Мұның мағынауи жақтан келген жауабы: Бұл мәселе тағдырға қатысты болғандықтан, оны тағдыр туралы жазылған Жиырма Алтыншы Сөзге сілтеп, қазір қысқаша былай деп айтылды:
Жауабы: Әсте олай емес! Қиындық бермек түгілі керісінше керемет жеңілдік беріп, көңілдің хоштығын сыйлайды. Және жанды рахатқа бөлейтін, көңілді шаттандыратын шаттық сыйлап, сенімділік пен қуанышқа толы нұрға бөлейді. Өйткені адам, тағдырға сенбесе тар шеңберге қамалып, болар-болмас егемендік пен уақытша еркіндікке ие болғанымен дүниедей ауыр жүкті мойнына асынып, арқалауға мәжбүр болады. Себебі, адам баласы бүкіл әлеммен тығыз байланыста. Оның шексіз армандары мен толассыз мақсаттары, талап-тілектері бар. Бірақ күш-құдіреті, қалау- еркі олардың миллионнан біреуіне жетпегендіктен тартқан рухани азабы қаншалықты қорқынышты екенін айтпай-ақ түсінікті. Ал, тағдырға иман...
Өмip сүpудегi мақсат қысқаша тоғыз баптан тұpады: Бipiншiсi: Бойыңдағы беpiлген сезiмдеpдi таpазы жасап Аллаhтың мейipiм қазынасындағы нығметтеpдi таpазылау, әpi шүкip ету. Екiншiсi: Бойыңдағы асыл қасиеттерді құpал қылып Иләhи көркем есiмдеpдiң құпия қазыналаpын әлгі кілтпен ашып, сол есiмдеp аpқылы Заты Ақдес, пәк Аллаhты тану. Үшiншiсi: Иләhи есімсипаттардың айнасы болып, Оның таңғажайып өнеpiн бағалап әpi түсiне өмip сүpу аpқылы мына көpме тәpiздi дүниеде олаpды жаpатылыстың назаpына ұсыну, жақсылап көpсету. Төpтiншiсi: Аллаhтың Рубубиетінде яғни билiк алаңында өзiнiң құл екенін халі мен де тілімен де жаp салу, көпшілікке ұсыну. Бесiншiсi: Мысалға бip жауынгеp патша сыйлаған түpлiтүpлi оpден...
Жауабы: Хикметі Адамға белгілі бір міндет, уәзипа жүктелгендігінде. Адамға жауапкершілігі мол ерекше міндет жүктеліп, арнайы қызметпен жер бетіне жіберілген. Адамзаттың бүкіл рухани кемелденуі мен қабілеттерінің түгелдей ашылуы, көрініс табуы, адам болмысының мәнісі, Иләһи көркем есімдерге толық айна болуы, сол уазипа, сол міндетке тікелей байланысты, соның нәтижесі. Егер Адам Ата Жәннаттан шықпай мәңгі қалған болса, онда Ол періште секілді бір қалыпты күй кешіп, адамның зор қабілеттері ашылмай қалар еді. Ал, үнемі тұрақты жағдайдағы періштелер көп, ондай құлшылық үшін адамға қажеттілік жоқ.
Жауап ретінде Ескі Саид былай деген еді: Егер біз жеңгенімізде мәдениет деп діни құндылықтарымыздан бас тартар едік. Жеті жылдан кейін солай болды. Мәдениет дегенді желеу етіп Ислам әлеміне әсіресе Мекке, Мәдинә секілді қасиетті жерлерге Анадолуға жасалғанындай режим, орнап батыстық мәдениет жаулап мәжбүрлі, түрде бәріне ортақ жаппай жүзеге асырылар еді. Аллаһтың рахымымен ол жерлерді аман сақтау үшін тағдыр біздің жеңілуімізге пәтуа берді. Дәл осы жауаптан жиырма жыл өткен соң тағы бір түні маған былай деп сауал қойылды: «Бейтарап қалғанда, айырылып қалған иелігін кері қайтарып алатын еді әрі Мысыр мен Үндістанды да құтқарып одақтас табар еді. Осындай әлемдік саясатта...
Жауабы: Үлкен қателіктер, ауыр қылмыстар кейінге қалып, жоғары сот орындарына жіберіледі. Ал, жеңіл қылмыстар тез арада шешіліп, жергілікті орындарда қаралады. Сол сияқты маңызды бір хикметке орай кәпірлердің күнәларының басым көпшілігі кейінге қалдырып, Хашірдегі Ұлы сотқа шегерілуде, ал имандылардың жіберген қателіктерінің кейбірі бұл дүниеде дереу жазалануда. (Сілтеме)
Мен оған былай дедім: «Бауырым, керісінше сен рухани кемелденгенсің, нәпсіңді қоздыратын және ақыреттік жемісті бұл дүниеде жегізетін әрі менмендікті оятатын сезімдерді, пиғыл әрекеттерді қойып, одан да биік дәрежеге көтеріліп, өзімшілдікті тастап уақытша ләззатқа құмартпау секілді қасиеттерге ие болып мәртебең көтеріліпті. Иә, Аллаһ өзінің берген сый- жарылқауын менменшіл құлдарына сездірмеудің өзі үлкен жарылқау болып табылады... бәлкім, пендесі тәкаппарланып кетпесін дейді.
Олар – қарт кісідей өлімді ойлап, ақыретіне қам жасап бейқамдықтан аулақ болғандар. Қарттардың ең жаманы – жастарға еліктеп, немқұрайдылыққа, әуестікке салынып, бала сияқты нәпсінің айтқанынан шыға алмаған адам.
– Мен өз басыма түскен ауыртпалықтарға шыдадым. Бірақ, мұсылмандардың басына түскен қиыншылықтар менің еңсемді көтертпейді. Ислам әлеміне тиген соққылар, ең бірінші, менің жүрегіме тиіп жатқанын сеземін. Осынша қиналуымның себебі осы. Бірақ бір жарық көріп тұрмын. Сол нұр мына күйзелістерімді ұмыттыратын шығар, ИншаАллаһ.
Адасқандардың табысқа жетіп, істері сәтті болуы, олардың күш-қуатқа ие болып имандыларды жеңіп кетуі, олардың бір ақиқатқа сүйенетінін көрсеткендей. Олай болса, адасқандардың жолында ақиқаттың болғаны, не болмаса имандыларда бір шикілік болғаны десек дұрыс па?