Үкім
September 2, 2020

Фәтрет дәуірінде (Пайғамбарымыз (С.А.У) келмей тұрғанда) Пайғамбарымыздың аталары қандай дін ұстанды?

Жауап: Хазіреті Ибраһимнен қалған, бірақ ғапылдық пен рухани
қараңғылықтың бүркемелері астында қалып, кейбір кісілердің ұстанымдары
арқылы жалғасып келе жатқан дінді ұстанғандығы жайлы риуаят бар. Хазіреті
Ибраһимнен (А.С) басталып, нәтижеде Пайғамбарымызға (С.А.У) тірелетін
нұрлы тізбектің мүшелері, әлбетте Хақ діннің нұрынан тыс қалмаған,
күпірліктің қараңғылығына жеңілмеген еді.
Ал,
وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتّٰى نَبْعَثَ رَسُولاً

/Исра, 17: 15-Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімге азап қылмаймыз./
сыры бойынша ондай фәтрәт кезеңіндегілер тозақтан құтылады. Иман негіздерінен басқа қателіктерінен сұралмайды. Имам Шафи мен Имам Әшғари күпірге кірсе де, иман негіздерінен ауытқып кетсе де, тозақы болмайтынын айтады.