Түрлер революциясы
Пайдалы өсімдіктер мен жануарларды «табиғи емес жолмен сұрыптау» арқылы табыс табамыз
Қолайлы климат, сапалы тыңайтқыштар, заманауи техника, білікті қызметкерлер… Ауыл шаруашылығының осы бөлігінде соңғы элемент жетіспейді, бұл – сапалы іріктелген әрі асыл тұқымды материал. Неліктен бүкіл әлемде өсімдіктер мен жануарлар үшін сұранысқа ие тұқымдық материал өндіретін кез келген елдің аграрлық өнеркәсібінің табысты дамуының кепілдерінің бірі дәл осында екені әрі онда қанша табыс табуға болатыны жайында оқи отырыңыз.
Сапасы жоғары өсімдіктер
ITC ұйымының деректеріне сәйкес, әлемдегі тұқымдық материалдың көш бастаушы экспорттаушылары — Нидерланд, Франция және АҚШ, олардың үлестері тиісінше 19,2%, 13,9% және 11,8%. Ақшалай баламада ең жоғары сатылымдар қант қызылшасы, жүгері тұқымдарында. Бидаймен операциялар ақшалай баламада басқа өсімдіктерден кейін қалып қояды.
Не себепті тұқымдық егемендікті қолдаған маңызды, біз мұны егістік жерлердің көлемі жағынан көшбасшылардың бірі – Ресейді мысалға ала отырып түсіндіреміз. Ол қант қызылшасының шетелдік тұқымдарына тым тәуелділікті бастан кешіріп отыр. Бұл ретте өткен жылы Ресей осы дақылды импорттау жағынан әлемде екінші орынды иеленді. Ресейде ең танымал сорт RECORDINA болып саналады, оны тұқымдар нарығында ең ірі ойыншылардың бірі - немістің KWS SAAT SE (KWS) компаниясы жеткізіп отырады. Бельгиялық SESVanderHave NV, немістің Strube Research GmbH & Co. KG және француздық Groupe Limagrain Holding SA компаниялары оның ең жақын бәсекелесі болып танылады.
Ресейге күнбағыс пен картоптың отандық тұқымдары да жетіспейді. ФК Аграрлық азық-түлік саясаты және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің басшысы Алексей Майоровтың сөздеріне қарағанда, осы материалдардың импорты 70–90%-ды құрайды, бұл геосаяси тұрақсыздық жағдайында елдің азық-түлік қауіпсіздігіне шынайы қатер төндіреді. РФ-ның аграрлық секторы таңдауын Германияның тұқымдық картоп өндірушілеріне жасайды, алайда жаһандық экспортта сөзсіз көшбасшылықты осы нарықта 54%-ды иеленетін Нидерланд уысынан шығармай тұр.
Саладағы үлестері 30%-ға жуық көкөніс тұқымдарының ең ірі өндірушілері — француздық Vilmorin (Groupe Limagrain «еншілесі»), Bayer AG-ның (BAYN) құрамына енетін америкалық Monsanto, сондай-ақ, қытайлық химия алпауыты Sinochem Holdings-тың бөлімшелерінің бірі болып табылатын швейцариялық Syngenta.
Асыл тұқымды мал
Іріктелген жетістіктер тек ботаникада ғана емес, сондай-ақ мал шаруашылығында да маңызды. Мал шаруашылығы кәсіпорнының табыстылығы асыл тұқымды малдың сапасына байланысты. Бұл тұрғыдан да батыс елдері көш бастап тұр. Әлемдік көшбасшы — АҚШ, одан кейін Канада, Нидерланд, Германия мен Ұлыбритания елдері.
Нарықта америкалық тұқым материалының үстемдігі оның тиімді бағасымен және алынған мал табынының жоғары өнімділігімен түсіндіріледі. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының - (FAO) бағалауынша, сүт сауудың әлемдік орташа көрсеткіші 3 тоннаға жуық болғанда, АҚШ-та 2020 жылы бір сиырдың сүті 10 тоннадан асты.
Тірі асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал жеткізілімдері бойынша бірінші кезекте Қытайда экспортты өрістету есебінен Австралия көш бастап тұр. Одан бөлек бестіктің қатарына Германия, Нидерланд, Жаңа Зеландия мен Уругвай кіреді. Табиғи жолмен ұрықтандыру әдісі бүгінде ескірген болып танылады, өйткені инфекцияларді тасымалдау қаупі бар, ал бұқаның мінез-құлқын алдын ала айту көбіне мүмкін емес. Жалпы алғанда іріктелген зерттеулердің жеті әдісі пайдаланылады:
- дәстүрлі (Мендель заңдары негізінде)
- гибридтік іріктеу (гомозиготалы ата-аналар желісін будандастыру)
- жасушалар мен тіндердің өсіріндісі (жасушалардан алынған өсімдіктерді регенерациялау)
- ДНҚ диагностикалау
- гендік инженерия
- геномика (геномды секвенациялау)
- ультразаманауи әдістер: CRISPR/Cas (геномды түзету), TALEN, Zinc Finger, ODM және басқалар.
Тұқым қуалау бойынша революция
Геномды түзетуге байланысты жаңа әдістер фермерлердің саймандарын толықтырады және іріктеушілерге үлкен жылдамдықпен әрі дәлдікпен қалаған нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. «Геномды түзету әдісі келешектің тұқым қорын жасау тұрғысынан орасан әлеуетке ие» деп мәлімдеді SWI порталына берген сұхбатында Syngenta компаниясының тұқым қорларын әзірлеу бөлімінің басшысы Чарли Бакстер. Мамыр айында жапондық ғалымдардың осы технологияның көмегімен алғашқы генетикалық түрлендірілген тарақандарды алғаны белгілі болды. Бүгінде CRISPR-мен байланысты ең көп патенттерді қытайлық Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы иеленіп отыр, ал корпорациялар арасында осы параметр бойынша америкалық Corteva (CTVA) көш бастап тұр. Жаңа технологиялардың көмегімен өсімдіктер, одан әрі басқа организмдердің де генін түзету нарығында жұмыс істейтін компаниялар ауыл шаруашылығының тарихында жаңа өзгеріс әкелді. Straits Research зерттеу порталының бағалауынша, 2021 жылы CRISPR геномды түзетудің жаһандық нарығы $1,09 млрд-қа бағаланды, бұл ретте әлемдік аренада Солтүстік Америка басым түсті. 2030 жылға қарай бұл нарық жыл сайын 30%-ға ұлғайып, $14,80 млрд-қа жетуі мүмкін.
Тұқымдық материалдың секторы стратегиялық тұрғыдан маңызды, ол экономиканың аса белсенді дамушы әрі болашағы бар бағыттарының қатарына кіреді. Инвесторлар осы индустрияның компанияларын қызыға қадағалауда әрі олардың қағаздарын сатып алуға дайын, мұны Corteva акцияларына белгіленген бағалар айғақтайды. Оның акциялары ағымдағы жылдың басынан бері өсіп келеді, 2019 жылдан бастап екі есе қымбаттады. Бұл сектордағы жаңа орналастырылымдар осындай табыспен өтеді.