Ұстаздан жауап
@imanisaual
«Бұл жерде барлық сұрақтарға жауап беріледі. Бірақ ешқандай сұрақ қойылмайды»- @Ұстаз
34 posts
Хадис

Неліктен мұғжизалар шариғаттың үкімдері секілді тәуәтур түрінде, көптеген жолдармен тармақталып жеткізілмеген?

Жауап: Өйткені шариғаттың үкімдеріне халықтың көпшілігі әрқашан мұқтаж. Ол үкімдер фарз ғайн секілді әр кімге қатысты. Ал әр адам әрбір мұғжизаға мұқтаж емес. Бір рет естісе жетіп жатыр. Бұл фарз кифайе секілді. Бірнеше адам білсе жетеді. Міне, сондықтан кейде бір мұғжизаның анық болғандығы шариғи үкімнен он есе нақтырақ бола тұра оның жеткізушісі бір-екі адам ғана, ал үкімнің жеткізушілері он-жиырма болуы мүмкін.

Хадистердің ауыз екі тарауы, анаған анау айтты, ол анаған айтты деп жалғастыру әдісінің пайдасы бар ма?

Жауап: Пайдасы өте көп. Ауыздан ауызға жеткізілгенде сөздің сенімділігі артып, оны шыншыл хадис жинақтаушылардың қостағанын көрсетеді және бірінен-біріне жалғастырған хадисшілердің мақұлдайтынын білдіреді. Үзілмей жалғасын тауып келген хадис әрбір имам, әрбір ғұлама бұл хадисті растап, үкімінің дұрыс екенін мойындап мөр басқандай болады.