January 24, 2023

FAANG төңірегіндегі әңгімелер

Қор нарығында америкалық технология алыптарының басымдық ету кезеңі аяқталды ма

FAANG тобының акциялары жақында Уолл-стриттің қозғаушы күші әрі жекеменшік инвесторларда ең танымал қағаздары болды. Жағдай осы жылы өзгерді. Қаңтардан желтоқсанға дейінгі аралықта Facebook (META), Amazon (AMZN), Apple (AAPL), Netflix (NFLX), Google (GOOG) инвесторлары S&P 500 индексі 17% төмендегенде салған қаражаттарының 20%-тен 67% дейін айырылды.

Бұл FAANG дәуірі ақырына жетті дегенді білдіре ме? Олай болса, талдап көрейік.

Бір тізбекпен маталған

FAANG өздері құрған нарықта үстем болып келеді. Facebook (қазіргі Meta Platforms) — әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі, Amazon — онлайн сауда секторындағы жетекші ойыншы, Netflix интернет-ТВ алғашқы жаһандық сервисі болды, ал Google (Alphabet) — іздеу және интернет-жарнама нарығындағы көшбасшы.

Бұл компанияларды олардың дербес деректердің ең үлкен көлемдерін өңдейтіні және ірі бұлтты экожүйелерді басқаратыны біріктіреді. Дербес деректер, артықшылықтар туралы мәліметтер, масс-медиа — әлемдегі ақшамен алмастырудың ең пайдалы бағыттары.

Төлеуді сатып ала алмайсыз

2021 жылдың соңында FAANG шоттарында ақша қаражаттары және олардың баламалары түрінде $350 млрд жиналды. Дегенмен осы компаниялардың M&A* саласындағы белсенділігі реттеушілердің текетіресінен төмендейтін болады.

Мәселен, 2022 жылғы шілдеде Федералдық сауда комиссиясы Meta-ның Within виртуалдық нақтылық стартапын сатып алуына бөгет жасауға тырысты, қазанда британиялық реттеуші корпорацияны Giphy кескіндемелер деректер базасын сатуға мәжбүрледі. Сонымен бірге Netflix соңғы үш жыл бойына оннан астам шағын ойын студияларын кедергісіз сатып алып келді.

FAANG-тың бұл жағдайларда дивидендтік төлемдер мен акцияларды сатып алу көлемдерін арттыру ықтималдығы бар, бұл олардың баға белгіленімдеріне оң әсерін тигізеді.

Жарнама үшін тартыс

Amazon мен Apple Google-дің үлесі есебінен интернет-жарнама нарығында болуын белсенді түрде кеңейтуде. 2022 жылдың үшінші тоқсанында Amazon-ның жарнамадан түскен табысы 25% ж/ж, $9,5 млрд дейін өсті.

Apple iOS-тегі жекешелік саясатын өзгертіп, App Store-да шектеуге түскен Meta-ның жарнамалық құралдарының алдында басымдыққа ие болды. Енді жарнама интернет-ТВ қоса алғанда Apple-дің барлық сервистерінде пайда болады.

Метаәлем және нақты жаңа жағдай

AR/VR-құрылғылар таяу болашақта смартфондарды, ноутбуктар мен десктоптарды алмастыратын болады. Мұнда көшбасшылыққа өздерінің кең ауқымды аудиторияларын жаңа өнімдерді жылдам ілгерілетуге пайдалануды жоспарлап отырған Apple мен Meta таласуда (бұл туралы толығырақ «Қаржыгердің» 2022 ж. № 1 (25) метаәлемге арналған шығарылымынан оқыңыздар).

Meta қосымшаларды іске қосу үшін ДК-ге немесе смартфонға қосылу қажет болмайтын түрлі модельдердегі Quest-тің VR-көзәйнектерін сатуда. Бұл бағыт компанияға 2019 жылдан бері $1,5 млрд астам пайда әкелді. Apple алғашқы VR-көзәйнектерді нарыққа 2023-2024 жылдары шығара алады.

Кемел келешек

Жыл басынан бері акциялардың шындап құлдырағанына қарамастан FAANG тарихы жалғасуда.

Алыптар бестігінің басымдықтары ішінде - жоғары маржа мен орасан пайданы түрлендіруге мүмкіндік беретін бизнес ауқымы. Ақша қаражатының орасан қоры қаржылық икемділікті қамтамасыз етіп, келешегі зор нишаларда даму мүмкіндіктерін ашады.


*M&A — екі компанияның активтерін біріктіру мәмілесі