Хадис
June 18, 2020
Хадистердің ауыз екі тарауы, анаған анау айтты, ол анаған айтты деп жалғастыру әдісінің пайдасы бар ма?
Жауап: Пайдасы өте көп. Ауыздан ауызға жеткізілгенде сөздің сенімділігі
артып, оны шыншыл хадис жинақтаушылардың қостағанын көрсетеді және
бірінен-біріне жалғастырған хадисшілердің мақұлдайтынын білдіреді.
Үзілмей жалғасын тауып келген хадис әрбір имам, әрбір ғұлама бұл хадисті
растап, үкімінің дұрыс екенін мойындап мөр басқандай болады.
19-Мектуб,90-б