Сәттілік оған дайын адамдарды жақсы көреді
Әнші және тележүргізуші Юлианна Караулова балаларға арналған шоу-бизнестің қалай өзгергені және одан не үйренгені туралы
Сізге шоу-бизнесте табысты мансап құруға не мүмкіндік берді?
Бәлкім, басты фактор – шыдамдылық шығар. 20 жыл бұрын менің өмірімде жарқ еткен жарық жоба, супертрамплин – «Жұлдыздар фабрикасы» жобасы болды. Бірақ бұған дейін мен Yes атты жылтыр мұқабалы журнал ұйымдастарған ұжымда ән айтқанмын. Біздің музыкалық продюсеріміз Иван Ургант болды. Ол кезде мен 14 жаста едім, ал қазір 36 жастамын. Бірталай жыл артта қалды. Сол жылдарда талай биіктерді бағындырдым, құлдырау кезеңдері де болды, бірақ мен сол кездерде ештеңеге қарамастан, білім алдым, дамыдым, қол қусырып отырмадым.
Ең бастысы – шоу-бизнесте де, басқа жерде де өзіңді басқамен салыстырмау қажет. Әркімнің жағдайы әртүрлі, әркім өзінің соқпағымен жүруі керек.
Сіздің соңғы жобаларыңыздың қайсысы сізді көбірек шабыттандырды?
Мен «Дауыс. Балалар» жобасының жаңа кезеңінің тәлімгерімін. Бұл менің бұрыннан бергі арманым еді. Бұл психологиялық тұрғыдан оңай нәрсе емес: баланың көз жасын көру, оған жоқ деп айту деген сияқты… Сен оны қаласаң да қаламасаң да барлық эмоцияны басыңнан өткізесің.
Екі жылдан астам уақыт бойы «Кім миллионер болғысы келеді» деген бағдарламаны жүргізіп келемін. Мен білім алғанды жақсы көремін, мен үшін ол өте шабыт беретін, тәжірибе беретін үрдіс.
Сондай-ақ, «Фантастика» тележобасы туралы айтып берейін. Біз үшінші маусымды түсіріп жатырмыз, мен екі жыл қазылар алқасының құрамындамын. Бірінші маусымда мен қатысушы болдым және жеңіске жеттім. Бұл шын мәнінде ресейлік теледидар тарихындағы ең технологиялық және ең қымбат жоба.
Сіздің «Кім миллионер болғысы келеді» жобасындағы тәжірибеңіз жетістігіңізге әсер етті ме?
Сіздің «Кім миллионер болғысы келеді» жобасындағы тәжірибеңіз жетістікке жетуіңізге әсер етті ме?
Әркімнің өз тарихы бар деп ойлаймын. Бірақ сәттілік оған дайын адамдарды жақсы көреді: тағдыр сені таңдағанда сол сәтті жіберіп алмау керек, екінші мүмкіндік қайта болмауы мүмкін.
«Кім миллионер болғысы келеді» бағдарламасы – ол тек білім туралы ғана емес, ойлау ауқымдылығы, пайымдау туралы, әрине, қаншалықты сіз жолыңыз болғыш адам екендігіңіз туралы бағдарлама. Өзінің ішкі түйсігін тыңдап, ва-банкке баратын, тәуекелшіл қатысушылар да болады. Кейбіреулер жеңіліп қалады, бірақ біреулер кушқа ие болады.
Алайда мен адамдарға сәттілік жайдан жай келе қалмайды, ол жасалған еңбектің нәтижесі деген теорияны ұстанамын.
Сіз «Жұлдыздар фабрикасына» тым жас кезде келдіңіз, ал қазір «Дауыс. Балалар» жобасының тәлімгері болдыңыз. Жастардың шоу-бизнеске кіру жағдайлары өзгерді ме?
Мен енді бастаған кезімде интернет сондай дамыған емес еді: әлеуметтік желі, стримингтік сервистер, видеохостингтер болған жоқ. Сол кезде жалғыз танымал болу құралы теледидар болды. Одан кейін , егер сен ТВ-ден танымал болсаң, радиоға алуы мүмкін еді. Қалай болғанда да поп-музыкада осылай болған.
