Қоғам
June 19, 2020

Мұсылман еместермен қалай тең боламыз?


Жауап: Теңдік, жоғарғы дәреже, даңқта емес, құқықта. Құқық бойынша, хан да қара да бірдей. Шариғатымыз «Біле тұра құмырсқаны да баспаңдар» деп, олардың өзін қиын жағдайда қалдыруға тиым салып тұрғанда, Адам баласының құқын қалай таптайсың? Құдай сақтасын біз ондайға бармаймыз.

Иә, Имам Алидің қарапайым бір яһудимен соттасуы және мақтанышымыз саналар Салахаддин Аюбидің жарлы христианмен соттасуы, сендердің мына қате түсініктеріңді түзетер деп ойлаймын. (Сілтеме*)

Өйткені, демократия халықтың қамын ойлайды, билік халықтың қызметшісі. Егер демократия дұрыс жүретін болса, әкім мен уәли би емес, жалақыға жалданған қызметкер ғана болады. Мұсылман емес адам басшы, би болмайды, бірақ қызметкер бола алады. Мысалға мемлекеттік қызметкер белгілі бір дәрежеде бастық – би дейік. Мұсылман емес үш мың адамды бастық етіп сайлау арқылы Әлемнің түкпір-түпкірінде үш жүз мың мұсылманның әкім болуына жол ашылады. Бір жоғалтып, мың ұтқан зиян шекпейдi.


Сілтеме: Бұрынғы Саид Нұрдың жарқын қасиеттерінен туындап жатқан
зор үміт пен шаттықтың арқасында саясатты Ислам жолында пайдаланып,
еркіндік жолында қызу іске кірісіп жатқанда, бір жағынан, алдын ала сезу
қасиеттері арқылы да аса қорқынышты дінсіз диктатураның келетінін бір ха-
дис шәріптің мағынасы арқылы түсініп, елу жыл бұрын хабар берген. Саидтың
жұбаныш берер хабарларын әлгі диктатура жиырма бес жыл бойы жоққа
шығартатынын сезіп, отыз жылдан бері اَعُوذُ بِاللّٰهِ مِنَ الشَّيْطَانِ وَ السِّيَاسَةِ деп саясатты тастап, Бүгінгі Саидқа айналған еді.

/76-бет/