Кастамону қаласында бір тақуа кісі шағымданғандай былай деді: «Мен әбден бұзылып барамын. Бұрыңғы халім басқа еді. Ол кезде қызықты да нұрлы болатын. Қазір олардың бірде бірі жоқ!»
Мен оған былай дедім: «Бауырым, керісінше сен рухани кемелденгенсің,
нәпсіңді қоздыратын және ақыреттік жемісті бұл дүниеде жегізетін
әрі менмендікті оятатын сезімдерді, пиғыл әрекеттерді қойып, одан
да биік дәрежеге көтеріліп, өзімшілдікті тастап уақытша ләззатқа
құмартпау секілді қасиеттерге ие болып мәртебең көтеріліпті.
Иә, Аллаһ өзінің берген сый- жарылқауын менменшіл құлдарына
сездірмеудің өзі үлкен жарылқау болып табылады... бәлкім, пендесі
тәкаппарланып кетпесін дейді.
Бауырларым! Осыған байланысты айтарым, әлгі адам секілді
ойлайтын немесе біреуді әсірелеп, қатты көтермелеп, жоғары
мәртебесіне назар аударатын кісілер, сендерге қарап сендердің
қарапайым кішіпейіл, инабатты әрі қызметші міндетін атқарып
жүргендеріңді көріп «Бұл шәкірттер өте қарапайым адамдар ғой!
Ақиқат жолындағы қаһармандар дегені осылар ма? Ондайлар
қайда, бұлар қайда! Қане, бұл заманда әулиелерден асып кетті
деп жүрген киелі қызметтің күрескерлері?!» деп, егер жақсы
ниетті дос болса, тауы қайтып қалады, егер ниеті жаман дұшпан
болса «Айттым ғой, әне!» - деп, өзінің қарсы пікірінің дұрыстығына
мәз болады.