Хадис
June 19, 2020

Неліктен мұғжизалар шариғаттың үкімдері секілді тәуәтур түрінде, көптеген жолдармен тармақталып жеткізілмеген?


Жауап: Өйткені шариғаттың үкімдеріне халықтың көпшілігі әрқашан
мұқтаж. Ол үкімдер фарз ғайн секілді әр кімге қатысты. Ал әр адам әрбір
мұғжизаға мұқтаж емес. Бір рет естісе жетіп жатыр. Бұл фарз кифайе секілді.
Бірнеше адам білсе жетеді. Міне, сондықтан кейде бір мұғжизаның анық
болғандығы шариғи үкімнен он есе нақтырақ бола тұра оның жеткізушісі
бір-екі адам ғана, ал үкімнің жеткізушілері он-жиырма болуы мүмкін.


19-мектуб,90-бет