October 16

Ұрлауға болмайды, сақтау қажет

Криптоактивтерді қайда сақтау керек және оларды қалай қорғау қажет

Инвестицияның дәстүрлі әлемінде тәуекел кірістілікпен өтеледі. Криптоәлемде бұл формуланың мәні ерекше: мұнда ақша табу жеке жауапкершілікпен тікелей байланысты. Инвестор оның шынайылығын неғұрлым ерте түсінсе, бұл нарықтағы оның операцияларыныі жеке тарихы соғұрлым қызықты, қуіпсіз әрі табысты болмақшы.

Криптовалютаны өз бетінше сақтайтын инвесторлардың үлесі ағымдағы 55%-дан 70%-ға дейін өсуі мүмкін

Хакерлер үшін байып кету мүмкіндігі

Криптовалюта тарихы жарқын әрі ауқымды қылмыстық көріністерге толы. Олардың бірі – 2022 жылғы наурызда орын алған Ronin Bridge-ге (Axie Infinity ойыны мен Ethereum желісі арасындағы ақша аудару тетігі) жасалған шабуыл, онда хакерлер $615 млн-нан астам сомаға токендерді ұрлап кеткен болатын. 2025 жылғы Bybit криптобиржасын бұзу әлеуметтік инженерияның қаншалықты қауіпті екенін көрсетті: қаскүнемдер қызметкерлерді алдап, $1,5 млрд сомаға рұқсатсыз транзакция жасай отырып, компанияның ішкі жүйесіне кіріп алды.

2024 жылы $2,2 млрд қаржыға криптовалюта ұрланды. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ондай қылмыстардан шеккен зиян осы сомаға жақындап қалды.

Жүйеген кіретін кілттердің жоғалуына байланысты биткоиндардың 20% жоғалды

Криптоалтынға арналған сейф

Криптоактивтерді жинақтаудың ең қарапайым шешімі – оларды орталықтандырылған биржаларға сеніп тапсыру. Бұл трейдерлер үшін ыңғайлы, бірақ банкротқа ұшырау немесе платформаны бұзу салдарынан болатын қауіппен байланысты.

Банктік және институционалдық сервистер сияқты неғұрлым консервативті шешімдер бар. Олардың бірі BNY Mellon ірі депозитарлық банкі, оның басқаруында $52 трлн активтері бар, криптовалюталарды сақтау қызметін ұсына бастады. Coinbase (COIN) және Anchorage биткоин негізінде BlackRock (BLK) үшін қорларға қызмет етеді. Осындай шешімдер қауіпті азайтқанымен, комиссиялық шығындар мен әкімшілік жүктемені арттырады.

Қарама-қарсы жағында – өз бетінше пайдалануға арналған «ыстық» софт-әмияндар (криптовалюталарды жөнелтуге және алуға арналған қосымшалар) және аппараттық («салқын») әмияндар. Алғашқысы қолайлылық пен транзакция жылдамдығын қамтамасыз етеді, алайда интернетке үнемі қосулы болғандықтан, хакерлік шабуылдар мен фишингке ұшырауы мүмкін. Екіншісі, керісінше, кілттерді офлайн сақтағандықтан, бұзу әрекеттеріне ұшырай бермейді.

2025 жылғы «ыстық» әмияндар базасы бойынша көшбасшылар – 32 млн белсенді пайдаланушылары бар MetaMask, Coinbase Wallet (около 30 млн) және Trust Wallet (15 млн).

В сегменте аппараттық әмияндар саласында Shift Crypto-дан BitBox02 және Coldcard Mk4 сияқты жаңа ойыншылар пайда болды. Криптоактивтерге кіру үшін әр түрлі құрылғылардан немесе бірнеше пайдаланушылардан қол қою түріндегі растауды талап ететін мульти қол қою шешімдерін (multisig) ерекше атап өтуге болады. Мұндай қорғау жүйелері әсіресе осы сектордың компаниялары, криптоқорлар мен бай отбасылар арасында танымал, себебі кілттердің бірі бұзылған болса да, активтер қауіпсіз қалады.

2025 жылы классикалық multisig орнына Safe (ex-Gnosis Safe), Ambire Wallet, Soul Wallet сияқты ақылды әмияндар келді. Олар неғұрлым сенімді қорғауды қамтамасыз етеді: шығындар лимитін орнатуға, бірнеше пайдаланушылар үшін қатынас орнатуға және т.б. болады.

Сақтық бірінші орында

Ең сенімді шешімдердің өзі қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды талап етеді. Қос факторлы аутентификацияны пайдалану, металл пластиналарында seed-фразалардың резервтік көшірмесін сақтау (металлдың қағаздан айырмашылығы көптеген апаттарға төтеп бере алады) және әмияндардың бағдарламалық қамтамсыз етуін сақтауды уақтылы жаңарту қажет болып табылады. «Сіздің кілтіңіз емес – сіздің монеталарыңыз емес» деген қағиданы түсіну сіздің «ұлы криптотонау» туралы кезекті тарихтың кейіпкері болу қаупінен сақтайды.