Бұған біздің жауабымыз: Астағфируллаһ, Құдай сақтасын! Рисалей-Нұр және оның шәкірттері Худжат-ул Ислам Имам Газалиды, сондай-ақ, мені Хазреті Алимен байланыстырып тұрған жалғыз ұстазды менсінбеу емес тіпті бар күшімізбен олардың ұстанған сара жолын кәпірлердің шабуылынан сақтап, құтқаруға тырысып жүрміз. Алайда, олардың кезеңінде иман шарттарына мұндай сұмдық қауіпті шабуыл жоқ болатын. Әрі сол кездегі ақиқатшыл ғалым-ғұламалардың, мұджтахидтердің өз заманына сай діни ілімдерін үйреніп, онымен қарулану біраз уақытты алады әрі мына заманның дұшпандарын бірден жеңе алмайтындықтан Рисалей-Нұр, мұғжизаға толы Қасиетті Құраннан тез қолға түсетін әрі тиімді әрі дін дұшпанын жер жастандыратын іліммен қаруландыратындықтан әлгі мүбарак, қасиеті...