Жанжалдар, шиеленістер, алаяқтар
Ең әйгілі айлакерлердің жолы неден болмады
Сенім — қаржы жүйесінің негізі. Біріне бірі ақша аудара отырып, контрагенттер екінші тараптың төлем қабілеттілігі мен адалдығына сенімді болуы тиіс. Алайда мұны тексеру әркез мүмкін бола бермейді. Оған қоса инвесторлар кейде адам айтқысыз табысты уәде еткен кезде қырағылығын жоғалтып немесе харизмалық алаяқтардың ықпалына түсіп, сондай-ақ үрей дабылдарын елемей, өздері «сан соғып қалуға» бейіл тұрады. Біз бұдан әрі қарай мұның арсыз жылпостар мен олардың шектен тыс сенгіш құрбандары үшін неге айналғанын әңгімелейтін боламыз.
Мэдофф пирамидасы
Madoff Investment Securities ең табысты инвестициялық қорлардың бірі болып есептелетін: оның ұзақ мерзімді табыстылығы жылдық 12–13%-ын құрады. Бернард Мэдофф биржалық операциялармен 1960-жылдардың басында шұғылданда бастады, бірақ өзінің қулық-сұмдығын ол тек 1979 жылы ұйымдастырған деп есептеледі. Қаржыгер инвесторларға жоғары табысты уәде етті, бірақ ол қаржы пирамидасы қағидатымен әрекет етіп, іс жүзінде ескі клиенттері мен жаңаларынан түскен түсімдердің есебінен есеп айырысып отырды.
2009 жылы басқарушы 150 жылға түрмеге тоғытылды, ал қор акционерлерінің жалпы шығындары орасан көп мөлшерді $65 млрд-ты құрады. Мэдоффтың жұбайының барлық дерлік мүлкі тәркіленіп, қордың бірқатар қызметкерлеріне қатысты қылмыстық қудалау жүргізілді, алайда барлық кінәлілерді түпкілікті анықтау мүмкін болмады.
Theranos қуысы
Theranos-тың биотехнологиялық стартапы көптеген жылдар бойына обыр мен диабетті қоса алғанда жүздеген ауруларды қан талдауы бойынша мезетінде диагностикалауға арналған әмбебап аспапты әзірледі. Компанияның негізін салушы Элизабет Холмсқа $900 млн-нан астам инвестициялар тартып, директорлар кеңесін құру мүмкін болды. Кеңеске Берклидегі Калифорния Университетінің Инженерия мектебінің деканы, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Джордж Шульц, сонымен бірге Wells Fargoның экс-бас директоры Ричард Ковачевич кірді.
Алайда стартаппен әзірленген аспаптар дәл нәтижелер бермеді, эксперименттердің көбісін жүргізгенде зерттеушілер басқа өндірушілердің жабдықтарын пайдаланды. Сот Холмстың инвесторларды саналы түрде жаңылыстырғаны дәлелденген деп есептеп, 2022 жылғы қарашада оны алаяқтығы үшін 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.
АИТВ-дан пайдаға кенелу
Суайт Мартин Шкрели кейбір ЖИТС-пен, безгекпен және обырмен ауыратындарда кездесетін инфекцияны емдеу үшін пайдаланылатын паразитке қарсы препарат - Дарапримге (Daraprim) құқықты иеленгеннен кейін танымалдыққа ие болды. Бір күн ішінде пысық кәсіпкер дәрінің бағасын бір талбеткасы үшін $13,5-дан $750-ге дейін көтерді, бұл, әлбетте, қалың жұртшылық тарапынан наразылық туғызды.
Бұл ретте фармацевтикалық бизнес Шкрели қызметінің басты бағыты емес еді. Ол бүкіл өмір бойына Уолл-стритте жұмыс істеген, алайда оған мұнда елеулі табысқа жету мүмкін болмады. Қаржыгер бірнеше қорларға басшылық етті, дегенмен олар айтарлықтай пайда әкелмеді. Олардың соңғысы MSMB Capital Management болды. Оның клиенттерінің залалдарын жабу үшін Шкрели өзінің көптеген құрылымдарының бірі Retrophin-нен ақша алды. Нәтижесінде сот алаяқты кінәлі деп танып, оны жеті жыл бас бостандынан айыруға үкім етті. Оған қоса Шкрелиді зардап шеккендерге өтемақы ретінде $7,3 млн-ды төлеуге міндеттеді.
