Діни бірлік, яғни Исламшылдық маңызды ма? Әлде ұлт- шылдық маңызды ма? Қайсысын бірінші орынға қою керек?
Жауап: Біздер, яғни мұсылмандар дініміз бен ұлтымызға бөлек-
бөлек қарамауымыз керек. Екеуі бірігіп кеткен. Сырт қарағанда бөлек
нәрселер сияқты болып көрінер. Дін – ұлттың рухы. Екеуін екі нәрсе
деп қарар болсақ, халықтың басым көпшілігі дінге жанашырлық
танытып, сол жолға күш жұмсайды. Ұлттық мүддені жеке басынан
жоғары қоятындар ғана ұлтшылдықтың жүгін арқалайды. Олай
болса, дінге деген жанашырлық алдыңғы орынға шығуы керек. Ұлт
жанашырлығы соған демеу, қорған болуы керек. Әсіресе біздер,
шығыс халықтары батыстықтарға ұқсамаймыз. Жүрегімізде діни
сезім басым.
Пайғамбарлардың басым көпшілігі Шығыстан шығуының өзі
шығысты тек қана діни сезімдер оятып, дамуға жетелейтініне ишара
етеді. Бақыт Ғасыры мен Табиғиндер заманы бұған нақты дәлел.
94-б