Хикмет
August 20, 2020

«Қайырымды жас кім?»

Олар – қарт кісідей өлімді ойлап, ақыретіне қам жасап
бейқамдықтан аулақ болғандар. Қарттардың ең жаманы – жастарға еліктеп,
немқұрайдылыққа, әуестікке салынып, бала сияқты нәпсінің айтқанынан
шыға алмаған адам.

Сен менің бас жағыма «Хикметті сөз» деп іліп қойған тақтаны көрген
шығарсың. Ол жазбаның тура мағынасы төмендегідей. Мен оны әрдайым
оқып, дәріс аламын.
«Дос іздесең, Аллаһ бар, жеткілікті». Иә, Аллаh дос болса, барлығы
дос.
«Жолдас тапқың келсе, Құран бар». Құрандағы пайғамбарлармен,
періштелермен ойша жүздесіп, бастан кешкендерін тамашалап,
достық құруға болады.
«Байлық тілесең, қанағат ет.» Қанағат еткен жан үнемшіл болады.
Үнемшіл адам береке табады.
«Жау іздесең, нәпсі бар» Иә, нәпсісін жақсы көрген адам басына
бәле тілеп алады. Азап шегеді. Өз нәпсісін ұнатпаған адамның көңілі
жай, мейірімге бөленеді.
«Насихат сұрасаң, өлім жетер». Өлімді ойлаған адам дүниеге деген
махаббаттан құтылады. Ақыретіне ықыласпен қам жасайтын болады.


Мектубат-271

rebrand.ly/mektubat