Хикмет
May 20, 2021

Егер де Аллаһ Тағала біздің жаннатқа немесе тозаққа кіретінімізді білсе онда неге бізді жаратты?

Жауабы: Хикметі Адамға белгілі бір міндет, уәзипа жүктелгендігінде.
Адамға жауапкершілігі мол ерекше міндет жүктеліп, арнайы қызметпен жер
бетіне жіберілген. Адамзаттың бүкіл рухани кемелденуі мен қабілеттерінің
түгелдей ашылуы, көрініс табуы, адам болмысының мәнісі, Иләһи көркем
есімдерге толық айна болуы, сол уазипа, сол міндетке тікелей байланысты,
соның нәтижесі. Егер Адам Ата Жәннаттан шықпай мәңгі қалған болса,
онда Ол періште секілді бір қалыпты күй кешіп, адамның зор қабілеттері
ашылмай қалар еді. Ал, үнемі тұрақты жағдайдағы періштелер көп, ондай
құлшылық үшін адамға қажеттілік жоқ.

Шексіз мәртебелерге көтеріле алатын адамзаттың қабілетіне сай бір жер
қажет болғандықтан, Иләһи хикмет болмысы періштелерге ұқсамайтын
адамға өзіне сай белгілі бір күнә арқылы жұмақтан шығарды. Олай болса,
Адам Атаның Жәннаттан шығарылуында шынайы хикмет пен мейірім
болғаны секілді, кәпірлердің де Жәһаннамға түсуі өте орынды және әділдік.

Бір мысал: Қолыңда тауыс құсының жүз жұмыртқасы болса,
жұмыртқа ретінде бес жүз теңгелік құны бар. Сол жұмыртқаларды құрық
болған тауыс құсы басқан кезде сексені бұзылып кетіп, жиырмасынан
жиырма тауыс құсы шықса, «көп жұмыртқа зая болды, бұл іс бұрыс болды,
құрық тауыс құсына жұмыртқа бастыру жамандық болды» деуге бола ма?
Әрине олай емес. Қайта қайырлы нәрсе ғой. Өйткені тауыс құстары төрт
жүз құрыштық құны бар сексен жұмыртқаны жоғалтып, сексен лиралық
құны бар жиырма тауыс құсына қол жеткізді.

Адамзаттың қатары да, Пайғамбарлардың жіберілуімен «тәклиф»
яғни белгілі міндет жүктеу арқылы күресудің саясында, шайтандармен
соғысудың нәтижесінде адамзаттың бетке ұстар жарқын тұлғалары, айы,
күні, жұлдыздары тәріздес жүз мыңдаған Пайғамбарлар мен милиондаған
әулиелер, миллиардтаған Асфиялармен толықты. Әрі саны көп, сапасы жоқ,
бәлесі көп, хайуан түріндегі кәпірлер мен мұнафықтардан тазарды.

Рас, рухани кемелденбеген қарапайым халық арасында тағдырға сенудің
өзіндік орны бар. Ол үмітсіздіктен сақтап, қайғыға төтеп беруге себеп
болады. Яғни, өткен шақ пен бәле­жалаға қатысты тағдырды қолдануға
болар. Ал, бірақ күнәға келгенде немесе келешекке қатысты жағдайларда
қолданса ол адамды азғындыққа не болмаса жалқаулыққа салынуына
себеп болатындықтан орынсыз боп есептеледі. Демек, тағдыр мәселесі
адамды жауапкершіліктен, атқаруы тиіс міндеттен босату үшін емес,
керісінше, мақтанудан, тәкаппарлықтан сақтау үшін, иман негіздері боп
саналады. Жүз­и ықтиярды жамандықтың көзі ретінде қабылдау керек, ол
сол үшін иман негіздерінің арасына кірген. Әйтпесе, оған жақсылықтың
қайнар көзі деп қараса, ол адамды перғауынға ұқсатып, тәкаппар қылып
жіберуі әбден мүмкін.

Бұл сырдың ашылуы үшін мына мысалға қара: Сенің қолыңда бір
айна бар делік. Жерге ұзынша бір таяқ тасталып оның оң жақ ұшын өткен
шақ, сол жақ ұшын келешек деп ойлайық. Қолыңдағы айнаны таяққа
бағыттағанда ол тек қарсы алдын ғана қамтиды. Айна әлгі екі жақты бе­
лгілі мөлшерде ғана, бір тәртіппен қамтығанмен барлығын бірдей қамти
алмайды. Айна жерден қаншалықты төмен болса соншалықты аз көреді.
Бірақ ол айнамен жоғары көтерілген сайын айнаның қамту алаңы кеңейе
түспек. Одан әрі биіктеген сайын екі жақты толық, бірден, бір сәтте қамти­
тын болады. Міне, айна осы жағдайда тұрған кезде оның бетіндегі суретте
төмендегі таяқтың ұзындығы, ол жерде болып жатқан жағдайлар бір­
бірінің алдында, артында немесе кейін немесе сосын, өзара қарама­қайшы
яки сәйкес деп айтылмайды.


Міне, сол секілді тағдыр да Әзәли іліммен болған нәрсе. Сондықтан
Әзәли ілімді егер хадиспен суреттейтін болсақ: "Оның тұғыры биік. Ол ­ биік тұғырдан, әзәлден әбедке дейінгі яғни жаратылыстың басынан соңына дейінгі барлық нәрсенің, болған және болатынның бәрін жаппай қамтитын бір ұлық мақамда" деп бұйырған екен. Біз және біздің ой­-пікіріміз оның
тысына шығып өткен шақты толық қамтитын алып айна тәріздес бола
алмасы анық.

Қорытынды: Адамның азғана қалауы мен жүз­и ықтияры яғни таңдау
еркі негізінде өте әлсіз, болмашы бір нәрсе, ол салыстырмалы түрдегі бір
іс. Бірақ өте дана, шексіз хикмет иесі Хақ Тағала сол әлсіз шағын қалауды
өзінің шексіз қалауымен ұштастырып, оны қарапайым бір шарт ретінде қылған. Яғни, мағына түрінде былай дейді: "Ей, құлым! Ықтиярыңмен
қай жолды таңдасаң, сені сол жолда жүргіземін. Бірақ, жауапкершілік
сенің мойныңда".