Хикмет
July 10, 2020

Орыс полицейіне жауап

Осы оқиғалардан кейін Стамбулда көп қала алмайды. Батуми арқылы Ванға кетіп бара жатып, жолай Тбилисиге соғады. Сол жерде Шейх Санан төбесіне шығып, айналаға зер сала қарап тұрғанында қасына орыс полицейі келіп:

- Неге мұнша тесіле қарап тұрсың? – дейді.
- Медресемнің жобасын жасап тұрмын.
- Қай жерденсің.
- Битлистенмін.
- Бұл жер Тифлис (Тбилиси) қой.
- Битлис пен Тифлис бауыр емес пе?
- Не деп тұрсың?
- Азияда, Ислам әлемінде бірінен соң бірі үш нұр туады. Сендерді үсті-үстіне үш зұлмат қараңғылық сейіледі. Мына диктатуралық режим тас-талқан болады. Сол кезде мен де келіп, осы жерге медресе ашамын.
- Айтады екенсің! Дәмеңнің зорына таң қалып тұрмын. - Мен де сенің ойыңа таң қалып тұрмын. Мына қыс осы қалпы
жалғаса береді деп ойлайсың ба? Әрбір қыстың артынан көктем
келеді. Түн артынан таң атады.
- Мұсылмандар бөлініп-бөлініп кетті ғой.

Бәдиүззаман: Білім алуға кетті. Үндістан - Исламның қабілетті бір баласы. Ағылшынның дайындық курсында сабақ алып жатыр.


Мысыр - Исламның зерек бір перзенті. Ағылшынның басқару мектебінде сабақ алуда.

Кавказ бен Түркістан - Исламның екі батыр ұлы. Орыстың әскери академиясында оқып жүр...


Осы асыл текті перзенттер дипломдарын алғаннан кейін әр
қайсысы бір-бір құрлықты басқарып, ардақты да әділ әкелері
Исламның ақ туын кемелдіктің көкжиегінде желбіретіп, мына
заманға қарсы жүретін болады. Адамзаттың жаратылу сырлары мен
хикметтерін әлемге паш етеді.


72-бет