Үкім
September 30, 2020

"Шындығында пәлен адамның өлімі түген уақытта тағдырда жазулы екен, жүз-и ықтиярымен мылтық атқан адамның қандай кінәсі бар. Ол атпаса да бәрі бір өлетін еді ғой". Сұрақ: Неліктен олай айтуға болмайды ?.

Жауабы: Өйткені, тағдыр оның өлімін әлгі адамның мылтығымен байланыстырып, жазып қойған. Егер, мылтық атылмады деп ойласаң, онда сен тағдырдың барлық нәрсені қамтитынын жоққа шығарған боласың. Ол кезде, оның өлетінін қайдан білесің? Неге сүйеніп үкім шығардың? Егер де "Жәбри" ағымы секілді, себепке бір бөлек, нәтижеге бір бөлек қарап, әрбіріне жеке-жеке тағдыр бар деп ойласаң, немесе "Муғтазила" ағымы секілді тағдырды жоққа шығарсаң, Әһл-и Сүннет уәл жамағаттан шығып адасқандарға жолдас боласың. Сондықтан біз, Хақ жолындағылардың айтарымыз: "Мылтық атылмаған жағдайда өлімнің болып-болмауы бізге беймәлім". Ал, "Жәбрилер": "Атса да, атпаса да бәрібір өлетін еді" дейді. "Муғтазилалар" : "Атпаса өлмес еді" дейді.