Ішкі әлемдік қаржы
Lehman Brothers $680 миллиард долларлық активтері бар америкалық банктің банкроттығы 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысына әкелген негізгі оқиғалардың бірі болып саналады.
Содан бері АҚШ пен Еуропа билігі 15 жыл бұрынғы күйзелістердің қайталануынан қорқып, бірде-бір ірі банктің құлауына жол бермеді. Тіпті $1,3 трлн доллар активтері бар швейцариялық Credit Suisse (2022 жылдың аяғында) өзінің көптен бергі бәсекелесі UBS-ті иемдену арқылы құтқарылды және швейцариялық орталық банктің ондаған миллиард долларлық кепілдіктерін алды.
2020 жылы ковид кезінде әлемдік экономиканың құлдырауын әлемдік орталық банктердің баспаханасы тоқтатты, олар сұранысты ынталандыру үшін халыққа және компанияларға триллиондаған доллар бөлді.
Енді кез-келген күрделі мәселе ақша массасының ауқымды инфузиясымен шешіледі. Мұндай саясаттың минусы бар, ол – инфляцияның жан-жақты өсуі және оның нәтижесінде пайыздық мөлшерлемелердың өсуі болып табылады. Содан кейін рецессия немесе одан да жаманы, стагфляция болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда банктер мен ақшаға деген көзқарас түбегейлі өзгереді. Тауар-ақша қатынастарының жаңа формалары пайда болады. Біз бұл трендтерді "Қаржыгердің" келесі нөмірінің беттерінде талқылауды шештік.
Біз АҚШ банк жүйесіндегі мәселелерді және шағын және орта банктердің әлемдік қаржы жүйесіндегі құлдырауының салдарын зерттедік, жоғары инфляцияның, криптовалюталардың және долларсыздандырудың жаһандық ақша ағындарына әсерін талдадық. Балама SWIFT төлем жүйелерін, олардың пайда болу себептерін қарастырдық, банкаралық аударымдардың қалай жүретінін және әртүрлі елдердің орталық банктері ұлттық валюталардың цифрлық нұсқаларын не үшін әзірлейтінін егжей-тегжейлі сипаттадық, сондай-ақ бұл трендтерде Visa және Mastercard гегемониясына қауіп бар-жоғын анықтадық.
Freedom Finance Global сарапшылары мен шақырылған сарапшылар әлемдік экономиканың дамуы туралы өз пікірлері мен көзқарастарымен бөлісті әрі жоғары инфляция кезеңіндегі инвестициялар үшін ең қызықты активтерді таңдады.
Осы номердің жұлдызы - продюсер және режиссер Тимур Бекмамбетов болды. Ол әлемдік кинематографияның даму болашағы және өзінің ақшаға деген көзқарасы туралы әңгімеледі.
Ықыласпен оқып, сәтті инвестиция жасаңыздар!