Келген жауап былай еді: Діндар кісілер діни құндылықтардың қатаң талаптарын толық сақтамай «әйел еркіндігі» деген ұғым жайлаған мына заманда, сондай емін еркін жүріп-тұратын әйелмен неке қиып, соның кесірінен дүнияға белшеден батуы үлкен қателік болғандықтан дәл-сол әйелдердің қолымен жазалануына тағдыр рұқсат берді...Қалған бөлімін жазуға бір мүбарак әйел парқына бармай кедергі болғандықтан кейінге қалды.
Өйткені ол бес болымсыз негізге орнатылған. Арқа сүйер жері қара күш. Қара күштің ісі зорлық. Көздегені пайда. Оның ісі басқа біреуге зиян беру. Өмірлік қағидасы күрес. Оның ісі қақтығыс. Адамдар арасындағы байланысы, басқаларды жұтудан нәр алатын нәсілшілдік пен болымсыз ұлтшылдық. Оның апарар жері осындай сұмдық соғыстар. Елітіп әкететін әдістері желіктіру, қоздыру арқылы құмарын қандыру. Ондай желігулер адамды періштелік дәрежеден иттен төмен деңгейге түсіреді. Адамның рухани құлдырауына себеп болады.
Мен айтар едім: дінсіз есалаңдардан өркениет пен бақыт күтетіндер. Мұндай ақымақтың біреуі биліктің бір тұтқасын ұстап алып былай депті:
Жауап: Біздер, яғни мұсылмандар дініміз бен ұлтымызға бөлек- бөлек қарамауымыз керек. Екеуі бірігіп кеткен. Сырт қарағанда бөлек нәрселер сияқты болып көрінер. Дін – ұлттың рухы. Екеуін екі нәрсе деп қарар болсақ, халықтың басым көпшілігі дінге жанашырлық танытып, сол жолға күш жұмсайды. Ұлттық мүддені жеке басынан жоғары қоятындар ғана ұлтшылдықтың жүгін арқалайды. Олай болса, дінге деген жанашырлық алдыңғы орынға шығуы керек. Ұлт жанашырлығы соған демеу, қорған болуы керек. Әсіресе біздер, шығыс халықтары батыстықтарға ұқсамаймыз. Жүрегімізде діни сезім басым. Пайғамбарлардың басым көпшілігі Шығыстан шығуының өзі шығысты тек қана діни сезімдер оятып, дамуға жетелейтініне ишара етеді. Бақыт...
Жауап: Теңдік, жоғарғы дәреже, даңқта емес, құқықта. Құқық бойынша, хан да қара да бірдей. Шариғатымыз «Біле тұра құмырсқаны да баспаңдар» деп, олардың өзін қиын жағдайда қалдыруға тиым салып тұрғанда, Адам баласының құқын қалай таптайсың? Құдай сақтасын біз ондайға бармаймыз.
Жауап: Қорықпаңдар, мәдениет, фазилет және азаттық адамзат әлемінде жеңіске жете бастағандықтан, таразының екінші басы қаласа да қаламаса да ақырын-ақырын жеңілдей береді. Аллаһ бетін аулақ қылсын, егер біздің бөлшек-бөлшегімізді шығарып, өлтіре қалған күннің өзінде, сенімді болыңдар, жиырмамыз өлсек, үш жүз болып тірілеміз. Басымыздан ұятқа қалдырар нәрселер мен алауыздықтың шаңын сілкіп тастап, нағыз зиялы, ауыз біршілігіміз мол жағдайда адамзаттың керуеніне көшбасшы боламыз. Біз ең әдемі, ең жоғарғы дәрежедегі өмірге жол ашар өлімнен қорықпаймыз. Біз өлсек те Исламият аман қалады. Сол қасиет дарыған халқымыз аман болсын!
Жауап: Иман етіп, Аллаһқа қызметші болған адам басқаның зорлық-зомбылығына көніп, езгісіне түспейді. Сондай-ақ, имани мейірім басқа біреудің құқын таптауға жол бермейді.
Жауап: Ондайлар демократиялық еркіндікті емес, өздерінің нәпсіқұмарлықтары мен арсыздықтарын жариялауда. Баланың сылтау айтуы секілді сандырақ. Ал нағыз еркіндік – әдептілікті шариғаттан үйреніп, кемелдене түсу. Ал, азғындық пен арсыздыққа бастайтын еркіндік – еркіндік емес, хайуандық. Шайтанның жетегінде кетіп, нәпсіге құл болу. Еркіндік – өзіне де, өзгеге де зиян тигізбеу.