Біріншісі; «Ғайлуле» деп аталады. Ол, таң атып күн шыққаннан кейінгі намаз оқуға болмайтын мәкрух уақыт аяқталғанға дейінгі аралық. Бұл арада ұйықтау ризық-несібенің азаюына, берекесіздікке себеп болатындықтан, сүннетке қайшы әрекет. Себебі, ризық табудың алғы шарттарын орындаудың ең оңтайлы сәті күн салқын мезгіл ғой. Ол уақыт өткен соң бір салғырттық басады. Сол күнгі еңбекке деген ынтаның төмендеуіне, ризықтың азаюына әкеп соқтыратындықтан берекесіздікке себеп болатыны әбден тәжірибеден өткен жағдай Екіншісі;«Фәйлулә» деп аталады. Екінтіден бастап ақшамға дейінгі уақыт. Бұл кезде ұйықтау да өмірдің қысқаруына яғни сол күнгі өмірі ұйқылы-ояу өтетіндіктен берекетсізденіп, рухани тұрғыдан да кеміп кетеді. Сол күнгі өмірдің...