Қазіргі кезде балаларға белгілі бір дәрежеде жеңіл: олардың өздерінің ықпал ететін саласы бар, әлеуметтік желілерде жеке блоктары бар. Олар старт кезеңінде үлкен аудиторияны қалыптастыруға жиі көмек береді. Желілерде танымал балалар жобаларда өздерін сенімді сезінеді. Телевизиялық шоулар додасынан шығып қалса да, интернетте танымал бола алады.
Заманауи балаларда оқу және даму үшін құралдары жеткілікті: педагогтардан үйренуден қатар, онлайн түрде шеберлік класстарын көруге де болады. Егер тек әлеуметтік желілерде ғана отырса да, алгоритмдер қызықты роликтерді саған жіберіп отырады. Итернете конкурстар да бар.
Бірақ оны екінші бір жағы да бар: соның есебінен бәсекелестік әлдеқайда жоғары.
Мұндай байқаулар жас адам үшін қаншалықты пайдалы тәжірибе?
Байқаулар - балалар үшін де, олардың ата-аналары үшін де үлкен күйзеліс. Бұндай кезде отбасының қолдауы өте маңызды. Бұл жерде мен ересектерге айтқым келеді: ең бастысы баладан жеңісті талап етпеу, оған бұл үдерістен ләззат алу маңызды екенін, ол анасы, әкесі үшін, және оны жақсы көретін адамдар үшін ең үздік екенін түсіндіру. Балаға ересектерден еститін барлық маңызды сөздерді айту қажет.
Сонымен қатар, мұндай жарыстар үлкен сахнада өнер көрсетудің және кадрдағы коммуникацияның орасан зор тәжірибесін, күш пен эмоцияны жұдырыққа жинай білуді, оларды бақылауға үйренуді ұсынады. Оның үстіне, осындай жоғары бәсекеге қабілетті алаңда болғанда – қаласаң да, қаламасаң да – автоматты түрде тез жинақталасың.
Бірақ ең құнды нәрсе – сенің пікірлес адамдарды табуың. Кейде шынайы жеңіс ұзақ уақыт бойы бірге жүретін достарың болады.
Сіздің басымдықтарыңыз бен жоспарларыңыз бала туғанда өзгерді ме?
Мен, әрине, бұрынғыдай өзімнің «жұмысымды жақсы көремін, сенбі күні де барамын жұмысқа». Бірақ қазір мен үшін бірінші кезекте менің балам және отбасым. Алайда мен ана болдым екен деп барлығынан бас тарта алмаймын, тепе-теңдікті сақтауға тырысамын.
Ұлыңыздың сіздің жолыңызды қуып, өмірін музыкамен немесе шоу-бизнеспен байланыстырғанын қалайсыз ба? Оның қызығушылығы бар ма оған?
Ол барлық балалар сияқты би билегенді ұнатады. Ол әзірге музыкаға немқұрайлы қарайды. Бірақ ұлым қарым-қатынасқа қабілетті, ашық әрі әртістік қабілеті бар. Егер оның осы салаға деген қызығушылығы туындаса, одна бір нәрсе шығуы мүмкін: меніңше, оның қабілеті бар.
Әрине, мен оның басқа нәрсемен айналысқанын қалар едім: музыкант - өте күрделі, тұрақсыз, психологиялық төзімділікті талап ететін кәсіп. Мен оның өзі шешім қабылдағанын қалаймын. Мен оған не ұнайтынын, не қызықты екенін анықтайтын боламын. Адамның таңдаған ісін жақсы көргені маңызды.
Сіз балаңызбен қаржыға байланысты мәселелерді талқылайсыз ба? Оны осы салада ең алдымен қандай нәрсеге үйреткіңіз келер еді?
Менің ойымша, ол туралы екі жастан бастап жасау әлі ерте: бала енді ғана сөйлей бастайды және ақшаның не екенін толық түсінбейді. Бірақ қазір менің ұлым үш жаста, мен оған қоғамдағы қандай да бір нарықтық қатынастарды түсіндіруге тырысамын. Кейбір нәрселер үшін ақы төлеу керек екендігін, олардың сатулы екенін, ал бірдеңе сатып алу үшін жұмыс істеу керек деген сияқты нәрселерді оған айтамын. Менің ойымша, ол түсіне бастады. Оған ақшаны жинауға немесе жұмсауға болатынын түсіну үшін, оған талдау жасай алуы үшін енді ақша беріп бастауды ойлап жүрмін.
