Сирек кездесетін металл әлемінде
Олар үшін неге әлемдік күрес басталды
2023 жылдың қарашасында The Wall Street Journal Уолл-стрит банкирі Рэндалл Аткинс туралы жазды, ол тарихтағы ең табысты инвестициялардың бірі болуы мүмкін. Шамамен 12 жыл бұрын ол $2 млн-ға ескі көмір шахтасын сатып алды. Біраз уақыттан кейін оған Энергетика министрлігінің жанындағы Ұлттық зертхананың геологтары қызығушылық танытты, олар өндірілген көмір қабаттарында сирек кездесетін металдардың (СКМ) ірі қоры бар деп болжады. Бұл гипотеза расталып, Аткинс учаскесі 1952 жылдан бастап АҚШ-та ашылған ең үлкен қорлардың бірі болып табылатын алғашқы СКМ кен орны болуға мүмкіндік алды. Жоба $37 млрд-қа, яғни сәтті сатып алушы төлеген сомадан 18,5 мың есе жоғары бағаланады. Бұл сирек кездесетін металдардың, әсіресе СКМ өндіру кейде жылына бірнеше жүз килограмнан аспайтынын ескерсек, Штаттар үшін және жалпы әлемдік экономика үшін қаншалықты маңызды екенін айқын дәлелдейді.
Сонда бұл элементтер қандай және неге осыншама құнды?
Кестеге қарасақ
Менделеевтің периодтық кестесінде 17 сирек металдан тұратын топ бар. Топтың атауынан олардың басты ерекшелігі — басқа пайдалы қазбалармен салыстырғанда әлемдік қорлар мен өндірудің аз көлемі келіп шығады. Мысалы, Жер бетінде жыл сайын шамамен 2,5 млрд тонна темір өндіріледі, ал скандия — бар болғаны 15-20 тонна.
Скандийден басқа, барлық сирек кездесетін жерлер атом массасына байланысты ауыр және жеңіл болып бөлінеді. Ауыр заттар қымбат тұрады, себебі оларды өндіру қиынырақ және табиғатта сирек кездеседі.
Екінші ерекшелігі — СКМ-де таза затта немесе қорытпалар құрамында сақталатын бірегей физикалық және химиялық қасиеттердің болуы. Уранмен және плутониймен реакцияға түспейтін иттрий мен оның қосылыстарынан зымыран қозғалтқыштарының бөлшектері жасалады. Иттрий тозаңдануы бөлшектердің тозуға төзімділігін хромдаумен салыстырғанда жүздеген есе арттырады. Тербий люминофорлар мен флуоресцентті шамдардың құрамына кіреді, оны сондай-ақ проекторларда жасыл жарық көзі ретінде пайдаланады.
Өзінің бірегей қасиеттерінің арқасында сирек кездесетін металдар түрлі салаларда маңызды рөл атқарады. Бұл материалдардан ноутбуктер мен смартфондарға, электр көліктері мен жел генераторларына арналған аккумуляторларға, сондай-ақ техниканың басқа да көптеген түрлеріне арналған құрамы жасалады. Мысалы, орташа электромобильде шамамен 10 кг СКМ бар, жел генераторы үшін осы материалдардың 900 кг дейін қажет, ал F-35 жойғышы үшін 450 кг дейін қажет.
Сирек металдарға әлемдік сұраныстың өсуінің негізгі драйверлері – технологиялық прогресс және жаңартылатын көздерден электр энергиясын өндіру болып табылады.
Нарық көлемі
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) деректері бойынша Жер бетіндегі СКМ қоры 130 млн тоннаны құрайды. Соңғы жылдары олардың өндірісі белсенді түрде өсуде. 2023 жылы 350 мың тонна өндірілді, бұл он жыл бұрынғы көрсеткіштен үш есе көп. Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамы бойынша, 2040 жылға қарай сирек кездесетін металдарға сұраныс 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда 3-7 есе ұлғаяды. Табылған көздерді тұтынудың ағымдағы қарқыны бар-жоғы 60 жылға жетеді, бұл бағаның өсуінің пайдасына маңызды фактор болып табылады.
Сирек кездесетін металл қайдан шығады
Қытай сирек кездесетін минералдардың ең үлкен қорына ие, сондай-ақ өндіру көлемі бойынша алда келеді. Сонымен қатар Аспан асты елі коммерциялық және ұлттық резервтер құру, сондай-ақ басқа елдерден қайта өңдеу үшін шикізатты белсенді әкелу жолымен өз қорларын жоғары деңгейде сақтауға ұмтылады. Негізгі импорттаушылар Үндістан, Корея және Жапония болып табылады.
