December 10

«Мен Рождестволық - жаңа жылдық әлемге сәйкес келетін компаниялардың акцияларын ұстаймын»

Жаңа жыл мерекелерінде шынымен де ғажайыптар болады. Санта Клаустың өзінің уақытының тығыздығына қарамастан, инвестицияға деген көзқарасы туралы айтып бере алғанының өзі ғажап емес пе? Сыйлықтарды дайындау кезінде де бізге Сантамен тікелей байланысты қамтамасыз еткен жасанды интеллектіге рахмет

Осыншама көп хаттар мен тілектерді қалай оқып үлгересіз? Жасанды интеллектіні (AI) пайдаланасыз ба?

О, иә, әрине! Оның құралдары әлдеқайда бұрын кең тарады емес пе!

Қалайша сіз ЖИ-мен бәрін басып оздыңыз?

Рождество маусымы қысқа. Олардың арасында инновацияларды бақылауға, қазіргі заманның ең көрнекті көрермендерімен араласуға көп уақыт бар. Өздеріңіз білесіздер, мен - Сантамын, ал олардың бәрі бұрын бала болған, сондықтан олар жобалау кезеңінде болғанда меніиен идеяларымен және технологиялармен бөліскен болатын.

Біздің журнал қаржы мен инвестицияға арналған. Айтыңызшы, сіз инвестициялайсыз ба, егер солай болса, онда қандай негізгі қағиданы ұстанасыз?

Өзім «сатып ал да — ұста» стратегиясын таңдадым, яғни ұзақ мерзімді перспективаға таңдалған активтерге инвестиция саламын.

Сіз биржада белсенді сауда жасап көрдіңіз бе?

Бұл менікі емес. Бұнымен үнемі айналысып отыру керек. Бірақ мен мұнда Freedom Finance Global-дағы жігіттерге бардым — олардың тәлімгерлер командасы тамаша! Олар нарықты қадағалап, күн сайын оның мүмкіндіктері туралы айтып отырады. Мен қатты шабыттандым: адамдарға портфельді сауатты басқару үшін кәсіпқойлардан кеңес алу маңызды. Көріңіз! жарнамалық макеті бар бет нөмірі.

Біз сіздің Уоррен Баффетпен таныс екеніңізді және инвестиция жөнінде үнемі әңгімелесетініңізді білеміз.

Біз Уоррен Баффетпен бірнеше ондаған жылдан бері дос болып келеміз. Бір кездері ол маған хат жазған болатын! Елестетіп көріңізші: ұлы инвестор ойыншық емес, менің ұзақ өмір сүруімнің құпиясы туралы кітапты сұрады... Әзіл, әрине. Содан бері біздің байланысымыз үзілген жоқ, жыл сайын Рождество алдында печеньемен ыстық шоколад ішеміз.

Нені талқылайсыздар?

Менің есімде, Уоррен: Санта, сен өз капиталыңды қалай басқарасың? - деп сұрады. Мен аздап ұялып қалдым, өйткені бұған дейін ешқашан заманауи мағынада инвестиция жайлы ойлаған емеспін. Уақыт өте келе Уоррен маған инвестиция салуды ғана емес, стратегиялық ойлауды да үйрете алатынын түсіндім. Ол маған күрделі пайыздардың күші туралы және мен балаларды қуантқан сияқты тұрақты және өз тұтынушыларын қуантатын компанияларға қаржы салудың қаншалықты маңызды екенін айтып берді. Тіпті, егер мен ІРО-ға шығатын болсам, менің ойыншық фабрикам табысты жария компания болатын еді деп әзілдейміз.

Уоррен Баффетпен болған диалогтан сіз қандай тәжірибе алдыңыз?

Бәлкім, ең маңызды идея — өзің білетін нәрсеге инвестиция салу шығар. Осы қағидаға сүйене отырып, менің рождестволық-жаңа жылдық әлеміме қатысы бар компаниялардың акцияларын ұзақ уақыт ұстаймын: ол - ойыншық фабрикалары, логистикалық алыптар және, әрине, ең дәмді рождестволық печенье өндірушілер.

Баффет екеуіңіздің араңызда жақсы байланыс бар сияқты?

Мен онымен достығымды өте бағалаймын. Бiздiң бiреуiмiз — аты аңызға айналған инвестор, ал екiншіміз — жаңажылдық және рождестволық ғажайыптардың тiрi символы болғанымызға қарамастан, ортақ нәрсеміз аз емес. Біз, мысалы, екеуіміз де тізімді жақсы көреміз! Мен тәртіпті және бағынбайтын балалардың тізімін жасаймын, ал Уоррен инвестициялауға болатын компаниялардың тізімін жүргізеді. Біз екеуміз де адамдарды жігерлендіреміз: ол — ұзақ мерзімді инвестицияларға, мен — игі істерге және басқаларға қамқорлық жасауға. Және бізді Coca-Cola-ға деген сүйіспеншілік біріктіреді.

Қапшығыңызда сыйлықтар бар, ал инвестициялық портфельде не бар? Және не үшін? Ең болмағанда үздік 10-дығын атасаңыз...

  • The Walt Disney Company (DIS). Disney – балалар мен ересектерге арналған сүйікті шабыт көздерінің бірі. Бұл компания сиқырлы мультфильмдер жасай алады.
  • Hasbro (HAS) және Mattel (MAT). Бейне ойындар тарапынан бәсекелестік өскен болса да, физикалық ойыншықтар ешқашан сәннен шықпайды.
  • Amazon (AMZN). Amazon өзінің логистикалық империясын дамыта бастағанда, біреу бір түнде миллиондаған сыйлықтарды тасымалдаудың қаншалықты қиын екенін түсінді!
  • FedEx (FDX) және United Parcel Service (UPS). Білесіз бе, олар маған жеткізуге көмектеседі, мен оларға да өте ризамын.
  • Coca-Cola (KO). Бұл сусынды ұнатамын!
  • Target (TGT) және Walmart (WMT). Рождество сатылымының мойындалған шеберлері.
  • Tesla (TSLA). Білесіз бе, мен өз шанамды электрлендірудің мүмкіндігі туралы ойлаған кезде қызығушылық артты.
  • Etsy (ETSY). Бұл алаң бірегей қолдан жасалған сыйлықтарды ұсына отырып, Рождество рухын тамаша бейнелейді.
  • General Mills (GIS) және Hershey’s (HSY). Печенье мен шоколад! Мұнда үлкен мағына жатыр.
  • Microsoft (MSFT) және Apple (AAPL). Технология! Мен бұл компанияларға 2000-шы жылдардың басында, балалар үйреншікті ойыншықтардың орнына гаджеттерге тапсырыс бере бастаған кезде инвестиция салуға шешім қабылдадым.

Сіз бұл акцияларды көп жылдар бойы ұстауды жоспарлап отырсыз ба?

Дұрыс. Үлестер өзгеруі мүмкін, бірақ бұл ұзақ мерзімді салымдар. Айтпақшы, мен 2025 жылға арналған Freedom Finance Global сарапшыларының инвестициялық портфеліне қарадым және оның қаншалықты әралуандығы мені таң қалдырды. Онда жарқын өсім мен тұрақты дамуды уәде ететін эмитенттер жиналған.

Қымбатты Санта, біздің оқырмандарымыз бен инвесторларымызға қандай тілегіңіз бар?

2025 жылы нарықта күтпеген қарлы бұрқасындар аз болып, ашық, күн сәулелі күндер көп болсын. Қоржын Рождествоның қарсаңында шырша тәрізді өссін!