Ұзақ өмір сүрудің құпиялары
Кейбір жария компаниялар табысының негізінде не жатыр
Boston Consulting Group талдаушылары ғасырдың басында әлемде жыл сайын қаржы нарығынан жария компаниялардың орта есеппен 10%-ы кетеді деп есептеп шығарды (бірқатар жағдайда бұл ретте операциялық қызметті мүлдем тоқтатпайды). Көбінесе бұл қаржылық қиындықтардан немесе аса табысты бәсекелестермен жұтылу себебінен болады. Нарықтағы бастамадан делистингке немесе бизнесті сатуға дейін 12-ден 50 жылға дейін уақыт өтеді.
Алайда акциялары биржаларда айналып жүрген ірі компаниялардың ішінде ғасырлық тарихы бар ардагерлер де бар. Олардың ұзақ табысының сыры неде?
Бірінші құпия: жаңалық пен идеялар
Әлемдегі ең байырғы жария компаниялардың бірі — немістің Merck KGaA (MRCG) компаниясы. Оның тарихы 1668 жылы Дармштадтағы кәсіпкер Якоб Мерк ашқан «Ангел» дәріханасынан басталады. Жұмыс істеген 160 жылдың ішінде шағын дәріхана бизнесі меншікті зауыты бар әртараптанған кәсіпорынға айналды. Немістің Merck компаниясына әлемдік танымалдық фармокологияда төңкеріс жасаған шешекке қарсы вакцинаның, сонымен қатар сүзек пен құрт ауруын емдейтін препаттар өндірісін бастағаннан кейін келді. XX ғасырдың орта шешінде компания тұрақты сұранысқа ие С және D дәрмендерін шығара бастады.
Merck & Co (MRK) деген атаумен жұмыс істеген америкалық Merck KGaA филиалы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ билігі немістерден тәркілеп алып, кейіннен америкалық инвесторға сатты. Бұл компания өзіне фарминдустрия көшбасшыларының бірі деген мәртебені бекітіп, қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке (шошқаборық) қарсы вакциналар, сонымен бірге гепатит пен глаукомаға қарсы препараттар ойлап тапты. XXI ғасырда Merck & Co нарыққа АИТВ-ға қарсы дәрі – ралтегравирді шығарды.
Қаржы секторы өкілдерінің активінде де инновациялар аз емес. Байырғы британиялық банктердің бірі Barclay's (BARC) әлемдегі алғашқы болып өз кеңсесінде банкомат орнатып, бір мезгілде Chase Manhattan Bank-пен бірге пластикалық кредит карталарын шығарды.
Тарихы 1869 жылы Лондон қаласының маңында Сейнсбери отбасына тиесілі азық-түлік дүкенінен басталған британиялық Sainsbury’s (SBRY) сауда желісі ХХ ғасырдың екінші онжылдығының соңына қарай өзіндік дүкендер маркісімен өндірілетін бүгінгі күнгі үйреншікті тауарлардың пайда болуын жылдамдатты, сонымен қатар сауда ойын-сауық орталықтарында азық-түлік супермарткеттерінің орналасуы трендін іске қосты.
Әлемнің өте байырғы жария компаниялары арасында ең жас компанияның бірі америкалық IBM (IBM) корпорациясы. Оның құрылғанына 100 жылдан сәл ғана асады. Өзінің бүкіл тарихы бойында уақыттан оза қызмет етті. Ол әуелі бухгалтерлерге арналған табуляциялық машиналарды*, кейініректе — АҚШ әскери-өнеркәсіп кешенінің мұқтажы үшін алып ЭЕМ-ді шығарды, ал 1980-жылдардың басында алғашқы дербес компьютердің жаппай өндірісін іске қосты. Айта кетерлігі, ол IBM-нің қосалқы мердігері әзірлеген DOS операциялық жүйесінде жұмыс істеді. Ол кезде Microsoft-ты (MSFT) білетіндер өте аз болатын.
XXI ғасырда «темір» нарығында бәсекелестердің қатаң қыспағында жүріп, IBM үлкен деректер және бұлтты есептеулер, ал кейіннен жасанды интеллект нарығына басқалардан бұрын шықты.
