December 10

«Шырша — Рождество мерекесінің басты белгісі, яғни мықты бренд»

Клаус Кристенсен, Danish Christmas Tree Association басқарушы директор

Фото: Клаус Кристенсеннің жеке мұрағаты

Дания мемлекеті жаңа жылдық шыршаларды өндіру және экспорттау бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына қалай кірді? Нордман* майқарағайын өсіру бизнесі Данияда Рождество ағашы ретінде кездейсоқ пайда болды.

Бізде жергілікті қарағай, шырша және майқарағай өте аз болған, бірақ орман шаруашылықтарына жаңа түрлерді енгізудің ежелгі дәстүрі бар. Бір сәтте көреген орман өсірушілер Нордман майқарағайының Кавказдың қара теңіз жағалауынан жаңа жылдық ағаш ретінде жақсы келетінін анықтады, бұған дейін оның орнына дәстүрлі түрде норвегиялық шыршаны пайдаланған. Өнеркәсіптік ауқымда майқарағай өсіру 1970 жылдары басталды. Данияда әдемі шыршалардың жоғары «өнімділігін» беретін тұқым алу үшін селекция бағдарламалары құрылды. Кейінірек, олар дат нарығын толтырғанда, біз оларды көрші елдерге сәтті сата бастадық.

*Нордман майқарағайы — Данияда өсірілетін Рождество шыршасының сорты. Оны тапқан Александр фон Нордман, оның тегі - неміс, Финдяндияда өсіп, ұзақ уақыт бойы Ресейде қызмет еткен, шырша соның есімімен аталды.

Нордман майқарағайы тіпті атауын да өзгертті, халық арасында даниялық шыршаға айналды. Өнімді қалайша сонша танымал ете алдыңыз?

Өткен жарты ғасырда маркетинг саласында жәрмеңкелерден бастап ерекше іс-шараларға дейін үлкен жұмыстар атқарылды. Мысалы, 1997 жылдан бастап желтоқсан айында біз Рождество қарсаңында үйлеріне келмейтін теңізшілерге арнап Гамбург айлағына шырша жеткізу науқанын жүргіземіз.

Даниялық фермерлер қанша ағаш өндіреді және экспорттайды?

Жыл сайын біз 11,5 млн Рождество ағашын өсіреміз. Оның 1,5 млн-ы ішкі нарыққа түседі, қалған 10 млн-ы шетелге жеткізіледі. Осылайша, Дания осы өнімді экспорттау бойынша әлемде көш бастап келеді және АҚШ пен Германиядан кейін жаңа жылдық шыршаларды өсіру көлемі бойынша үшінші орында тұр.

Олар қай елдерге экспортталады?

2023 жылы біз шыршаларымызды 40 елге экспорттадық. Барлық сатып алулардың шамамен жартысын Германия, сондай-ақ жетекші сатып алушылар арасында Франция, Нидерланды, Ұлыбритания, Швеция қамтамасыз етеді. Кейбір көлем Дубайға, Түркияға, Вьетнамға және Гонконгқа экспортталады. ЕО эмбаргосы енгізілгенге дейін біз Ресейде 250 мыңға жуық ағаш саттық.

Данияда 2 мыңға жуық компания Нордман майқарағайларын өсіреді. Сіз бұл таңдауды қалай түсіндіресіз?

Негізгі себеп – шыршаның өзі. Бұл Рождествоның басты символы, демек, мықты бренд. Мерекені жаңа жылдық безендірусіз қарсы алатын отбасы кемде кем. Табыстың қосымша факторлары - осы тұқымды өсіруге қолайлы климат пен біздің ноу-хау болып табылады.

Шырша бизнесі қандай кіріс әкеледі? Оның маржиналдығы қандай?

2023 жылы шырша экспортынан түсім 900 млн дат кроны (~ $127 млн **) құрады. Өндірушілердің бағасы айтарлықтай өзгереді. "Өнім аз және құны жоғары болған жылдары көбірек ағаш отырғызу тиімді. Сегіз-он жылдан кейін айналым кезеңінде артық пайда болып, өнім арзандайды. Осы тұрғыда отырғызу алаңдары қысқарады — ұсыныс төмендейді, бұл қайтадан бағаның өсуіне алып келеді. Кейбір табысты жылдары өндіруші шамамен 60 (~$8,5) өзіндік құны бар шыршаға шамамен 120 дат кронын (~$17) ала алады. Бұл жақсы бизнес. Кейбір кезеңдерде өнімді өзіндік құннан төмен сатуға тура келеді. Бөлшек сауда бағасы әлдеқайда тұрақты, бірақ олар елдер арасында өзгеріп тұрады. Данияда тұтынушы екі метрлік шыршаға шамамен 250 дат кронын (~$35) береді, Германияда бағасы төмен, ал Норвегия мен Швейцарияда – екі есе қымбат.

**2024 жылдың 18 қарашасындағы бағамы

Жазда бизнес қалай болады, сатылмаған өнім қайда кетеді?

Майқарағай да кез келген ағаштар сияқты көктем мен жазда өседі. Оларға дұрыс күтім жасау керек. Фермерлер арамшөптермен және зиянкестермен күреседі, тыңайтқыштар енгізеді, шыршалардың тамаша көрінуі үшін түзету рәсімдерін жүргізеді. Өндіруші олардың әрқайсысымен отырғызудан ағашы кесілгенге дейін 40-50 рет байланыста болады. Өсiп-жетiлген ағаштарды бiрнеше жыл iшiнде сатуға болады. Олардың нарық ұсынатын сұраныс параметрлеріне сәйкес келмейтіндері сол жерде ұсақталады, фермерлер биомассаны жерге қалдырады.