Қоғам
June 19, 2020

«Демократиялық қағидалар бойынша адамдар ойына келген арсыздықтар мен нәпсіқұмарлыққа барса да ешкім еш нәрсе демейді екен, біреуге зиян тигізбесе болды» - дейді ғой. Сол рас па?

Жауап: Ондайлар демократиялық еркіндікті емес, өздерінің нәпсіқұмарлықтары мен арсыздықтарын жариялауда. Баланың сылтау айтуы секілді сандырақ. Ал нағыз еркіндік – әдептілікті шариғаттан үйреніп, кемелдене түсу. Ал, азғындық пен арсыздыққа бастайтын еркіндік – еркіндік емес, хайуандық. Шайтанның жетегінде кетіп, нәпсіге құл болу. Еркіндік – өзіне де, өзгеге де зиян тигізбеу.

Ей көшпенділер! Сендердегі азаттық – жартылай азаттық. Екінші жартысы басқаның еркіндігіне қол сұқпау. Сендердегі азаттықөлмес тамақ табу мен жартылай жабайылық араласқан азаттық.

Мұндай азаттық өздерің осы тауда бірге өмір сүріп жатқан малда да бар. Бұл бишара хайуандарға рахат, ләззат сыйлайтын да осы еркіндік. Алайда, күндей жарқын, рухты тәнті етуші адамгершіліке лайық еркіндік – мәдениеттің бақыт сарайында біліммен сусындаған жоғарғы құндылықтарға қол жеткізіп, Ислами тәрбиемен безенген еркіндік болмақ.

74-6