Иманқызметі
December 16, 2020

Өте қырсық діннен безген кәпірдің өзін үнін өшіріп, көзін жеткізуге осы кітаптардың жүзден бірі жеткілікті бола тұра мұнша қызу, үсті-үстіне, жаңадан бұрқыратып жаза берудің хикметі не екен?

Оған жауап ретінде былай деді: Рисалей-Нұр тек қана, қирап
қалған шағын бір жерді, бір үйді жөндеп жатқан жоқ. Ол, күлли
яғни ауқымды түрде қираған, бұзылғалы тұрған және Дін Исламды
қамтитын, тастары таудан үлкен заңғар алып бір қорғанға жөндеу
жүргізіп жатыр. Ол жеке адамның қалбын (жүрек), баз біреулердің
ниетін, ар-ожданын ғана ретке келтіріп, тазартып жатқан жоқ. Ол,мың жылдан бері небір соққыдан ауыр жарақат алған жалпының
қалбын, көпшіліктің ой – пікірін көзқарасын және баршаның әсіресе
мүмін ауам халықтың әрқашан арқа сүйер тірегі Ислами негіздер,
діни қағидалар бұзылып, соның салдарынан күңгірттене бастаған
жалпы халықтың ар-ожданын Қасиетті Құранның, киелі Иманның
дәрі-дәрмектерімен емдеп, жазуға тырысуда. Әлбетте, мұндай
күлли әрі ауыр жарақаттарға, хаққаляқин, яғни жойқын әрі таудай
берік айғақтар қажет, мың дәрінің қасиеті бар дәрумендер, сансыз
дәрмектер керек. Міне, осы міндетті бұл заманда Құранның мағынауи
мұғжизасынан туындаған Рисалей-Нұр атқаруда. Сонымен қатар
иманның сансыз дәрежесіне көтерілуге, сырларының ашылуына
ұйытқы болуда... деп осы мағынада ұзақ әңгіме болды. Мен толығымен естіп, Құдайға сансыз шүкір еттім. Қысқа қайырайын.