Оған жауап ретінде былай деді: Рисалей-Нұр тек қана, қирап қалған шағын бір жерді, бір үйді жөндеп жатқан жоқ. Ол, күлли яғни ауқымды түрде қираған, бұзылғалы тұрған және Дін Исламды қамтитын, тастары таудан үлкен заңғар алып бір қорғанға жөндеу жүргізіп жатыр. Ол жеке адамның қалбын (жүрек), баз біреулердің ниетін, ар-ожданын ғана ретке келтіріп, тазартып жатқан жоқ. Ол,мың жылдан бері небір соққыдан ауыр жарақат алған жалпының қалбын, көпшіліктің ой – пікірін көзқарасын және баршаның әсіресе мүмін ауам халықтың әрқашан арқа сүйер тірегі Ислами негіздер, діни қағидалар бұзылып, соның салдарынан күңгірттене бастаған жалпы халықтың ар-ожданын Қасиетті Құранның, киелі Иманның...