«Адамдар — менің сүйікті тақырыбым»
Белгілі тележүргізуші Тутта Ларсен «Қаржыгерге» сұхбатында отбасы, ақшаға деген қарым-қатынас, сондай-ақ жаңа жобалар туралы әңгімеледі
Тутта Ларсен (шын аты — Татьяна Романенко) — журналист, теле- және радиожүргізуші. MTV Россия, МУЗ-ТВ телеарналарында, Столица FM және Весна FM радиостанцияларында жұмыс істеді. Күйеуі және балаларымен бірге Карусель балалар арнасында «Семья на ура!» бағдарламасын жүргізеді
Сіз MTVжәне МУЗ-ТВ-дегі жұмыстың арқасында белгілі адам болдыңыз . Сол уақыттан бері сіз және сіздің жұмысқа деген қатынасыңыз қалай өзгерді?
Сұрақ ауқымды екен, кәсіби сұрақ емес, метафизикалық десек болады, өйткені маған өмір мен кәсібімді бөліп қарастыру қиын. Мен қазір өзіме ұнайтын дүниені қалай жасау керектігін жақсы білемін. Егер MTV уақытында ол музыка және жастардың қосалқы мәдениеті болса, ал қазір менімен бірге өскен 30-40 жастағы азаматтарға, яғни менің көрермендерімнің сұрақтары мен тақырыптары, атап айтсақ: бала, отбасы, қарым-қатынас, рухани ізденістер, сенім және т.б мәселелер қызықтырады.
Идеяларды қайда аласыз?
Мен оларды өз өмірімнен табамын. Менің кәсіби қызметім - бұл үнемі өзіңді тану, сұрақтарға жауап іздеу және ең алдымен өзімді дамыту. Бұл тақырыптар өте жалпы болғандықтан және осы өмірде дамуға және бір нәрсені білуге деген ұмтылысы бар әрбір адамға қатысты болғандықтан, маған оларды жеке ізденіс деңгейінен толыққанды журналистік зерттеуге дейін масштабтау қиын емес.
Мен адамдардан шабыт аламын, адамнан қызық ешнәрсе жоқ. Кез келген адамның есігін қақсаңыз, сол жерден бәрін табуға болады деп есептеймін. Ерлік те, ғажайып нәрселер де, сатқындық, таргедия, комедия, драма барлығын. Адамдар — менің ең сүйікті тақырыбым. Әлемдегі шабыт беретін де, кері тартатын да адамдар.
Жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті қалай ұстайсыз? Бос уақытыңызды қалай өткізуді жөн санайсыз?
Мен үшін жақсы демалыс— бүкіл отбасыммен қызмет түрін ауыстыру болып табылады. Бүгін біз балалармен демаламыз, ертең бір жобада бірге жұмыс істейміз.
Сізде үш бала бар ғой. Оларды қаржылық сауаттылықққа үйретесіз бе?
Менің балаларым жастайынан жұмыс істейді, әрине мен оларға кшкентай кезінен бастап ақшаға деген қарым-қатынасын қалыптастыруға тырысамын. Біз олардың мәнін, қалай пайдалану керек және неге ақша адамның өміріндегі басты мақсат болып табылмайды деген мәселелерді талқылаймыз. Менің балаларым ақша деген не, оны табудың қиындығы мен жұмсауды ләззаты туралы біледі.
Сіздің қызыңыз Марфамен бірлесіп кулинарлық шоу жүргізесіздер. Ол өзінің табысын қалай жұмсайды?
Біз оны тұрмыстық қажеттіліктерге, қажетті заттар: киім, аяқ киім және басқа да заттарға бірге жұмсаймы. Сонымен қатар балаларда үнемі олардың қажеттіліктеріне біраз ақшасы болады. Ол коньки, велосипед, жаңа телефон сияқты қымбат бұйымдар болуы мүмкін, кейде аса қажет емес, бірақ жағымды әсер ететін кәмпит немесе лимонад сияқты заттар алады.
Жалпы отбасыңызбен жұмыс істеу қалай сізге?
Ол деген бір рахат нәрсе! Бір жағынан, күшіміз бен уақытымызды жұмсауымыз керек, сценарий бойынша әрекет етуіміз керек, екінші жағынан — бірге болудың тағы бір жолы.
Біз тамаша жоба ойлап таптық — балалармен отбасылық саяхаттар туралы «Путь и родитель» атты бағдарламалар циклі. Бұл жоба мәдени бастамалардың Президенттік қорының грантына ие болды. Бірінші маусымда біз Мәскеуге жақын орналасқан, автокөлікпен үш сағатта жетуге болатын, мысалы Суздаль сияқты қиын емес қалаларға бардық. Сонда да көптеген қызықты іс-шаралар, дәмді тағамдары бар мейрамханалар, таңғажайып мұражайлар, балалармен бірге баруға болатын басқа да көрнекті орындар бар.
