Маңызды элемент
Tesla электромобильдерін, томографтарды, айфондарды, спутниктерді, атомдық реакторлар мен аудиоколонкаларды не біріктіреді?
Оларды сирек кездесетін (СКМ) және бағалы металдарды пайдаланбай өндіру мүмкін болмас еді. Бұл көптеген технологиялық өнімдердің сыни құрамдас бөліктері ғана емес, сондай-ақ прогрестің нағыз қозғалтқыштары. Бірегей қасиеттерге ие СКМ негізіндегі жаңа қорытпалардың арқасында интернетте берілетін ақпараттың жылдамдығы мен көлемі ұдайы өсіп келеді, ғарыш кемелерінің қаптамасының беріктігі және аккумуляторлардың сыйымдылығы және т.б. артады.
«Финансисттің» бұл санында біз сирек кездесетін элементтерді және шикізаттың басқа да аса маңызды түрлерін қайда, кім және қалай өндіретінін, олар қай салада неғұрлым сұранысқа ие екенін, қандай алаңдарда саудаланатынын және қанша тұратынын айтамыз.
Одан бөлек, біздің авторлар қазіргі заманғы экономика үшін басқа да негізгі элементтер - литий мен уранның рөлін атап өтті. Өйткені, біріншіден бүкіл әлемдік автоиндустрияның болашағы соған байланысты, ол біртіндеп іштен жану қозғалтқышы бар машиналарды электрокарға ауыстыруға қарай жылжып келеді, ал екіншісінсіз қазіргі заманғы энергетиканы дамыту мүмкін емес. Біз тек зергерлік қана емес, басқа да салалар тарапынан алмастарға деген сұранысты зерттедік, сондай-ақ алтын, күміс және басқа да бағалы металдардың бағасына болжам жасадық.
Жекелеген мақала сирек метал нарығында үстемдік ететін және осы мәртебені өзінің экономикалық мүдделерін ілгерілету үшін пайдаланатын Қытай еліне арналған.
Сондай-ақ біз Қазақстан мен Құрама Штаттардың тау-кен өндіру компанияларының басшыларымен сұхбат дайындадық, халықаралық сарапшылармен нарықтың негізгі проблемалары мен оның перспективалары туралы әңгімелестік. Біздің талдаушылар жария өндіруші және қайта өңдеуші компаниялардың инвестициялық тартымдылығын бағалады, жасанды интеллектіні қолдана отырып, СКМ іздеумен және қайта өңдеумен айналысатын ең қызықты стартаптарды атап өтті. Біз тіпті ғарыштағы пайдалы элементтердің жаңа көздерін көрдік.
Сонымен, металлды өндірумен қатар, «ойнауға» да болады! Сондықтан Slaughter to Prevail тобының көшбасшысы Александр Шиколай және The 69 Eyes фронтмені Юрки Линнанкиви бұл нөмірдің жұлдыздары болды. Александр өзінің АҚШ пен Еуропадағы табысқа жету жолы, YouTube-те шығармашылық қалыптасудағы рөлі, ақшаға және болашаққа деген көзқарасы туралы айтып берді. Фин готик-тобының солисі біздің журналдың беттерінде аты аңызға айналған американдық композитор Дайан Уорренмен бірге жаңа сингл шығатынын жариялады!