Сүннет
June 19, 2020

Түскі ұйқының қандай түрлері бар?

Біріншісі; «Ғайлуле» деп аталады. Ол, таң атып күн шыққаннан кейінгі намаз оқуға болмайтын мәкрух уақыт аяқталғанға дейінгі аралық. Бұл арада ұйықтау ризық-несібенің азаюына, берекесіздікке себеп болатындықтан, сүннетке қайшы әрекет. Себебі, ризық табудың алғы шарттарын орындаудың ең оңтайлы сәті күн салқын мезгіл ғой. Ол уақыт өткен соң бір салғырттық басады. Сол күнгі еңбекке деген ынтаның төмендеуіне, ризықтың азаюына әкеп соқтыратындықтан берекесіздікке себеп болатыны әбден тәжірибеден өткен жағдай Екіншісі;«Фәйлулә» деп аталады. Екінтіден бастап ақшамға дейінгі уақыт. Бұл кезде ұйықтау да өмірдің қысқаруына яғни сол күнгі өмірі ұйқылы-ояу өтетіндіктен берекетсізденіп, рухани тұрғыдан да кеміп кетеді. Сол күнгі өмірдің материалдық-рухани нәтижесі намаздігерден кейін анықталатындықтан, нақ сол кезде ұйықтау, нәтижені көрмеу болып саналатындықтан бейне бір, сол күні өмір сүрмеген секілді болады. Үшіншісі: «Қайлюлә» деп аталады. Бұл ұйқы Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) көркем сүннеті. Сәске мен түс ауған аралықтағы уақыт. Бұл ұйқы түнді ояу өткізуге себеп болғандықтан, сүннет болуымен қатар арабия түбегінде «уақт-ыз зухур» дейтін күннің қайнаған ыстық, тал түс кезінде тынығу жергілікті қауымның әдеті болғандықтан әлгі сүннет амалды одан әрі нақтылай түседі.

Бұндай ұйқы өмірдің ұзаруына және ризықтың молаюына ұйытқы болады. Себебі, жарты сағаттық «қайлюлә» ұйқы, екі сағат түнгі ұйқымен пара-пар екен. Демек, күн сайын өміріне бір жарым сағат қосылып отырады. Ризық табуға, еңбек етуге қосымша бір жарым сағат уақытты өлімнің бір туысы болған ұйқыдан құтқарып, жұмыс уақытына қосады.

* * *

28-лема