Мұндай саяхат жазбаларын жүргізу өте қиын жұмыс. Мысалы, алғашқы шығарылымдар 70% қыста көшеде түсірілімнен тұрады, ол кезде ол әлі де суық болды. Сонымен қатар, балалармен бірге жаңа орындар ашу, олардан әсер алу, бір нәрсені зерттеу, үйрену және бәрін бірге жасауды үйрену үлкен рахат. Кадрдағы бірлескен жұмыс қарапайым өмірде де басымызды біріктіреді, өйткені біз бір-бірімізге мұқият және төзімді боламыз. Отбасыммен жұмыс істеу маған жұмыстан тыс қарым-қатынас орнатуға көмектеседі және бұл балалар үшін де пайдалы: олар тезірек жетіледі, ұқыпты және жауапты болады.
Алғашқы табысыңызды қайда жұмсадыңыз? Уақыт өте келе Сіздің ақшаға деген көзқарасыңыз қалай өзгерді?
Мен алғашқы табысымды Донецк облысының Ханженково-Северный ауылындағы "Шахтерское слово" атты жергілікті көп тираждағы мақалам үшін алдым. Менің анам бас редактор болды, мен сол жерде жастар бағанасын жүргізіп, ауыл балаларының мектеп өмірі туралы жаздым. Бұл менің алғашқы табысым болды, мен оны әрине, анама бердім.
Менің ақшамен біртұтас қарым-қатынасым бар. Мен ешқандай қаржылық тәртіпті сақтамаймын, мен 14 жасымнан бастап ақша тапсам да, ештеңеге инвестиция салмаймын. Мен өз отбасым үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті жалақы алатын сүйікті жұмысымды істеп жатырмын.
Дәл қазір бір нәрсеге ақша жинағыңыз келе ме?
Әрқашан бір нәрсеге ақша жинауды армандайсың ғой. Бізде үнемі ақша салуды қажет ететін керемет саяжай бар: өсімдіктерді отырғызу, шағын қонақ үй салу, жаңа көлік сатып алу. Бірақ мұның бәрі армандар емес, жоспарлар. Мен сондай-ақ желкенді қайықты, күйеуім екеуміз қартайған шақта жылы теңіздерде жүзе алатын шағын теңіз яхтасын алғым келеді. Бірақ егер бізде мұндай қайық болмаса, менің қарттық шағым қызық болмай қалады деген сөз емес!
Егер менде сансыз ақша болса, онда мен оны тек сағатқа жұмсар едім. Бұрын мен сағатқа қатты қызығатынмын, меніңше ол механикасы мен әдемілігі жағынан алғанда адамзаттың ойының шыңы ретінде көрінетін. Бірақ ол бүгінде бір жай күлкілі нәрсе сияқты. Мен қазір ақшаны мені қазір және осы жерде қуантатын заттарға жұмсар едім.
Қазіргі уақытта тағы қандай жобалармен жұмыс істеп жатырсыз? Болашақта нені жүзеге асыру қызықты болар еді?
Біз қазір мен айтып өткен керемет «Путь и родитель» жобасында жұмыс істеп жатырмыз. Біз жаңа маршруттар жасаймыз, сапарлар үшін жыл мезгілін таңдаймыз. 10 қалаға баруды жоспарлап отырмыз. Біз "Карусель" арнасы үшін түсіруді жалғастырамыз.
Біздің барлық жобаларымыз отбасы, тәрбие, бала тақырыбына арналған, және бізде YouTube арнасындағы «Вера в большом городе» бағдарламаға ұқсас хабарлама жүргізетін ойымыз бар. Мен адамдар тек дін туралы ғана емес, жалпы олардың құндылықтары туралы, өмірде оларға не көмектесетіні, не шабыттандырады, не қымбат, оларды қуантатын және айналасындағы әлемді жақсы жаққа өзгертуге көмектесетін форматты жүзеге асырғым келеді.
Біздің тағы бір перспективалық жобамыз «Счастливы по-разному» деп аталады. Мен өмірдің барлық қиындықтарына қарамастан, бірге болатын, бір-бірін жақсы көретін, өмірге бала әкелетін, сүйіспеншілікті арттыратын және отбасын нығайтатын қиын тағдыры бар қарапайым адамдар туралы айтқым келеді. Бұл менің сүйікті тақырыбым!