Жауабы: Өйткені, тағдыр оның өлімін әлгі адамның мылтығымен байланыстырып, жазып қойған. Егер, мылтық атылмады деп ойласаң, онда сен тағдырдың барлық нәрсені қамтитынын жоққа шығарған боласың. Ол кезде, оның өлетінін қайдан білесің? Неге сүйеніп үкім шығардың? Егер де "Жәбри" ағымы секілді, себепке бір бөлек, нәтижеге бір бөлек қарап, әрбіріне жеке-жеке тағдыр бар деп ойласаң, немесе "Муғтазила" ағымы секілді тағдырды жоққа шығарсаң, Әһл-и Сүннет уәл жамағаттан шығып адасқандарға жолдас боласың. Сондықтан біз, Хақ жолындағылардың айтарымыз: "Мылтық атылмаған жағдайда өлімнің болып-болмауы бізге беймәлім". Ал, "Жәбрилер": "Атса да, атпаса да бәрібір өлетін еді" дейді. "Муғтазилалар" : "Атпаса өлмес еді" дейді.
Жауап: Бұл салыстырмаңның қисынсыздығы бірінші ишарадағы салыстырмаңнан да бетер. Өйткені, Христиан діні Хазреті Иса алейһиссаламнан діннің тек негіздерін ғана алды. Шариғаттың қоғамдық өмірге қатысты үкімдерін Иса алейһиссаламның шәкірттері мен рухани көсемдер қалыптастырды. Олардың көпшілігі бұрыңғы киелі кітаптардан алынды. Хазреті Иса алейһиссалам әмірші, сұлтан болмағандықтан қоғамдық өмір заңдарын қалыптастырған жоқ. Мәдени әдеп-ғұрыптар, дәстүрлер Христиандық заңдар есебінде қалды. Өзгеше бейнелер берілді. Ал, бұл бейнелер сыртқы көріністер өзгертілсе де, Иса алейһиссаламнан қалған діни негіздер сақталып қала береді. Хазреті Иса алейһиссаламды жоққа шығармайды. Ал, Ислам діні мен сол шариғаттың Иесі, бүкіл әлемнің мақтанышы...
Бірінші сөз: "Менің қарным тойса болғаны. Басқалар аштан қырылып қалса да шаруам жоқ". Екінші сөз: "Сен жұмыс істе, жемісін мен жейін". Иә, қоғамдық өмірде жоғары топ пен қарапайым халық яғни бай мен кедей, өзара теңдестіктің саясында және таразының екі басын тең ұстау арқылы ғана тыныш өмір сүреді. Ал, мұндай теңдестік орнауы үшін жоғарғы топ төменгі топқа жанашырлық жасап, мейірімділік қылуы және төменгі топтың да жоғары топқа құрмет көрсетіп, бағынуы шарт. Енді, жоғарыда аталған бірінші сөз, жоғарғы топты зұлымдыққа, азғындыққа, мейірімсіздікке итерді.
Жауап: Хазіреті Ибраһимнен қалған, бірақ ғапылдық пен рухани қараңғылықтың бүркемелері астында қалып, кейбір кісілердің ұстанымдары арқылы жалғасып келе жатқан дінді ұстанғандығы жайлы риуаят бар. Хазіреті Ибраһимнен (А.С) басталып, нәтижеде Пайғамбарымызға (С.А.У) тірелетін нұрлы тізбектің мүшелері, әлбетте Хақ діннің нұрынан тыс қалмаған, күпірліктің қараңғылығына жеңілмеген еді. Ал, وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتّٰى نَبْعَثَ رَسُولاً