Шариғат неге бұл мәдениетті қабылдамайды ?
Өйткені ол бес болымсыз негізге орнатылған. Арқа сүйер жері қара күш. Қара күштің ісі зорлық. Көздегені пайда. Оның ісі басқа біреуге зиян беру. Өмірлік қағидасы күрес. Оның ісі қақтығыс. Адамдар арасындағы байланысы, басқаларды жұтудан нәр алатын нәсілшілдік пен болымсыз ұлтшылдық. Оның апарар жері осындай сұмдық соғыстар. Елітіп әкететін әдістері желіктіру, қоздыру арқылы құмарын қандыру. Ондай желігулер адамды періштелік дәрежеден иттен төмен деңгейге түсіреді. Адамның рухани құлдырауына себеп болады.
Мына мәденилердің ішін сыртқа айналдырсаң, көбісінен қасқыр, аю, жылан, шошқа, маймылдың кейпін көресің. Сондықтан да мына мәдениет адамзаттың жүзден сексенін қиыншылықтар мен әбігерге салып қойды. Он пайызын өтірік(қияли) бақытқа жеткізді. Қалған оны екі ортада қалдырды. Нағыз бақыт – баршаны немесе көпшілікті қамти алатын бақыт. Мыналар азғантай ғана топты қамтып отыр. Адамзатқа мейірім төккен Құран, баршаның немесе көпшіліктің бақытына негізделген мәдениетті ғана қабыл көреді.