Инновациялар есептілікте
ХХІ ғасырдың басында энергетика саласының алпауыты Enron-ның алаяқтық іс-әрекеттері зор дау-жанжалға ұласты. Компания 1985 жылы екі кәсіпорынның қосылуы арқылы құрылған болатын және электр энергиясын өндірумен және жеткізіп берумен, сондай-ақ туынды қаржылық құралдарды сатумен шұғылданатын. Он жыл өткеннен кейін Enron АҚШ нарығында ірілердің бірі болып шыға келді, ал Fortune журналы алты жыл бойына оны инновациялық компаниялар рейтингінде бірінші орынға қойып келді.
2001 жылы хедж қордың талдаушысы Джеймс Чанос Enron-ның 55 есеге тең P/E мультипликаторының дұрыстығына күмән келтірді. Ол қаржы есептемесінде түзетулер жасап, компанияның бүкіл дерлік пайдасы дериваттермен мәмілелердің және есепке алу қағидаларын түрлі бұзушылықтардың салдары екенін анықтады. Enron-ның операциялық бөлімшелері пайда таппаған. Әрі қарайғы тексерістер барысында эмитенттің бухгалтерлік есептемесі дәйексіз екені, ал қаржы нәтижелері көп мәрте арттырылғаны анықталды. 2001 жылдың соңында Enron банкроттық туралы мәлімдеді. Қаржы директоры Эндрю Фастоуды 10 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды, бірақ кейін бұл мерзім алты жылға дейін азайтылды. Энергетикалық бөлімшенің директоры Лу Пай компанияның күйреуі алдында Enron-ның үлкен акциялар пакетін сатты. 2008 жылы ол айыппұл төлеуге және осы операция барысында тапқан табысын қайтаруға келісті.
Аудитор Дэвид Дункан кінәсін мойындап, нәтижесінде куәгер мәртебесін алды. 2008 жылға қарай ол АҚШ-тың Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясымен арыз-шағымдарды реттеп, мәнсабын жалғастырды. Анықталған айлы-шарғыларға байланысты Enron-мен бірге жұмыс істеген ірі Arthur Andersen аудиторлық компаниясы жабылды. Оның күйреуін есептемеге талаптарды қатаңдатқан Сарбейнс-Оксли заңының қабылдануына әкелді.
Криптобиржаны қалқан етіп
Қаржылық айла-шарғыларды өткеннің сарқыншағы деп атауға болмайды; олар бүгінгі күні де ұшырасып қалады, оған қоса алаяқтар технологиялық прогреспен бірге қадам басады. Ірі криптобиржалардың бірі FTX-тың банкроттығына қатысты талқылау мысалы көрсеткендей, корпоративтік басқару проблемалары мен дұрыс қаржылық ақпараттың болмауы қашан болса да пайда болуы мүмкін. Таяуда күйреудің алдында FTX-тың клиенттің $10 млрд қаражатын Сэм Бэнкман-Фридтің Alameda Research трейдерлік компаниясына аударғаны белгілі болды, бұл ретте $1 млрд із-түзсіз жоғалған.
Биржаны банкрот деп жариялауға келген конкурстық басқарушы ІІІ Джон Рэй өзінің қызметтік тізімінде Enron-ны ісі болғанымен, болған жайтқа жағасын ұстады. «Өз мансабымда мен корпоративтік басқарудың мұндай сәтсіздігі мен дәйекті қаржылық ақпараттың болмауын ешқашан көрмеппін» деп мәлімдеді менеджер.
Прогрестің алдында
Қаржы әлемі өте жылдам өзгеруде, және реттеу кейде жаңа қаржылық технологиялардың, өнімдер мен қызметтердің артынан қуып жете алмай жатады, осылайша алаяқтардың қолын босатып қояды. Бұл жағдайларда инвестордың сақтық танытып, әркез тәуекелдерін теңшеп отырғаны жөн. Түптің түбінде, өзіміз қабылдаған шешімдер үшін тек өзіміз жауап береміз.