«Болашақта адамды қайта тірілтіп алатынына сенемін»
The Brain Preservation Foundation миды сақтау жөніндегі зерттеу ұйымының серіктес негізін қалаушысы Джон М. Смарт қайтыс болғаннан кейін естеліктерді қалпына келтіру әдістері мен мүмкіндіктері туралы
Миды сақтаудың қандай технологиясын зерттеу жүрсіз?
Бүгінгі таңда бұл міндетті шешудің алты әдісі бар. Олардың үшеуін өте төмен температурада, екеуін тоңазытқыш температурасында және біреуін бөлме температурасында сақтауды көздейді. Мені әсіресе соңғысының үшеуі қызықтырады, себебі олар бағасы бойынша барынша қолжетімді болуы мүмкін.
Болашақта оның өлімін тіркегеннен кейін мидың өмірге табысты оралу мүмкіндігі қандай?
Алыс болашақта мида сақталатын естеліктерді жасанды интеллекттің автоматтандырылған жүйелерінің көмегімен қалпына келтіру мүмкіндігі зор. Біз адамның естеліктері синаптикалық байланыстарда сақталатынын білеміз. Оның үстіне, қазіргі консервациялаудың кейбір әдістері осы байланыстардың молекулалық құрылымын жақсы сақтайтынын білеміз. Неврологтар автоматты микроскоптар мен жасанды интеллект арқылы өте кішкентай жануарлардың синаптикалық байланыстарын сканерлеп, компьютерге «жүктеп» жатыр.
Бүгінде біз осы байланыстардан жануарлардың өте қарапайым естеліктерін оқи аламыз. Сондықтан адам миын сақтаудың дұрыс екеніне дәлелдер бар. Бірақ мен, мысалы, болашақта жадты қалпына келтіріп қана қоймай, адамның барлық өмірлік функцияларын толығымен қалпына келтіруге болады деп сенемін.
Танымал қытайлық философы Ли Цзэхоудың миы 2021 жылы Alcor (АҚШ) Өмірді ұзарту қорында мұздатылды
Сіздің ойыңызша, миды сақтау қашан көпшілікке қолжетімді болады?
Биостазис деп аталатын бұл рәсім қазірдің өзінде бүкіл әлем бойынша өсіп келе жатқан компаниялар тобына қолжетімді. Олардың көпшілігі — коммерциялық емес ұйымдар. Alcor, Cryonics Institute және Oregon Brain Preservation Солтүстік Америкада орналасқан. Tomorrow Biostasis компаниясы — Еуропада. Иньфэн — Қытайда. «Криорус» — Ресейде. Бірнеше мың адам осы компаниялармен келісімшартқа отырды, ал жүздеген адамдар болашақта өмірге оралуға үміттеніп, қоймаларда жатыр.
Миды сақтау адамзаттың болашағына қалай әсер етеді?
Мен алдағы онжылдықта әлемнің қандай да бір елінде мұндай құбылыс жаппай болады деп ойламаймын. Бұл қоғамға және ғылымға деген сенімді, сондай-ақ дінмен келісуді талап етеді. Бірақ менің ойымша, бұл неғұрлым арзан болса және нейроғылым мен жасанды интеллект неғұрлым көп дамыса, соғұрлым адамдар биостазиске жүгіну жөнінде шешім қабылдайтын болады. Американдық Oregon Brain Preservation ұйымы қазіргі уақытта $6 мыңға миды сақтау қызметтерін ұсынады. Бұл соншалықты қымбат емес, әрі көптеген отбасылар мұны өздері мен балалары үшін өмірінің соңында төлей алады.
Көптеген адамдар өздерін болашаққа консервациялап, неліктен солай істегені туралы мәлімдеме жасағандықтан, бұл рәсім бүкіл әлем бойынша көптеген елдерде ауруханалар мен хоспистерде кеңінен таралады. Менің ойымша, көптеген елдерде медициналық сақтандыру ақырында бұл процедураны тегін опция ретінде қалаушылардың барлығы үшін жабатын болады.
Осы сәтте биостазистің қол жетімділігі адамзаттың қайтыс болғаннан кейін өзінің болашағы мен бүкіл адамзаттың болашағына қатысты көңіліне сенім ұялатып, неғұрлым оптимистік көзқарас тудырады. Алға қарай жылжуа, орнықтылыққа, ғылым мен қоғамдастыққа бағдар ұстайды. Адамдар өздерінің «бірінші» өмірлерін тек бастапқы кезең ретінде қарастыра бастайды. Кейін осы әлемге қайта оралып, өздері үшін және адамзат үшін одан да жақсы болашақ құруға екінші мүмкіндігі бар екендігіне сенім ұялайды.
Осыны ескере отырып, мен Қазақстанда кәсіпкерлер жақын арада миды сақтау бойынша өз компанияларын ашады деп үміттенемін. Бақытымызға орай, жаңа сервистік компания құру үшін көп капитал қажет емес. Ең үлкен кедергі халықты ақпараттандыру болып табылады. Бұқара халық миды сақтаудың құндылығын түсінуі үшін бірнеше жылдар керек.