нұрқағидасы
June 5, 2021

Саидтың қасында басқа кітаптар жоқ таба алмайсың. Демек басқа кітаптарды менсінбейді. Тіпті имам Газалиды да (р.һ) ұнатпайтын болғаны ғой, оның да кітаптарын алдырмайды!»

Бұған біздің жауабымыз: Астағфируллаһ, Құдай сақтасын! Рисалей-Нұр және оның шәкірттері Худжат-ул Ислам Имам Газалиды, сондай-ақ, мені Хазреті Алимен байланыстырып тұрған жалғыз ұстазды менсінбеу емес тіпті бар күшімізбен олардың ұстанған сара жолын кәпірлердің шабуылынан сақтап, құтқаруға тырысып жүрміз. Алайда, олардың кезеңінде иман шарттарына мұндай сұмдық қауіпті шабуыл жоқ болатын. Әрі сол кездегі ақиқатшыл ғалым-ғұламалардың, мұджтахидтердің өз заманына сай діни ілімдерін үйреніп, онымен қарулану біраз уақытты алады әрі мына заманның дұшпандарын бірден жеңе алмайтындықтан Рисалей-Нұр, мұғжизаға толы Қасиетті Құраннан тез қолға түсетін әрі тиімді әрі дін дұшпанын жер жастандыратын іліммен қаруландыратындықтан әлгі мүбарак, қасиеті ірі тұлғалардың кітаптарына жүгініп көмек сұрамайды. Сайып келгенде олардың барлығының бұлағы, қайнар көзі, ұстазы Құран Кәрім ғой. Ал, Құран Рисалей-Нұрдың толыққанды, керемет ұстазы боп табылады. Сонымен қатар уақыттар, санымыз да аз. Сондықтан ол нұрлы кітаптардан пайдалануға уақытымыз болмай жатыр. Әрі Рисалей-Нұр шәкірттерінен жүз есе көп адамдар сол кітаптарды оқып, ол қызметті жалғастырып жатыр. Біз ол істі соларға қалдырдық. Әйтпесе Құдай сақтасын, ол ұлы тұлға ұстаздардың құнды кітаптарын жан тәнімізбен жақсы көреміз. Бірақ әрбіріміздің бір басы, екі қолы, бір ғана тілі бар, қарсы алдымызда жауыз мыңдаған дін дұшпандары бар. Уақыттар. Ең соңғы жойқын заманауи қару Рисалей-Нұрдың дәйекті айғақтары деп білгендіктен амал жоқ соған екі қолымызбен жабысып, қанағат қылдық.