады. Ұзақ өмір сүру үшін биохакингпен айналысу керек. Егер біз ғалымдардың қартаю терапиясын әзірлегенге дейін өмір сүрсек, ал бұл алдағы 50 жылда болуы мүмкін, онда — жасару үшін осы технологияны қолдана аламыз.

Алайда, неге қартаюы туралы теориялар көп?

Қазір 60-тан астам гипотеза бар. Менің ойымша, бұл қалыпты жағдай, өйткені адам ағзасы күрделі және қартаю үлгісі осы процестің терапиясы сияқты көп факторлы болуы тиіс. Менің көзқарасым: біріншіден, салауатты өмір салты бар, ешқандай «қарттыққа қарсы дәрі» зиянды әдеттерді қолдайтын, диванда жатып, дұрыс тамақтанбайтын адамға көмектесе алмайды. Екіншіден, вакцинацияға ұқсас гендік терапия пайда болады. 18 жастағы адамды алайық: бұл жаста липидті дақтар пайда болып, қан тамырларының зақымдануы басталуы мүмкін, яғни бұл қартаюдың ең ерте көріністерінің бірі. Демек, мұндай жағдайларға қарсы 15 жаста екпе жасау керек.

Әрі қарай, 40 жастан кейін иммундық жүйе сөне бастайды, сондықтан біз иммунитет үшін гендік терапияны алдын ала ұсынуымыз керек.

Яғни екпені кесте бойынша жасау керек пе?

Иә. Айталық, алдымен атеросклерозға қарсы инъекция — содан кейін 20 жылдан кейін статинаны* ішуге тура келеді. Оған қоса, интервенциялар, барокамера, препараттар, яғни қартаюдың ілеспе терапиясы. Немесе тағы бір мысал: менопауза. Одан бес жыл бұрын әйел ағзасында жүздеген мың ооциттер** бар, бірақ климакс басталған сәтте олардың барлығы шамамен бір жыл ішінде өледі, яғни организм жою тетігін тез қосады. Бәлкім, оны да терапия арқылы болдырмауға болар.

*Холестерин деңгейін қалыпқа келтіруге арналған дәрі-дәрмектер
**Әйелдердің жыныстық жасушалары

Қымбат кәсіпорын сияқты естіледі екен

Мұнда ақша ең басты кедергі емес, негізгі нәрсе ол — тәртіп. 110 жастан асқан барлық ұзақ өмір сүрген адамдарға ортақ нәрсе ол - байлығы емес, керісінше, олардың арасында бірде-бір миллионер жоқ. Оларды тәртіп біріктіреді: барлығының өмір сүру кестесі қалыптасқан, оны ұстану сондай қиын нәрсе емес.

Қазір сіздің Biodata платформаңыз қандай? Жоба қазір қандай кезеңде?

Бүгінгі таңда бағдарламаға ерте қол жеткізуге болады. Біз функциялардың бір бөлігін іске асырдық, ең алдымен ол - медициналық құжаттарды тану. Biodata сондай-ақ ауытқуларды талдайды және олар туралы ақпаратты хабарлайды.

Қазір барлық деректерді біріктіру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Жарты жыл бұрын тамақтану трекері қосылды, онда рацион есебін жүргізуге болады. Адамдар ішкен тамағын грамына дейін дәл жазып отырғысы келмейтінін жақсы түсінеміз, сондықтан оны жай суретке түсіру арқылы тамақтың фотосымен тану әдісін енгіземіз. Мен сурет бойынша тамақ өнімдерінің, яғни ондағы клетчатка, барлық витаминдер, микроэлементтер, май қышқылдарын есептеп, оларға жоғары сапалы талдау жасауына қол жеткізгім келеді.

Егер біз фотосуретке қосымша дене жүктемесі туралы ақпаратты алып, пайдаланушыға тән жаттығуларды көре алатын болсақ, онда біз тамақтануының жеткіліктілігін бағалай аламыз. Сіз өзіңіздің рационыңызда қанша таурин қолданасыз? Немесе қанша А дәруменін қолданасыз? Немесе сіз спортпен айналысасыз ба — сізге аминқышқылдар жеткілікті ме, әлде оларды қосу керек пе, соны біле аламыз.

Сондай-ақ, медициналық құжаттарды талдай отырып, мысалы, адамның ұйқы безінің ерекшеліктерін көруге болады, мысалы, ол жиі және аздан тамақтануы керек, ал ол ашығып, сирек тамақтанады. Егер талдауларда несеп қышқылының деңгейі жоғары болса, бірден адамға сұрақ жібере аласыз: сіз бұршақ тұқымдастар мен қызыл етті жиі жейсіз бе, сіздің әулетіңізде подаграсы бар адамдар болды ма? Әрине, нақты диагнозды тек дәрігер қояды, бірақ барлық қажетті сұрақтар қойылып, дәрігерге тек сәйкессіздіктерді түсіну ғана, яғни күрделі жұмбақты шешу ғана қалады.

Әлемдегі өмір сүру ұзақтығы бойынша танымал рекордшы француздық Жанна Кальман 122 жыл өмір сүрді

Адамдарды мәліметті жинауға көндіруге болады?

Геймификацияның көмегімен. Жалпы, біздің міндетіміз — адамдарды өз денсаулығын тану және оған қамқорлық жасау арқылы тарту. Тағы бір, соңғы мақсат — адам үшін оның деректерін монетизациялау. Біз ақыр соңында адам өз деректерін иелік етіп, оларды сата алатын маркетплейс жасағымыз келеді. Дербес ақпаратқа банктер, сақтандыру ұйымдары, ритейл және басқа да көптеген компаниялар мүдделі.

Сіздің бәсекелесіңіз кім?

Цифрлық интерфейсті және деректердің ең болмағанда екі түрін — айталық, генетика мен талдауларды интеграциялау тетігін іске асырған компаниялар. Әлемде бұл бағытта айтарлықтай алға қадам басқан алтыдан аспайтын ойыншылар бар. Есесіне нейрожелілер табысқа жетуде, сондықтан, менің ойымша, сіз өзіңіздің анализдеріңіз бен генетикаңызды жүктеген қатты диск немесе бұлтты қызмет бәсекелес болуы мүмкін, ал нейрожелі осы мәліметтерді қарап, сізге сұрақ қойды, содан кейін қорытынды жасады. Дегенмен, менің ойымша, болашақта мұндай шешімдер емес, АИ-ді тек қана технологиялардың бірі ретінде қолданатын денсаулық үшін құрылымдалған қосымшалар болады.