Бала – қымбат па әлде ол аңыз ба?
Бала арзан емес екендігі анық. Алайда ақшаны әр түрлі жұмсауға болады. Мен есейген шаығмда ана болдым, маған бәрі қызық болды, бәрін де көргім келді. Соның арқасында көптеген қажетсіз заттар мен құралдарды сатып алдым. Кейін баланың әлі кішкентай екендігін түсіндім, еметін балаға аз ғана ким, бір екі жаялық, төсек және коляска ғана қажет. Тамақты сатып алып, уақытты үнемдегенді қаласам да, сәбиге тамақты өзің дайындауға болады.
Бала үлкейген сайын оған қаражат та көбірек қажет. Секциялары, қосымша сабақтары, бала бақшасы бар. Қазір оның бәріне менде көп қаражат жұмсалып жатыр деп айта алмаймын. Дегенмен де, екі бала күтушісі бар, оларға қомақты қаржы жұмсалып отыр.
Балаларға қандай ойыншықтарды таңдайсыздар электронды немесе қарапайым білім беру?
Менің білуімше, мұндай жаста баланың ұсақ моторикасын дамытатын, механикалық қозғалыстарды талап ететін дамытушы ойындарды ойнағаны дұрыс. Бірақ ұлым бәрібір біздің айфондарды қалай пайдаланатынымызды көріп, қалай жұмыс істейтінін түсінеді. Қазіргі буын балаларын гаджеттермен жұмыс істеуге үйретудің қажеті жоқ. Бізде электрондық ойыншықтар бар, мысалы ағылшын тілінен орыс тіліне аудармашы. Ол планшет сияқты, иконкаларды баса бересіз.
Бірақ iPad пен телефонды біз балаға әзірге бермейміз және мультфильмдерді көру уақытын қатаң реттейміз. Ол оның не екенін білетіндіктен, мен оларға мүлдем тыйым сала алмаймын, бірақ көп нәрсе көрсетпеймін және оның не қарайтынын мұқият тексеремін.
Журналда біздің бір қызметкеріміздің бала туғаннан кейін брокерлік шот ашқаны туралы әңгіме бар, оның жинақталған ақшасын ол кәмелетке толғаннан кейін оқуға, пәтер сатып алуға жұмсауға болады. Сіз баланың мүддесі үшін инвестиция саласыз ба? Сізге қандай стратегиялар жақын?
Мен балаға пәтер сатып алдым. Біз памперстерді жарнамасына түскенбіз, бұл біздің бірлескен жұмысымыз болғандықтан, мен қаламақыны инвестициялау әділ болады деп шештім. Әзірге бұл баспананы жалға беріп отырмын, бәлкім, біраз уақыттан кейін қайта сатармын. Бірақ ұлым 18 жасқа толғанда пәтерді оның атына жазып берем деп ойлаймын. Акцияларға, брокерлік шоттарға келетін болсақ, онда мұны дұрыстап түсініп, зерттеу керек деп ойлаймын. Маған әзірге жылжымайтын мүлік жағдайы түсініктірек.
Болашақта тағы қандай жобалармен жұмыс істегіңіз келеді?
Мен өз бизнесімді ашқым келеді, бірақ менде нақты жоба жоқ. Ол мені өзі табады деген қиял бар. Мен кәсіпкер достарыммен сөйлескенде, кез келген бизнес толықтай назар аударуды және толықтай айналысуды талап ететінін түсінемін. Менің жұмысбастылығыммен бизнесті алып жүре аламын ба, ол жағын білмедім.
Менің достармен бірлескен бизнес жобам бар және біз компанияны рәсімдеу, әзірлеу үстіндеміз. Бұл ұзақ, бірақ қызықты кезең. Бәлкім, келесі жылы, тіпті осы жылдың соңына қарай жобамызды ұсынып қалармыз.