Хикмет
December 24, 2021

«Тағдыр біздің қол аяғымызды осылай байлап тастаған. Еркімізді қолымыздан алып қойған. Әрқашан ашылып, жадырауға құштар, бір жерде, бір қалыпта тұра алмайтын жүрек пен рухымызға тағдырға иман ауырлық туғызып, қиындық бермей ме екен?» десең

Жауабы: Әсте олай емес! Қиындық бермек түгілі керісінше
керемет жеңілдік беріп, көңілдің хоштығын сыйлайды. Және
жанды рахатқа бөлейтін, көңілді шаттандыратын шаттық сыйлап,
сенімділік пен қуанышқа толы нұрға бөлейді. Өйткені адам,
тағдырға сенбесе тар шеңберге қамалып, болар-болмас егемендік
пен уақытша еркіндікке ие болғанымен дүниедей ауыр жүкті
мойнына асынып, арқалауға мәжбүр болады. Себебі, адам баласы
бүкіл әлеммен тығыз байланыста. Оның шексіз армандары мен
толассыз мақсаттары, талап-тілектері бар. Бірақ күш-құдіреті, қалау-
еркі олардың миллионнан біреуіне жетпегендіктен тартқан рухани
азабы қаншалықты қорқынышты екенін айтпай-ақ түсінікті. Ал,
тағдырға иман манағы барлық ауыр жүкті тағдырдың алып кемесіне
артады да жан дүниесі рахаттанып, рухы мен жүрегі емін-еркін
кемелділікке тура бет алуына мүмкіндік жасайды. Тағдырға сену,
тек жамандыққа итермелейтін, жүгенсіз нәпсінің азғантай еркіндігін
шектеп, перғауынға еліктейтін тәкаппарлығын, өзіндік ойша
рубубиетін яғни «құдайлығын» сындырып, беталды лағуына жол
бермейді. Тағдырға сенудің кереметтігі сонша тілмен айтып жеткізу
мүмкін емес.