Хикмет
December 9, 2020

«Осы Алман өкіметінің жеңілісімен тынған соғыста Османлы мемлекетінің жеңіліске ұшырауының хикметі сыры неде?»

Жауап ретінде Ескі Саид былай деген еді: Егер біз жеңгенімізде
мәдениет деп діни құндылықтарымыздан бас тартар едік. Жеті
жылдан кейін солай болды. Мәдениет дегенді желеу етіп Ислам
әлеміне әсіресе Мекке, Мәдинә секілді қасиетті жерлерге Анадолуға
жасалғанындай режим, орнап батыстық мәдениет жаулап мәжбүрлі,
түрде бәріне ортақ жаппай жүзеге асырылар еді. Аллаһтың
рахымымен ол жерлерді аман сақтау үшін тағдыр біздің жеңілуімізге
пәтуа берді.
Дәл осы жауаптан жиырма жыл өткен соң тағы бір түні маған
былай деп сауал қойылды: «Бейтарап қалғанда, айырылып қалған
иелігін кері қайтарып алатын еді әрі Мысыр мен Үндістанды да
құтқарып одақтас табар еді. Осындай әлемдік саясатта үлкен
жеңіске қол жеткізуге мүмкіндік бола тұра күмәнді, әрі сенімсіз, пайдасы жоқ дұшпан бір елге (Англия) жақтасып осылайша мүлдем
зиянды жолды таңдаған болды. Әлгіндей тиімді жолды өте зерек
тіпті саяси данышпан адамдардың байқамай олардың назарынан
жасырын қалуының хикметі не?» Мағынауи жақтан келген жауап
былай болатын: «Сен жиырма жыл бұрын мағынауи сұраққа берген
жауабың осы сауалдың да толық жауабы, яғни егер жеңіске жеткен
елді қолдап, солармен одақ болғанда тағы да «мимсіз мәдениет»,
яғни азғындыққа апаратын батыстық тұрмыс салты үстем келіп
режим ешқандай кедергісіз Ислам әлеміне, қасиетті жерлерге жаппай
орнап басқаша болар еді. Үш жүз елу миллион мұсылмандардың сау-
саламаты үшін әлгі көрініп тұрған ап-ашық қатені байқамай, соқыр
адамдай әрекет қылды.