Сирек кездесетін металдар қоры бойынша екінші орында Вьетнам тұр, онда қолда бар өндіру қуаттылықтарынан басқа магниттер өндірісі жолға қойылған. Вьетнамда Қытаймен солтүстік-батыс шекарада және шығыс жағалауда шоғырланған бірнеше кен орындары бар. 2021 жылы елімізде СКМ өндіру көлемі шамалы болды —шамамен 400 тонна, бірақ 2023 жылы 600 тоннаға дейін қысқарса да, бір жылдан кейін 4300 тоннаға дейін өсті.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Бразилиядағы өндіріс 80 тоннаны құрады, алайда осыдан екі жыл бұрын бұл көрсеткіш алты еседен астам жоғары болған. Алайда жақын арада жағдай өзгеруі тиіс. Сирек кездесетін элементтердің оксидтерін өндіретін Serra Verde жергілікті компаниясы 2023 жылғы маусымда өзінің Pela Ema кен орнында іске қосу-жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңіне кірісті, бұл ел бойынша жалпы статистиканы едәуір арттыруы тиіс.
2023 жылы Австралия сирек кезддесетін металды өндіру бойынша үшінші орынды иеленді (18 мың тонна), соған қарамастан, бұл ел қор көлемі бойынша әлемдегі ең үлкен алтыншы орынға ие — 5,7 млн тонна. Металл өндiру тек 2007 жылдан бастап жүргiзiледi, бiрақ ол өседi деп күтiлуде.
Құрама Штаттар өзінің кеніш қорын 1,8 млн тоннаға бағалап отыр. Алайда елде өндіру тек MP Materials (MP) компаниясына тиесілі калифорниялық Mountain Pass кенішінде ғана жүргізіледі. 2023 жылдың тамызында Энергетика министрлігі Американың СКМ импортына тәуелділігін қысқартуға бағытталған жобаларды субсидиялау бағдарламасын іске қосты. Оны қаржыландыру көлемі $30 млн. құрады.
Негізгі ойыншылар
Қытайдан тысқары сирек кездесетін металдың екі ірі өндірушілері нарық үлесі 15% -ға жуық аталған MP Materials (MP), сондай-ақ онда 6% алып отырған австралиялық Lynas болып табылады.
Mountain Pass кенішінің өнімін одан әрі ҚХР-дың басқа қайта өңдеу кәсіпорындарына бөлу үшін Shenghe Resource Holding компаниясына жеткізіледі. Өз кезегінде, Lynas Батыс Австралиядағы Mount Weld кен орны мен байыту фабрикасын пайдаланады. Онда өндірілген неодим мен празеодим аффинаж* үшін Малайзиядағы зауытқа жіберіледі.
*Аффинаж — кейбір ауыр металдарды қоспалардан тазарту процесі
ЖСМ саласымен байланысты жария компаниялардың басым бөлігі кен орындарын игерумен енді ғана айналыса бастады. Мысалы, АҚШ-тан алтын өндіруші Idaho Strategic Resources (IDR) сирек кездесетін элементтер табылған елдегі ең ірі жер теліміне ие, бірақ ол оларды өндіруге әлі кіріскен жоқ.
СКМ бумынан табыс табудың перспективалы акциялары мен басқа да тәсілдері туралы "Металлоинвест" атты мақалада айттық.
Жекпе-жекке дайын
Сирек кездесетін жер элементтері нарығында Қытайдың үстем орны сақталып отыр, бұл дамыған елдерде бірқатар технологиялық салалар үшін қауіп төндіреді. Кейде Аспан асты елінен қандай да бір элементтердің импортына шектеу қоюға байланысты жаңалықтар нарықтағы бағаның күрт көтерілуіне алып келеді және ондағы жалпы жағдайды тұрақсыздандырады.
ҚХР гегемониясын бұзуға ұмтыла отырып, басқа елдер, ең алдымен АҚШ пен Австралия, басқа өңірлерден импортты өсіре отырып, өз өндірістерін дамытуда.
Әлемнің жетекші экономикаларын білдіретін державалар арасындағы бәсекелестік күрес сирек кездесетін жер элементтеріне сұраныстың ұлғаюы аясында шиеленісетін болады. Бұл осы шикізат бағасының өсуіне, сондай-ақ нарықта жаңа ойыншылардың пайда болуына әкелуі мүмкін. Қазір дұрыс ставка жасаған инвесторлар бір кездері біздің әңгімеміз басталған The Wall Street Journal мақаласының кейіпкері сияқты болашақта батпан құйрыққа ие болуы мүмкін. Мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!