Екінші құпия: M&A-ның көрегендік мәмілелері**
Бүгінде табысты жұмыс істеп жүрген байырғы жария компаниялар егер де шағын, бірақ инновациялық және келешегі бар бәсекелестерді сатып алмаса немесе егер өздері аса ірі құрылымның бөлшегіне айналмаса, мұндай табысқа жетер ме еді, тіптен күн көре алар ма еді.
Мәселен, немістің Merck компаниясы америкалық филиалынан мәжбүрлеп айырылғаннан кейін тек күнін көріп қана қоймай, шағын, бірақ келешегі зор зерттемелері бар еуропалық фармацевтикалық фабрикаларды сатып алуының арқасында онымен сәтті бәсекелесе алды. Оның америкалық «аттасы» Merck & Co да M&A мәмілелер нарығында белсенді ойыншылардың біріне айналды: ол Sharp & Dohme мен Schering-Plough-ты сатып алды.
Байырғы британиялық Barclay’s мен 1765 жылы құрылған Lloyd’s Banking Group (LLOY) банктері ғасырлар бойына шағын бәсекелестерін жұтып қойып отырды, ал қазіргі заманғы JPMorgan Chase (JPM) банк тобы бүкіл тарихында шамамен бір мың M&A мәмілесіне қатысқан.
Кейбір корпорациялар да дамуды тежеген не болмаса тым көп ресурстар талап еткен бизнестен өзі үшін пайдамен шығып жатты. Осылай, Еуропаның ең байырғы машина жасау корпорацияларының бірі шведтік Husqvarna (HSQVY) 1689 жылы мушкеттер шығаратын шеберхана болып ашылды. XX ғасырдың ортасында компания азаматтық өнімдер шығаруға көшіп, өзінің атыс қаруы зауытына сатып алушыны тапты. Қазір ол үй мен бау-бақшаға арналған техниканы табыспен сатып жүр.
IBM корпорациясы XXI ғасырдың басында өзінің дербес компьютерлерді жинайтын бөлімшесін жауып, БЖ мен бұлтты есептеулер әзірлеуге жұмылды.
Үшінші құпия: күш брендте
Танымалдық — байырғы жария компаниялардың маңызды белгісі. Бүкіл әлемге танымал брендтердің бірі британдық киім-кешек парфюмерия және аксессуарлар өндірушісі Burberry (BRBY) болып табылады. Оның тарихы 1856 жылы Гэмпширде шағын маталар дүкенінен басталды. XX ғасырдың басында компания кейіннен аса танымал болған плащтар мен пальтоларға арналған габардин матасын ойлап тауып, патенттеді, бұл бизнесті маңызды өсім драйверімен қамтамасыз етті.
Едәуір кейіндеу эмитент өзінің фирмалық суреті – қызғылтым түс аясында қиылысатын ақ, қара және қызыл шаршылар бар матаға патентпен даңқы жайылды. Burberry-дің әуелі британиялық футбол жанкүйерлері арасында ілгерілеткен бұл сурет бүгінде Ұлыбританияның Биг-Бен қызыл телефон дүңгіршегі немесе екі қабатты автобусы секілді танымал символдарымен бір қатарда тұр.
Дәстүрлерге сүйене отырып
Байырғы акционерлік қоғамдар көптеген экономикалық дағдарыстарды бастан кешірді, сондықтан сыртқы сын-тегеуріндерге бизнесті қайта іске қосу және өз тарихын қайта жазуды бастау мүмкіндігі ретінде қарауға үйренген. Көбінесе бұл менеджменттің еңбегі. Менеджмент, әдетте корпоративтік басқарудың биік стандарттарына берілгендігін сақтайды.
Нәтижесінде, мұндай компаниялар көбінесе отбасылық құндылықтарды ілгерілетеді, тек қызметкерлерге ғана емес, сондай-ақ клиенттерге де, серіктестеріне де және акционерлердің бүкіл топтарына да үлкен тату отбасының бөлшегі ретінде қарауға бейімделген. Оларға құрмет көрсетпей, тіптен ең озат әрі пайдалы бизнес өзіне ұзақ әрі сәтті өмірді қамтамасыз ете алмайды.
*Перфокарталарда жазылған сандар мен әріптерді өңдейтін, кейіннен нәтижелерді қағаз таспаға немесе анаулы бланкілерге беретін электр механикалық машиналар
*M&A (mergers and acquisitions, ағылш. «қосу және қосып алу») — екі компанияның активтерін біріктіру мәмілелері